Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


зорлау немесе сексуалдық сипатындағы күш колдану әрекеттерімен ұштаскан адам өлтіру



Pdf көрінісі
бет153/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

зорлау немесе сексуалдық сипатындағы күш колдану әрекеттерімен ұштаскан адам өлтіру 
(ҚК-тің 99-бабы, 2-тармағының «10» тармақшасы) 
Бұл тармақта адам өлтіруді саралайтын екі дербес жагдай көзделген (зорлауды жэне жыныстық 
катынас сипатындағы эрекетті олардың ұксастыгына орай бір жагдай ретінде біріктіруге болады). 
Басқа қылмысты жасыру мен оны жасауды жеңілдету өздерінің мазмұны бойынша бір-бірінен 
айырмашылығы бола тұрса да, көп жағдайларда өзара қабаттасып байланы- сып тұрады. Негізінде 
кінэлі жасалып болган қылмысты жасыру үшін немесе оны жа- сауды жеңілдету үшін адам өлтіреді 
(оны жасағанга дейін немесе жасау үстінде). Адам құқық қоргау органдарына белгісіз өзі жасаган 
қылмысты жасырады. 
Зорлаумен ұштасқан қасақана адам өлтіруді зорлау процесінде немесе оны жасы- ру мақсатында, 
сондай-ақ зорлау кезінде қарсылық көрсеткені үшін кек қайтару үшін жасалган адам өлтіру деп 
түсіну керек. Бұл жагдайда өз алдына дербес екі қылмыс жасалады. Сол себепті саралау Қылмыстық 
кодекстің 99-бабының 2-тармағының «10» тармакшасы бойынша жэне Қылмыстык кодекстің 120-
бабының тиісті тармагы бойын- ша жүргізіледі. Егер бұл кылмыстардың біреуі аяқталмаган болса
онда саралау кезінде Қылмыстык кодекстің 24-бабына сілтеме жасалады. 
Адам өлтіру тек қана зорлаумен емес жэне сексуалдық сипатындагы күш көрсету әрекетімен де 
үштасуы мүмкін. Мұндай әрекетке еркек пен еркектің, әйел мен әйелдің жыныстык катынасы 
жэбірленушіге немесе баска адамдарға жәбірленушінің дәрменсіз жагдайын пайдалана отырып күш 
қолданумен немесе оны қолданумен коркытып жасалған жыныстық катынас сипатындағы өзге де 
әрекеттер жатқызылады. Егер мұндай әрекеттерді жасау процесінде немесе оларды жасыру үшін 
немесе оларды жасау кезін- де қарсылық көрсеткені үшін адам өлтірген болса, онда зорлау кезіндегі 
сиякты екі қылмыстың жиынтығы бар екендігі белгілі (ҚК-тің 121-бабы жэне 99-бабының «10» 
тармақшасы). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет