Абдуллина г. К


-ші тапсырма. «Ер адамның суретін салу» әдістемесі



Pdf көрінісі
бет49/80
Дата21.02.2024
өлшемі1.97 Mb.
#492611
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   80
Абдуллина-Г.К.-Тілдік-кемістіктер-себептері-мен-қалыпқа-келтіру

1-ші тапсырма. «Ер адамның суретін салу» әдістемесі. 
Орындау ережесі: «Сіздер күнделікті көптеген ер адамдарды көріп 
жүрсіңдер. Солардың сырт пішінін еске түсіріндерші. Енді ер адамның 
суретін салыңдар». 
Ер адамның суретін салғанда балалар осы кейіпкерді ойына түсіріп 
сол қиялын бейнелеу бойынша салады. 
Бағалау шкаласы.
Суретте адамның басы, мойны, денесі, аяқ-қолы салынған, басы мен 
денесінің пропорциясы сақталған, шашы, бет мүшелері толық көрсетілген, 
үстіне ер адамның киімі кигізілген болса, фигура біртұтас болып салынса -
1 ұпай деп бағаланады. 
Басы, бет мүшелері, денесі, аяқ қолы салынған, бірақ шашы, мойны, 
қолының бір саусағы жетіспесе 2 ұпай. 
Басы, денесі, аяқ-қолы салынған, ал шашы, мойны, құлағы, киімі, 
саусақтары салынбаған болса - 3 ұпай. 


107 
Өте қарапайым, дене мен басты жобалаған сурет - 4 ұпай. 
Денені анық көрсетпеген, бас пен қолдың белгісі бар суретке - 5 ұпай. 
2-ші тапсырма. «Әріптерді көшіріп салу» әдістемесі. 
Тапсырманың үлгісі салынған парақ балаларға таратылып беріледі. 
Оның бетінде алты әріптен тұратын сөз жазылған. Балаға тапсырманы 
орындау тәртібі түсіндіріледі: «Мына парақта әріптер жазылған, оны дәл 
осындай етіп көшіріп сал. Әріптерді толық салып болғанша қаламды 
парақтың бетінен алма». 
Бағалау шкаласы. 
Көшіріп салынған әріптер үлгіге өте ұқсас, әріптердің үлкендігі 
үлгіден екі еседен аспайды, бірінші әріп басқалардан үлкенірек болып 
салынған (бас әріптің белгісі тәрізді) және олар горизонталды сызық 
бойымен жазылғанға жақын болып түссе бұл жұмысқа - 1 ұпай қойылады. 
Үлгі анық көшірілген, әріптер размері және горизонталдық орналасуы 
нашар - 2 ұпай. 
Көшіру барысында сөзді үш-төртке бөліп жазған, төрт әріпке дейін 
түсінуге болады - 3 ұпай. 
Үлгіге ең болмаса екі әріп ұқсаған, көшірме бір қатарға түсірілген деп 
айтуға болады - 4 ұпай. Шимайлар - 5 ұпай. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет