Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


-  6 а п. Қылмыстық кодекстің міндеттері



Pdf көрінісі
бет4/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

2- 
6 а п. Қылмыстық кодекстің міндеттері 
Қылмыстык кодекстің 2-бабына сәйкес қылмыстық заңдардың міндеттері: 
1. Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен занды мүдделерін, меншік- ті, 
ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тэртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, 


15 
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен 
мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұгушылықтан қорғау, бейбітшілік пен 
адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ак қылмыстардың алдын алу болып табылады. 
2. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін осы Кодексте қылмыстық жауаптылық негіздері 
белгіленеді, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін қауіпті қандай эрекеттер қылмыстық құқық 
бұзушылықтар болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшін жазалар мен өзге де 
қылмыстық құқықтық ықпал ету шаралары белгіленеді делінген. 
Жаңа Қылмыстық кодексте қоғамның саяси, экономикалық жэне әлеуметтік өмірінде орын алған 
сапалық өзгерістер еске алынган. Яғни, азаматтардың жеке басы, олардың құқықтары мен 
бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау бірінші кезекке қойылган. Қылмыстық-құқылық корғау 
объектісінің қатарына коғамдық тэртіп пен қауіпсіздік жэне қоршаған ортаны қоргау, 
Республиканың конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің 
заңмен қорғалатын мүдделерін кылмыстык кол сүгушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың 
қауіпсіздігін корғауды қамтамасыз ету міндеттері енгізілген. Ягни, қылмыстық қүқықтың негізгі 
міндеті қылмыстык қүқықтық қүралдардың көмегімен заңда көрсетілген осы маңызды объектілерді 
қорғау, қылмыстылықпен барынша пәрменді күрес жүргізу болып табылады. Қылмыстык күкык 
бүзушылык гуралы зандарда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру үшін Қылмыстык кодекс 
қылмыстық қүқык бүзушылык үшін жауаптылықтың негізін белгілейді. Яғни, кылмыстық заңда 
көрсетілген іс-эрекеттерді істеген адам осы заңда белгіленген негізде ғана жауапқа тартылады. Ол 
үшін қылмыстық заң жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшін кандай қауіпті іс-әрекеттер қылмыстық 
қүкык бүзушылық болып табылатынын белгілейді жэне оларды кінэлі түрде істегендерге жазалар 
мен өзге де кылмыстық- қүкылық ықпал ету шараларын белгілейді. Жаңа Қылмыстық кодекс 
бүрынгы кодекске қарағанда ізгілік принципі басшылыққа алынып, коғамға онша кауіпті емес іс-
әрекеттер жасағандарга оларды қоғамнан оқшауламайтын жаза түрлерін (түзеу жүмысы, шартты 
жаза, міндетті жүмыс, шын жүректен өкінуіне немесе тараптардың келісімге келуіне байланысты 
қылмыстық жауаптылықтан босату) қолдануға кең жол ашылған. Мүндай ізгілік қағидалар 
қылмыспен күресуге пәрменді эрі тиімді жағдай туғызады. 
Қылмыстык кұкықтың міндеттері қылмыстылықтың жағдайы мен деңгейіне де тіке- лей 
байланысты. Ұзак жылдар бойы орын алған әміршілдік-әкімшілік, тоталитарлык жүйе, жеке адамға 
табыну, токырау жэне кайта қүру кезеңдерінде кылмыстылық өрши түсті. Нарыктык экономикаға 
көшудің киын процестері, экономикалык дағдарыстар, қогам мүшелерініц едәуір бөлігінің өмір сүру 
деңгейінің қиындауы, өтпелі кезеңге байланысты қоғамдағы орын алып отырған жұмыссыздык, 
жоқшылык, кұкык қорғау, қүкық колдану органдарының да жүмысын қиындата түсті, 
кылмыстылыктың сандық жэне сапалық жағынан өсу карқыны үдеді. Бүрын жүртқа беймәлім 
үйымдасқан, кэсіптік, банк жүйесіндегі кылмыстық қүкык бұзушылықтар кең етек алды. Жалпы 
қылмыстылық күрылымында тұрақты үйымдаскан қылмысты қүрылымдар жетекші рол атқаруда. 
Үйымдасқан топ пен қылмыстык бірлестіктердің істеген ауыр қылмыстарының саны осе түсуде. 
Кісіні касакана өлтіру, денеге ауыр жарақат түсіру, бөтеннің мүлкін қарақшылықпен тонау, ұрлау 
немесе алаяқтық жолмен талан-таражға салу, бандитизм, контрабанда сияқты қылмыстардың саны 
арта түсті. 
Қылмыстылықтың санын азайтуда мемлекет тарапынан жүзеге асырылып жаткан кең көлемдегі 
саяси, экономикалыкжэне әлеуметтік шаралардың маңызы зор. Экономикалык реформаны дүрыс 
жүргізу, нарықтық экономикаға кең жол ашылу, өндірістің кұлдырауын токтатып, еңбекті дүрыс 
үйымдастыру, оның өнімділігін арттыру, жұмыссыздықты жою, коғам мүшелерінің өмір сүру 
кажеттілігін тиісті деңгейге көтеру, қүқықтық реформаны заман талабына сай іске асыру 
мемлекеттің алға қойған осы саладағы міндеттерін жүзеге асыруына кепілдік берді. 
Қылмыстық заңның басты міндеттерінің бірі - кылмыстан сақтандыру болып табы- лады. 
Қылмыстық қүкық жалпы жэне арнаулы сактандыру функцияларын жүзеге асы- рады. Жалпы 


16 
сактандыру қылмыстык заң арқылы кез келген қылмысты істеуге тый- ым салу, нақты кылмысты 
істеген адамдарға әділ жаза тагайындауды белгілеу арқылы жүзеге асырылады. Арнаулы сактандыру 
қылмыстық заң тыйым салған әрекет немесе эрекетсіздіктерді істеген адамға кылмыстык-күкыктык 
нормалар арқылы белгіленген тиісті ықпал ету шараларын қолдану ретімен іске асырылады. 
Қылмыстык кұқыкка, сондай-ак, тэрбиелік функция да тэн. Қажетті кылмыстык зандардын 
болуы, оның іс жүзінде эділ колданылуы, азаматтардың, олардың қүқыктары мен бостандыктарының 
қорғалуы, кылмыстық құқық бұзушылык істеген адамның лайықты қылмыстык жауаптылыққа 
тартылуы азаматтарды заңды құрметтеуге тэрбиелейді жэне олардың заңға деген сенімділігін 
арттырады. 
Қылмыстық кұқыққа тэн тағы бір функция бар. Ол - көтермелеу функциясы. Мұндай функция 
азаматтардың қылмысқа қарсы күрес саласындағы белсенділігін арттыра- ды. Қылмыстық заңдарда 
мемлекеттің, қоғамның мүддесін, өзінің немесе басқаның мүддесін қорғауга, мысалы, қажетті 
қоргану, мэжбүрлі қоргану, сондай-ак пара берген адамның осы жайында шын жүректен ерікті түрде 
мәлімдемесі болса, олар қылмыстык жауапка тартылмайды деген нормалар бар. Бүл нормалар 
көтермелеу функциясының нақты қолданылатындығын көрсетеді. Қылмыстық заң, сондай-ақ, 
қылмыстық саясатты жүзеге асырудың да қүралы болып табылады. Қылмыстык саясат элеуметтік 
саясаттың бір бөлігі, оның негізгі мазмұны - қылмыстык заңдарды қолданудың міндеттерін, 
қылмыстан сақтандырудың тиімді жолдарын табу, қылмыспен күресуде заңдылық прин- циптерін 
қатаң сақтау. Ауыр қылмыс істегендерге қолданылуга жататын қылмыстық қүқықтық шараларды 
жетілдіру, ал керісінше қогамға онша қауіпті емес қылмыс істеген- дерге қоғамнан оқшауламай-ақ 
қолдануга жататын шараларды белгілеу болып табылады. 
Қылмыстық қүқық өзінің алға қойган қорғаушылық, сақтандырушылық және тәрбиелік 
міндеттерін тек қана белгілі бір кылмыстық-қүкықтық принциптерді сақтау аркылы гана жүзеге 
асыра алады. 
Қылмыстық-қүқықтық принциптер - заң шығарушыга, гылымға, кұқық қорғау жэне қолдану 
органдары мен азаматтарға қылмыспен қарсы күрес жүргізу саласындағы қажетті, негізгі және 
міндетті ережелердің көрінісі болып табылады. 
Заңдылық қағидасы Парламент немесе Президент кабылдаған қылмыстық заңның 
қүқықколданутәжірибесіндеде,заңнормаларынқабылдаусаласындада,сөзжоқ,үстемдік ету арқылы 
көрініс табады. Бұл корініс бірнеше қүқықтық талаптардың жиынтығынан қүралады. Оның біріншісі 
- Республика Қылмыстық кодексінің халықаралық қылмыстық құкықтың жұрт таныған принцигітері 
мен нормаларын басшылыққа алуы болып табыла- ды. 
Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабының үшінші тармағында Респуб- лика 
бекіткен халықаралық шарттардың республика зандарынан басымдығы болады деп көрсетілген. 
Адам қүқыктары жөніндегі 1948 жылғы Жалпыга бірдей декларация, 1986- 1989 жылғы Вена 


17 
келісімі, наркоманияға жэне террорлық актіге карсы күрес туралы халықаралық Конвенция жэне осы 
сиякты басқа да халықаралық қүжаттар халықаралық аймақта істелетін қылмыстар үшін жауаптылық 
белгілейді. Мысалы: 1986 жылғы Вена келісімінде көптеген халықаралық қылмыстык-күқықтык 
нормалар белгіленіп, кеңеске катысушы елдерге ұсынылган. Осы келісімнің «Қағидалар» деген 
тарауыныц 106, 107 баитарында террорлыкка карсы күрес, 23-бабында БҰҰ кабылдаган 
түтқындармен карым-катынастың төменгі стандартты ережелерін сақтау; сондай-ак БҰҰ бекіткен 
ла- уазымды адамдардың құкық тэртібін сақтаудагы мінез-қүлқы жөніндегі Кодекс туралы; 23б-
бабында адамды оның қүқыгын бүзатын психиатриялық немесе басқадай дәрігерлік тәжірибеден 
қоргау; 24-бабында өлім жазасын колдану туралы қылмыстық заңды колдану жөніндегі үсыныстар 
туралы мэселелер көрсетілген' 
Тәуелсіз Қазакстан Республикасы осындай халықаралык күқық нормаларын қастерлейді жэне 
осындай халықаралық шарттар Республикада бекітілген уақыттан бас- тап басшылыкка алынады. 
Зандылық кагиданың екінші бір талабы - кылмыстық заңның Конституциялық заңга негізделуі 
болып табылады. Конституцияда көрсетілген негізгі ережелерді кылмыстык заң сөзсіз басшылыққа 
алуы тиіс. Өйткені Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар жэне Республиканың бүкіл 
аумағында ол тікелей қолданылады (4-бап, 2-тармак). Мысалы, Конституцияның 15-бабының 2-
тармагында өлім жазасы ерекше ауыр кылмыс жасаганы үшін ең ауыр жаза ретінде заңмен 
белгіленеді делінген. 17-бапта адамның қадір-касиетіне кол сүгылмайтыны, ал 16-бапта әркімнің 
жеке басының бостандыгына қүкы бар екендігі көрсетілген. Қылмыстық кодекстің көптеген баптары 
осы Конституциялық заңдарга негізделіи қабылданған. Заңдылық принциптерінің тагы бір талабы 
«арнайы заңда көрсетілмейінше кылмыс та, жаза да жоқ» деген түжырымға негізделген. Зандылық 
принциптерінің осы талабына сэйкес жазба, жария түрде қа- былданган кылмыстык заң кылмыстық 
кұкыктың негізгі кайнар көзі болуга тиіс. Барлық кылмыстық-күкыктык нормалар бірыңгай жүйеге 
келтіріліп, Қылмыстық кодекске бірік- тірілуі қажет. Қылмыстық құкық бұзушылык үшін 
жауаптылыкты көздейтін өзге заңдар оларды осы Кодекске енгізгеннен кейін гана колданылуга тиіс 
(ҚК-нің 1-бабы). 
Қылмыстық занды ұксастыгы бойынша қолдануға жол берілмейді (ҚК-нің 4-бабы). Адамның 
ойы, пигылы, дүниетанымы, көзқарасы Конституциялык нормаға қаншалықты кайшы келсе де ол 
белгілі бір нақты іс-әрекетпен ұштаспаса, қылмыс ретінде каралуға тиіс емес. Қоғамга кауіпті, 
қылмыстық заңга кайшы, кінэлі іс-әрекеттер заң шыгарушы орган арқылы кылмыстык кұкык 
бүзушылық деп табылады. Қылмыстык кұкық бүзушылық пен жаза туралы мәселелер қылмыстык 
заңдарда тікелей корсетіледі жэне оларга тиісін- ше заңдылық анықтама беріледі. Қылмыстық заңда 
арнайы көзделмеген ретте адамның іс-әрекеті кылмыска жатпайды. Қылмыстык қүқык бүзушылық 
жок жерде жаза да бол- майды. 
Қылмыстық құкыктың екінші бір принципі - азаматтардың заң алдындагы теңдігі бо- лып 
табылады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 14-бабының 1-тармағында - заң мен сот 
алдында жүрттың бэрі тең деп аталган. Қылмыстық кұкык бүзушылық жасаған адам оның тегіне, 
әлеуметтік, лауазымдык және мүліктік жағдайына, нәсіліне, үлтына, саяси сеніміне, жынысына, 
біліміне, тіліне, дінге қатынасына, кәсібінің түрі мен сипатына, сондай-ақ тұргылыкты жеріне және 
басқа да жагдайларға қарамастан жауаптылыкка тартылады. Бұл кағида жаңа ҚК-тің 15-бабының 3-
бөлігінде арнайы көрсетілген. Азаматтардың кылмыстық заң алдындағы теңдігі істеген кылмысы 
үшін кылмыстык жауаптылыққа жэне жазага тартылуы болып табылады. Бүл жерде заң алдындагы 
тендікті бір түрлі кылмыс істеген кінэлі адамдардың барлыгына бірдей етіп жаза тагайындау деп 
түсінбеу кажет. Жаза кінэлінің кылмысының ауырлығы мен түріне, 
2
оның жеке басының 
қасиеттеріне, жауаптылықты ауырлататын немесе жеңілдететін мэн-жайларға байланысты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет