105
9. «Өз жұбыңды тап». Үстел үстінде бір немесе бірнеше бірдей заттық
бейнесімен картинкалар орналасқан, балалар ұнатқан картинканы
алып, содан кейін логопедтің белгісі
бойынша бір балада бір заты
бар, ал екіншісінде жұптарға бөлінеді. Содан кейін балалар өз
картинкасындағы суретті атайды.
10. «Күзгі гүлшоғырды жина». Топта ағаш өсіп тұр, оған күзгі
жапырақтар контурлары ілінеді. Олардың кері жағында тексерілген
дыбыс бар суреттер салынған. Балалар топта серуендеп, (күз туралы
әсем ән) музыка тыңдайды. Балалар тез ғана жапырақтарды алып,
логопедке жақындайды. Содан кейін әрбір бала
өзінің
жапырағындағы суретті атайды.
Сөздің буындық құрылымын тексеру
Фонетико-фонематикалық жетілмеуі
бар балаларда көп буынды
сөздерді айтқан кезде бұзылыстар болу мүмкіндігін ескере отырып,
логопед суретте бейнеленген әрекеттер қатарын ұсынады. Олар:
1. Қарбыз, қолшатыр, құлпынай.
2. Ормандағы жолбарыстар, шалбар, автобус.
3. Жапырақ, балапан, боксшы.
4. Логопедтің соңынан сөздерді қайталайды: құрылысшы, транспорт,
мереке, шаңғы, аспазшы, домбыра.
Дыбысты дыбыстау кезінде 10 әдістеме қолданылды («Керісінше»,
«Жұмбақты сандық», «Шыршамызды безендірейік», «Өз жұбыңды тап»,
«Күзгі гүлшоғырды жина», «Сиқырлы қақпақ», «Вертолина», «Сиқырлы
ромашка гүлі», «Кім байқағыш», «Балық аулау»).
Фонематикалық естуді тексеруде 5 әдістеме қолданылды («Тыңда
және көрсет», «Кім ең байқағыш», «Тыңда және қайтала», «Буратино
сыйлықтары», «Саяхат»).
Әртүрлі сөйлеу бұзылыстарының салдарынан баланың ана тілінде
дыбыстау жүйесі қалыптасуының бұзылуы
фонетикалық-фонематикалық
кемістіктер деп аталады. Баланың фонематикалық қабылдау қабілеті
қалыптасуының жеткіліксіздігінен лексикалық-грамматикалық дамуы да
кешеуілдейді. Баланың дұрыс сөйлей алмауы тілі мен мінез-құлқындағы
ерекшеліктеріне және жетекші әрекетіне - ойынға да әсер етеді.
Срндықтан логопедиялық сабақтарда ойынды - ойын терапиясы ретінде
қолдану арқылы жағымды жетістіктерге жетуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: