324
бойынша жауаптылык белгілеген. Қазакстан Республикасынын Қылмыстык кодексінде жұмыскерді
жеке
пигылмен жұмыстан заңыз босату, соттың жұмысты кайта калпына келтіру туралы шешімін
орындамау, сондай-ак азаматтардың кұкыктары мен занды мүдделеріне елеулі зиян келуіне әкеп
соккан еңбек туралы зандарды өзге де бұзу үшін жауаптылық көзделген (152-баптың 1-тармагы).
Қылмыстык кұкык бұзушылықтың объектісі болып азаматтардың еңбек құқығын бұзу болып
табылады. Объективтік жагынан алганда еңбек жөніндегі заңды бұзу эрекет немесе әрекетсіздік
аркылы жасалады. Қылмыстық кұкык бұзушылыктың кодекстің осы 152-бабында еңбек туралы
заңдарды елеулі бұзудың мынадай үлгі тізбегін көрсетіп отыр:
1. Жұмыскермен еңбек шартын заңсыз тоқтату. Заңца көрсетілген негіздерден тысқары
жагдайда
кызметкерді жұмыстан шығару заңсыз болып табылады. Егер лауазымды адам заңсыз, жұмыстан
шыгаруға негіз болмаса да өз жеке басының мүддесін көздеу ниеті- мен өзін сынаганы үшін
кекшілдікпен, өзара ұрыс-керістің салдарынан, босаған жұмыс орнына өз танысын немесе туысын
орналастыру максатын көздеп, адамды жұмыстан шығарса қылмысты жауаптылыкка тартылады.
2. Жұмысты кайта қалпына келтіру туралы соттың шешімін орындамауы. Яғни кінэлі адам
қылмысты түрде
әрекетсіздік жасап, соттың кайтадан жұмыска алу туралы заңды күшіне енген
шешімін орындамайды. Бұл жерде қылмыстық құқық бұзушылық екі бір- дей объектіге: еңбек
құқына жэне әділсоттылық мүддесіне кол сұгады.
3. Қазақстан Республикасының еңбек туралы заңнамасын өзге де бұзу деп еңбекке дұрыс ақы
төлемеуді, жұмыс уақытының ұзақтығын дұрыс сактамау, демалыс беруден бас тарту,
жұмысқа
алудан негізсіз бас тарту, жекелеген қызметкерге заңды белгіленген жеңілдіктерді колданудан бас
тарту, тагы осы сиякты эрекеттер жатады.
Жоғарыда көрсетілген еңбек туралы заңдарды бұзу - қызметкерді жеке пигылмен жұмыстан
заңсыз босату; жұмысты қалпына келтіру туралы соттың шешімін орындамау; еңбек туралы заңды
өзге де бұзу эрекеттері мен әрекетсіздігінен азаматтардың құкықтары мен заңды мүдделеріне елеулі
зиян келтірілуі қажет. Елеулі зиян болғанда гана іс-әрекет кылмыстык кұқық бұзушылық қатарына
жатады. Елеулі зиянның мөлшерін сот-тергеу органдары нақты
жағдайларга карап отырып
анықтайды. Әдетте елеулі зиянға - адамның елеулі мөлшерде материалдық, моральдық зардап шегуі,
ұзак уақыт, негізсіз жұмыссыз қалуы, денсаулыгына зиян келтірілуі т.с.с. жатады.
Қылмыстык құқык бұзушылық құрамы материалдық. Еңбек туралы заңдарды бұзу нәтижесінен
заңда белгіленген зардап орын алғанда ғана қылмыс аяқталған деп табы- лады. Субъективтік
жагынан бұл қылмыс касаканалықпен жасалады. Кінәлі адам өзінің әрекетімен еңбек жөніндегі
заңды өрескел бұзғанын сезеді жэне осыны тілеп істейді. Бұл жерде қылмыстык ниет эр түрлі
(мысалы, сынаганы үшін кектену, осы орынға өзіне қажетті адамды орналастыру т.б.) болуы мүмкін.
Қылмыстық құқық бұзушылық субъек- тісі болып тек қана мсмлекеттік немесе мемлекеттік емес
аппаратқа жұмысқа алу немесе жұмыстан шыгару құқы бар лауазымды адамдар танылады.
Әйелмен оның жүктілігі себебі бойынша еңбек шартын жасаудан негізсіз бас тарту немесе
онымен еңбек шартын негізсіз токтату немесе үш жасқа дейінгі баласы бар әйелді нак сол себеппен
жұмысқа қабылдаудан негізсіз бас тарту немесе жұмыстан босату, сондай-ак мүгедек адамды оның
мүгедектігі үшін кәмелетке толмаганды оның кәмелетке толмагандығы
себепті жұмысқа
қабылдаудан негізсіз бас тарту немесе негізсіз жұмыстан босату — осы қылмыстың ауырлататын
түріне жатады (152-баптың 2-тармагы). Бұл жерде кылмыстың жәбірленушісі - жүкті әйел немесе үш
жасқа дейінгі баласы бар әйел немесе мүгедектермен кәмелетке толмагандар болады.
Объективтік жағынан қылмыстық қүқық бүзушылык занда көрсетілген адамдарды: 1) жүмысқа
қабылдаудан негізсіз бас тарту; 2) немесе негізсіз жүмыстан босату арқылы көрініс табады.
Қылмыстық қүкык бүзушылық осы әрекеттердің біреуін жасаган сәттен бастап аяқталған деп
танылады. Қылмыс күрамы формальдык. Субъективтік жағынан қылмыстық қүқық бүзушылык
тікелей касақаналыкнен істеледі. Кінэлі адам екіқабат немесе үш жасқа дейінгі баласы бар әйелді,
325
мүгедек адамды кәмелетке толмағандарды негізсіз жүмысқа алудан бас тартады немесе осы
адамдарды негізсіз жүмыстан босата- тынын сезеді жэне соны жүзеге асыруды тілейді.
Қылмыстық күқық бұзушылық ниет- мүндай адамдарға заңда
белгіленген жеңілдіктер мен
артықшылықтарды бергісі келмеу т.б. жатады.
Қылмыстык құқық бұзушылықтың субъектісі арнаулы - жүмысқа алу немесе одан босатуға
кұкығы бар лауазымды адамдар (меншік нысанына қарамастан).
Қылмыстық қүқық бүзушылықтың кодекстің 152-бабының 3-тармағында басқару кызметін
атқарушы адамның ақша каражатын өзге мақсаттарға пайдаланумен байланы- сты жалақының толық
көлемінде жэне белгіленген мерзімде төленуін бірнеше рет кідір- туі үшін жауаптылық белгіленген.
Ақша қаражатын өз мақсатына пайдалануына байла- нысты заңда белгіленген мерзімнен екі немесе
одан көп рет жалакыны беруді себепсіз кідіртуді бірнеше кідірту деп айтамыз. Қылмыстык кұкық
бүзушылықтың субъектісі баскару қызметін аткаратын лауазымды адамдар (меншік нысанына
қарамастан).
Достарыңызбен бөлісу: