276
жасау немесе өзге жалпы қауіпті тәсілмен коркыту, бүл коркытудың іске асатындығына қауіптенудің
жеткілікті негіздері бар екендігі арқылы сипатталады.
Заңда қорқытудың нақты түрлері - (өлтіру,
денсаулыққа ауыр зиян келтіру, адамның жеке
басына күш көрсету, мүлікті өртеу,
жарылыс жасау, жалпыға кауіпті тәсілді колдану) нақты
көрсетілген. Қорқытуды білдіру тәсілі сан алуан (ауызша, жазбаша, белгі беру немесе үшінші бір
адам арқылы сәлем айту, белгілі бір нақты әрекеттер жасау) болуы мүмкін.
Қылмыстық жауаптылықтың негізгі шарты - жогарыда көрсетілген
қорқыту тәсіл- дерінің іске
асатындыгына қауіптенудің жеткілікті негіздері бар екендігі болып табыла- ды. Мүндай негіздер эр
түрлі факторларды есепке ала отырып нақты жағдайларға байла- нысты шешіледі: кінэлінің қорқыту
әрекеттерін жасау тэсілдері,
оның кару-жарағының болуы; жеке тұлғасының ерекшеліктері (бұрын
сотталгандыгы, эмоциялык жай-күйі, т.с.с.). Қылмыс формальдық қүрамга жатады жэне ондай
коркытулар жәбірленушіге мэлім болған уақыттан бастап аяқталған деп танылады.
Егер өлтіремін
деген қорқыту қару-жарак сатып алумен ұштасса, онда кінәлінің әрекеті кісі өлтіруге даярланғандық
болып табылады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет
әр түрлі болуы мүмкін, ол жаза тагайындалғанда есепке алынады.
Қылмыстың субъектісі - 16-ға толган адам.
Достарыңызбен бөлісу: