Абдуллина г. К


-ші тапсырма. «Бір топ нүктелерді көшіріп салу» әдістемесі



Pdf көрінісі
бет50/80
Дата21.02.2024
өлшемі1.97 Mb.
#492611
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   80
Абдуллина-Г.К.-Тілдік-кемістіктер-себептері-мен-қалыпқа-келтіру

3-ші тапсырма. «Бір топ нүктелерді көшіріп салу» әдістемесі. 
Балаға бір топ нүктелер (саны 20 дан аспауы керек) геометриялық 
фигураның пішініне ұқсатып салынған парақ беріліп, тапсырманы орындау 
шарты түсіндіріледі: «Мына параққа қара. Оның бетінде нүктелер 
салынған. Осындай суретті дәл қасына көшіріп сал». 
Үлгіні дәл қайталаған, сурет кішірейтілген болуы мүмкін, бір нүкте 
қатардан кішкене шетке шыққан - 1 балл. 
Нүктелер саны мен орналасуы үлгіге сай, екі-үш нүкте қатардан 
шығып кеткен - 2 балл. 
Контуры үлгіге ұқсас, бойы мен кеңдігі үлгіден екі есеге дейін үлкен, 
кеңістікте 180 градусқа дейін бұрылған - 3 балл. 
Контуры үлгіге ұқсамаған бірақ фигура нүктелерден тұрады - 4 балл. 
Шимайлар - 5 балл. 
Барлық тапсырмалар орындалғаннан соң психолог парақтарды 
жинап алып оны бағалап шығады. Әр баланың үш тапсырмадан жинаған 
баллдарын бір-біріне қосып, жалпы суммасы шығарылады. Нәтижесіне 
қарай балалардың мектепке даярлығы өте төмен, төмен, орта, жақсы, 
жоғары деп бағаланады. Бұл тапсырмаларды орындау барысында 
балалардың нәзік қимыл әрекеттерінің үйлесімділігі, үлгі бойынша 
тапсырманы орындай алатындығы, психикалық әрекеттерінің ырықтылығы 
сипатталады. 
Баланың оқу әрекеттерін зерттеу 
Мектепке баратын баланың ақыл-ойының оралымдылығын, 
логикалық ойлауының көрініс бергенін, математикалық ұғымдардан 
хабардарлығын, кеңістікті бағдарлауын, зейіні, қабылдау, есте сақтау 


108 
процесін анықтау үшін қолданылатын тестер алуан түрде жасалған. 
Оларды орындату барысында баланың таным процестерін бағалаумен 
қатар сол зерттелінген қасиеттер дамытылады. Сондықтан, тапсырманы 
орындауға қиналған балаларға ең бірінші оның фрагменттерін орындату 
арқылы, біртіндеп, қажетті дағдыны қалыптастырып алу керек. Бала 
жаттығуды орындауға икемделгеннен соң оны басынан аяғына дейін толық 
орындатуға болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет