Абдуллина г. К


Афференттік моторлы афазия



Pdf көрінісі
бет14/80
Дата21.02.2024
өлшемі1.97 Mb.
#492611
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   80
Абдуллина-Г.К.-Тілдік-кемістіктер-себептері-мен-қалыпқа-келтіру

Афференттік моторлы афазия бас ми қыртысының төбеден төменгі 
және тұрақты орталық бөлімдерінің қосымша аймағында орналасқан артқы 
орталық немесе Ролланд аймағы зақымдануынан пайда болады. 
Афференттік моторлы афазияға тән ерекшелік - күрделі буындардың 
құрамын таңдаудағы қиындықтар. Аурулар тұйық буындарды екі ашық 
буынға бөлшектейді, буындағы дауыссыздардың тіркесіп қатар келген 
жерін бөлшектейді, дауыссыз дыбыстарды түсіріп қалдырады. Сондықтан 
да «тон, жаз,мал» сөздерін «то-н, жа-з, ма-л» деп айтады. Зақымданудың 
немесе инсульттің алғашқы кезеніңде афферентті афазияда сөйлеу тілін 
түсінуі өрескел бұзылатындығы байқалады. Бірақ ол көпке созылмайды, 
инсульттан кейінгі бір немесе бірнеше тәуліктен кейін ауызекі сөйлеу 
тілін,жеке сөздердің мағынасын, жеңіл-желпі нұсқауларды түсініп 
орындауы қалпына келеді.
Эфферентті моторлы афазия. Түзу, уақытша ұйымдасқан қимыл бас 
ми қыртысының алдыңғы аймағында іске асырылады. Матасудың қатаң 
заңына бағынатын сөйлемдегі сөздердің, буындардың,дыбыстардың 
синтагматикалық тұтас синтаксикалық ырғақ-мағыналық бірлігі тізбектелуі 
пайда болады. Мысалы:«сабақ» деген сөздегі дыбыстардың реттік қатары 
міндетті түрде тек солай тұруы керек. Эфферентті моторлы афазия орталық 
ми тамырларының сол жағындағы тармақтарының зақымдауынан пайда 
болады.
Өрескел бұзылған эфферентті моторлы афазияның алғашқы кезеңінде 
ми қан айналымы бұзылғаннан кейін өзінің сөйлеу тілі мүлде болмай қалуы 
мүмкін. Афазияның бұл түріндегі сөйлеу мүшелері аппаратының жеке 
дыбыстарды қайталауында қиналмайды,керісінше буындардың немесе 
дыбыстардың көп сериясын қайталауда қиналатындығы байқалады. 
Динамикалық афазия ми сынарларының сөйлеу тілінің маңдай арты 
бөлімінің сол жағындағы орталық үстемділік жүйкесі зақымданған кезде 
пайда болады,немесе үшінші функционалды блок деп аталады.Ол блок 
сөйлеу тілі қызметінің белсенділігін,реттеуін және жоспарлауын қамтиды. 
Афазияның бұл түріндегі сөйлеу тілінің негізгі ақаулығы сөзді қиналып 
айтатындығы,ал кейде емін-еркін белсенді сөйлеуге мүмкіндігі мүлде 
болмайтындығы. Динамикалық афазияда жекелеген дыбыстар дұрыс 


35 
айтылады, сөздерді және қысқа сөйлемдерді артикуляциясының 
қиындығынсыз қайталайды,бірақ сөйлеу тілінің қызмет қатынасы әйтседе 
бұзылыды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет