18
дараланып тағайындалады. Қылмыстык құқық бұзушылык істеген адам
тек қана қылмыстық заңда
көрсетілген негіздерге сәйкес қылмыстық жауаптылықтан немесе жазадан босатылуы мүмкін. Жасы
кәмелетке толмағандар және жүкті немесе емшекте жас балалары бар әйелдерге, кэрі адамдарға
қылмыстық күқык бұзушылық істеген баска субъектілерге қарағанда ізгілік қағидасы басшылыкка
алына отырып, жеңілдеу жаза тағайындалуы мүмкін.
Қылмыстық құқықтың үшінші бір принципі - жауаптылықтан құтылмайтындык прин- ципі. Бұл
принцип бойынша эрбір кез келген адам лауазымдық, басқа да жағдайларға карамастан өзі істеген
қылмысы үшін сөзсіз, міндетті түрде жауапты болады. Яғни, колымен істеген қылмысты мойнымен
көтереді. Бұл үшін қылмыстық-құқықтык жауаптылықты белгілейтін заң нормалары тайға таңба
басқандай анық түсінікті болуы керек. Сөйтіп, ол істелген қылмыстық құқық бұзушылық үшін нақты
жауаптылықты айкындау қажет. Жауаптылықтан құтылмайтындык принципінің жүзеге асырылуы
үшін бұл өте керек. Сондай-ак осы принциптің жүзеге асырылуы құқық қорғау және кұқық қолдану
органдарына үлкен міндет жүктейді. Тәжірибе көрсетіп отырғандай,
көптеген кылмыстардың
ашылмай, кінәлі адамдардың жазасыз қалуы, жасалған қылмыстардың тіркелмеуі, тіркелген
қылмыстардың біразының ашылмауы осы принциптің жүзеге асырылуындағы келеңсіз көріністерді
көрсетеді. Мұның өзі құкық корғау органдары кызметкерлерінің кәсіптік деңгейінің, азаматтардың
кылмыспен күресудегі белсенділік дәрежесінің, қолданылып жүрген заңдардың әлі де болса
пәрменділігі жеткіліксіздігінің көрінісі болып табылады. Бұл жерде
айтылатын басты мәселе сол
қылмыстық құқық бұзушылық істеген адам ерте ме, кеш пе бәрібір қылмыстық жауапқа тартылады,
заң бойынша тиісті жазасын алады. Бұл қағиданың түпкі мәні осында.
Қылмыстық заңның төртінші принципі - жеке жауаптылығы кағидасы болып табыла- ды. Адам
өзінің кінәсі анықталған жағдайда ғана қоғамға қауіпті әрекеттер (әрекетсіздік) және бағытталған
кауіпті зардагітар үшін ғана кылмыстық жауапқа тартылады. Бұл прин- ципке сәйкес адам өзінің
жеке істеген немесе қылмысқа бірлесіп қатысуы арқылы істеген қылмысы үшін сол адамның өзі
дербес, жеке жауапты болады. Жеке жауаптылық принци- піне сәйкес кылмыстың субъектісі болып,
есі дұрыс, занда белгіленген жасқа толған жеке адам танылады. Мұндай тұлғаны қылмыстык
кұқықта қылмыстык субъекті деп атайды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі заңды
тұлғаларды қылмыс субъектісі деп танымайды. Материалдық, моральдык немесе баска жағынан
келтірілген зияндары үшін тек азаматтар ғана қылмыстық заңға сәйкес жауапқа тартылады.
Қылмыстық кұқықтың бесінші принципі кінәлі жауаптылық принципі болып табыла- ды. Бұл
қағиданың мэні сол, кінәсіз қылмыс та болмайды дегенді білдіреді. Қылмыстық жауаптылыкта оны
істеген адамның іс-әрекетінде
кінэ болған жағдайда ғана, яғни кылмыс істеген адамның өзінің іс-
әрекетіне қасақаналық немесе абайсыздық түрде біл- дірген саналы, психикалық катынасы жата‘ды.
Іс-эрекеттің зардабы қанша ауыр болса да, егер ол кінэсіз жағдайда істелсе, ол қылмыс болып
табылмайды. Кінәсіздік пен зиян келтіру - қылмыстык кұқық бұзушылық емес, оқыс оқиға болып
саналады (ҚК-нің 23- бабы).
Кінәнің түсінігі Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің арнаулы баптарында берілген (19, 20,
21,22-баптар).
Қылмыстық құқыктың алтыншы принципі әділеттілік принципі болып табылады. Бұл
принциптің мәнісі сол, қылмыстык жауапқа жэне жазаға іс-әрекетінде кылмыстың кұқык бұзушылық
құрамының толық белгілері бар адамдар тартылуы керек.
Негізсіз, дэлелсіз кылмыстык кұкық
бұзушылықтар үшім жауаптылыққа жол берілмейді. Бұл қагиданып жүзеге асырылуы үшін ең
алдымен қылмыстык заңның өзінін эділ болуы және істеген қылмысы үшін сот тагайындаган
жазаның және қылмыстық-қүқық ықпал ететін өзге ша- ралары соган саіі әділ болуы керек. Қогам
мүшелерінің, халықтың шын еркін білдіретін когамдық мүддеге сай, әлеуметтік қажеттілікке сай
қабылданган заңдар гана эділетті болып табылады. Қылмыстық занды қабылдау кезінде кеткен
агаттыктар, қогамга қауіпті іс-эрекеттерді дер кезінде қылмыс катарына қоспау немесе ондай
қогамға қауіптілігі жоқ іс-әрекеттерді қылмыстык күқық бұзушылық катарынан алып тастамау да
19
заңның эділетсіздігін корсетеді. «Маңызы болмағандықтан қогамдық қауіпті емес, яғни жеке адамга,
қогамга немесе мемлекетке зиян келтірмейтін қылмыстар» деген Қылмыстык ко- декстегі (10-бап, 4-
бөлігі) қағиданы басшылыққа алып, қылмыстық құкык бүзушылык
заңның колданылуындагы
эділетсіздіктерге жол берілмеуі керек. Қылмыстық қүқық бүзушылык қүрамының барлық белгілері
бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың негізі болуы тиіс. Әділеттілік қагидасының жүзеге
асырылуы әділ жаза тагайындауға тіке- лей байланысты. Сот эділ жаза тагайындау үшін қылмыс
істеген кінәлі адамга жазаны даралауга негіз беретін: іс-әрекетінің когамга қауіптілігінің мэні мен
дәрежесін, кінэлінің жеке басын, жауаптылықты жеңілдететін жэне ауырлататын мэн-жайларды,
қылмыстың істелуінің себептерін есепке ала отырып, оның түзелуіне және қайтадан қылмыс істеме-
уіне қажетті жэне негіз болатын, әділетті жаза тағайындауы керек.
Әділеттілік принципі бойынша бір қылмыс үшін ешкімді де қайталап қылмыстык жауапқа және
жазаға тартуга болмайды (4-бап).
Қылмыстық қүқыктагы тағы бір принцип - ізгілік принципі болып табылады. Ізгілік принципінің
жүзеге асырылуы ең алдымен қылмыстық заң арқылы азаматтардың жеке басын, олардың өмірін,
денсаулығын, қүқықтарын қылмыстық қол сүгушылықтан қорғау аркылы көрініс табады.
Жаңа Қылмыстык кодекстің 2-бабында адам мен азаматтың жеке басы, олардың құқыктары мен
бостандыктары қылмыстык кұқық қоргайтын объектілердің ең
алгашқыларының бірі ретінде
көрсетілген. Қылмыстык заң әрбір азаматқа қажет болған жагдайда қоргануга күқык береді, іс-
әрекеттің кылмыстылығын жоятын мүндай мэн- жайлар қылмыстык кұкык бүзушылык болып
саналмайды. Қылмыстық заңның бұл нормасы әрбір азаматтың әлеуметтік белсенділігін арттыруға
озінің Конституциялық қүқыктары мен бостандықтарын, мүддесін батыл қоргауға тікелей жагдай
туғызады. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде азаматтардың өмірін, денсаулыгын, ар-намы-
сын, олардын Конституциялық құқықтары мен бостандықтарын
қоргауга арналган ар- наулы
тараулар бар.
Қылмыстык құкыктагы ізгілік принципі - кылмыстық заңды бүзган адамдарга да қолданылады.
Қылмыстык жазаның мақсаты әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ак сотталгандарды
түзеу болып табылады. Жаза тән азабын шектіруді неме- се адамның адамгершілік намысына тиіп,
қадір-қасиетін корлау мақсатын көздемейді. Жаза жүйелерінің көпшілігі сотталган адамды бас
бостандығынан айырмайтын жаза түрлерінен қүралган. Ату түріндегі өлім жазасы заңда көрсетілген
реттерде ерекше ауыр қылмыстар үшін ғана колданылады. Қылмыстық зан ізгілік қагидасын
басшылыққа ала отырып, қылмысты он сегіз жаска толмай істеген адамдарга, сондай-ак эйелдерге
және сот үкімі шыгарган сәтте алпыс үшке толған еркектерге және ол жастан асқан еркектерге ату
жазасы тағайындалмайды.
Ізгілік принципі жазаның өтелмеген бөлігін жазаның негүрлым жеңіл жаза түрімен
ауыстыру
(73-бап), шын өкінуіне байланысты кылмыстык жауаптылыктан босату (65-бап), жүкті әйелдердің
жэне жас балалары бар әйелдердің жазаны өтеуін кейінге калдыруы (74-бап), ауруға шалдығуына
байланысты жазадан босату (75-бап), шартты түрде соттаудың күшін жою (64-бап), рақымшылык
немесе кешірім жасау актісі (78-бап) арқылы да жаңа Қылмыстық кодексте заңдылық көрініс тапқан.
Ізгілік кағидасы негізінде жаңа Қылмыстық кодексте кәмелетке толмағандардың қылмыстық
жауаптылығы деген арнаулы бөлім берілген (VI бөлім). Мүнда кәмелетке толмағандардың жас
мөлшері, психологиялық даму деңгейі, жеке басының өзге де ерек- шеліктері ескеріліп,
олардың
жазасы жеңілдетілуі немесе олар жазадан босатылуы да мүмкін. Ізгілік қағидасын дүрыс іске асыру
қылмыстык заң міндеттерін жүзеге асырудың алғышарты болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: