Абдуллина г. К



Pdf көрінісі
бет52/80
Дата21.02.2024
өлшемі1.97 Mb.
#492611
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   80
Абдуллина-Г.К.-Тілдік-кемістіктер-себептері-мен-қалыпқа-келтіру

Нәтижесін бағалау. 
Бірінші жаттығу бағаланбайды. Келесі жаттығуларды бағалағанда 
тапсырманың психологтың айтуы бойынша орындалған бөлігі мен 
балалардың өз бетімен орындаған өрнектері бөлек бағаланады. 
Бағалау шкаласы; 
 ою-өрнек дәл орындалса - 4 балл (қолы дірілдегені, жұмыс лас 
орындалғаны қате деп есептелмейді); 
 бір сызық дұрыс жүргізілмесе - 3 балл; 
 бірнеше қате жіберілсе - 2 балл; 
 кейбір элементтері ғана нұсқауға сай келсе - 1 балл;
 ешқандай ұқсастық болмаса - 0 балл; 
 бала жұмысты өз бетімен жалғастырса оның салған өрнектері осы 
шкала бойынша бағаланып онда жинаған ұпайлар жалпы баллға 
қосылады
Баланың әр тапсырманы психолог сөзі бойынша және өз бетімен 
орындағандарының баллдарын қосу арқылы қорытынды бағасы 
шығарылады. Жалпы бал 0 (ең төменгі көрсеткіш) ден 16-ға (ең жоғарғы 
көрсеткіш) дейін болады. Жоғары көрсеткіштер баланың сөзбен 
түсіндірген тапсырманы орындай алатындығын және майда қимыл 
әрекеттерінің жетілгенін көрсетеді. 
А.Л.Венгердің «Үлгі мен ереже» әдістемесі 
Мақсаты: баланың сөзбен айтылған ережеге, үлкендер қойған 
талапқа түсінуін, тапсырманы дұрыс орындауын және бейнелі ойлау 
қабілетінің даму деңгейін бағалау. 
Тапсырманы орындату үшін алдын ала оны орындауға арналған 
белгілер түсірілген парақтар даярланады. Парақтың артқы бетіне баланың 
аты-жөні, жақсы жазылады. 
Балаларға тапсырма беруден алдын оларға орындау тәртібі 
түсіндіріледі. Психолог қолына үлгі парақты алып оның бетіне салынған 
бұрышты иректі балаларға көрсетіп тұрып тапсырманы орындау ережесін 
түсіндіреді: «Сендердің қолдарында дәл осындай парақ бар. Парақ бетінде 
бірнеше белгілер салынған еді. Оларды бір-бірімен қосқаннан соң мына 
сурет шықты (қаламмен үшбұрыштың бұрыштары көрсетіледі және 
оларды бір-бірімен қосып түрған қабырғалардың ұзына бойы көрсетіледі) 
Осы парақтың бетінде тағы бірнеше белгілер бар. Өздерің оларды бір-
бірімен қосып, дәл осындай сурет салып шығарыңдар (үлгі және бір рет 
көрсетіледі) Бұл жерде артық белгілер бар, оларды сызықпен қоспай, 


110 
тастап кетіңдер. Енді парақтағы белгілерге жақсылап қарап алыңдар. 
Олардың барлығы бірдей ме?» 
Тапсырманы балалар жақсылап қарап шығып, белгілер әртүрлі 
екенін айтқаннан соң, психолог түсіндіруін жалғастырады: «Дұрыс, олар 
шеңбер, қиықша және шаршы болып келеді Енді мына ережені есте 
сақтаңдар: екі бірдей белгілер арасына сызық жүргізуге болмайды (екі 
шеңбер, екі шаршы, екі қиықшаларды бір-бірімен қосуға болмайды) Қазір 
үлгі бойынша парақ бетіндегі белгілер арасын сызықпен қосып мына 
фигураны шығарыңдар (үлгі көрсетіледі) Егер қате сызсаңдар оны маған 
айтыңдар, мен ол сызықты өшіріп беремін. Бір фигураны салып болғаннан 
соң айтылған ереже бойынша келесі суретті салыңдар (ереже 
кайталанады)». 
Тапсырма түсіндірілгеннен соң балалар оны орындауға кіріседі. 
Жұмыс барысында психолог балардың тапсырманы орындауға ынтасын 
көтеріп, дұрыс жасағандарды мақтап, қажеттілік туғанда ережені қайталап 
отырады. Бірақ ешқандай қосымша нұсқаулар берілмейді. Барлығы алты 
тапсырма орындалады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   80




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет