Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015


 Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2003. № 3, 18-бап



Pdf көрінісі
бет3/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   678
Ағыбаев қылмыстық

1
 Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы 2003. № 3, 18-бап. 


11 
қарауында болады (56-бап, 1-тармақ). Қазақстан Республикасы Конституциясының 
54- 
бабының 1) тармақшасына сәйкес заңдар Парламент Палаталарының бөлек отыры- сында 
эуелі Мәжілісте, одан кейін Сенатта өз кезегімен қаралып қабылданады. 
Президент Парламент Сенаты үсынган заңға бір ай ішінде кол кояды, заңды халықка жария етеді 
не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауыска салу үшін қайтарады (44-
бап, 2) тармакша). Республика Президентінің қарсылығын туғызған зандар немесе зан баптары 
бойынша ол карсылық жіберген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауыска 
салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сакталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын білдіреді. Егер 
Парламент эр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің көпшілік дауысымен бұрын 
қабылданған шешімді растайтын болса, Президент бір ай ішінде заңға кол кояды. Егер Президенттің 
қарсылығы еңсерілмесе, заң қабылданбайды немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданады 
деп есептелінеді (54-бап, 2) тармақша). Конституцияның 
53- 
бабының 4) тармақшасында көзделген ретте Республика Президенті заңдар шығарады, ал 61-
баптың 2-тармағында көзделген ретте Республиканың заң күші бар Жарлықтары шығарылады. 
Бұрын қолданылған Қазакстан Республикасының Қылмыстық кодексі 1997 жылы шілденің 16-сында 
қабылданды. Жаңа Қылмыстык кодекс 2014 жылы 3-шілде- де кабылданды. Қылмыстық кодекс 
дегеніміз барлык кылмыстық заңдардың белгілі бір жүйеге келтірілген жиынтығы болып табылады. 
Кодексте қылмыстық кұқықтың жалпы ережелері мен принциптері, қылмыстық-құқықтык 
катынастарды реттейтін жэне қандай қоғамға кауіпті іс-эрекеттердін кылмыс болып табылатынын 
аныктайтын ұғымдар, қылмыс істеген адамдарга қолданылуы мүмкін жазалар белгіленеді. 
Қылмыстық ко- декс Жалпы жэне Ерекше бөлімнен тұрады. Қылмыстық кодекстің Жалпы белімінде 
жоғарыда айтылған қылмыстық құқықтың жалпы ережелері, міндеттері, қылмыс пен жазаның 
түсінігі, кылмыс пен жазаны жоятын мән-жайлар, кодексте камтылған кейбір ұгымдарды түсіндіру т. 
б. мәселелер қарастырылады. Жалпы бөлімнің баптары өзара бір-бірімен тығыз байланыста болады. 
Мысалы, жауаптылыкты жеңілдететін жэне ауыр- лататын жағдайлар жаза тагайындауда жэне 
шартты жазаны қолдануда міндетті түрде есепке алынады. 
Ерекше бөлімде жекеленген нақты кылмыс түрлері үшін жауаптылық және жаза бел- гіленген. 
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі бірнеше тарауларға бөлінген. Әр тарауға бір объектінің 
маңыздылығына қарай тиісінше орын берілген. Қылмыстық заңның заң шығарушының еркін 
білдіретін белгілі бір техникалык ережелерге негізделген өзіндік кұрылымы бар. Қылмыстық-
кұқылық нормалар мазмұнына қарай үш түрлі топқа бөлінеді: 
I. 
Декларативті -
яғни, қылмыстық құқыктың жалпы міндеттерін айқындайтын нор- малар 
(Қылмыстық кодекстің 2-бабы). 
II. 
Анықтаушы
- яғни, қылмыстық құқықтың түсінігі мен жекеленген институтта- рына 
айқындама беретін нормалар (Қылмыстык кодекстің 9-бабы - қылмыстық құқык бұзушылык ұғымы). 
III. 
Арнаулы -
япіи, нақты қылмыс құрамына және оған тағайындайтын жазаға сп- паттама 
беретін нормалар (мысалы, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі, барлык накты, жекелеген 
қылмыс құрамдары). Қылмыстык кодекстің Жалпы бөлімінің бабы өзінің кұры.іысы жағынан 
Ерекше болімдегі баптың кұрылысынан өзгеше болады. Жалпы бөлімнің бабы тек кана 
диспозициядан құралса, ал Ерекше бөлімнің бабында дисиозицияға коса санкция да болады. 
Қылмыстык Кодекстің Ерекше бөлімінің баптары 
топтық
жэне 
түрлік
болып екі- ге болінеді. 
Топтық баптар біртектес қылмыстардың ортақ және соларға тэн бел- гілерін аныктайды. Мысалы, 
Қылмыстык кодекстің 3-бабы 6-тармағында - әскери кылмыстардың түсінігі берілген. 3-бабы 16-
тармағында жауапты мемлекеттік лауазым- ды атқаратын адамының іүсінігі айтылған. Топтык 
баптардың түсінігі эр түрлі тарауда орналаскан, эр түрлі қылмыс топтарын бір-бірінен жіктеуге 
мүмкіндік береді. Түрлік баптар бойынша занда көрсетілген жекелеген қылмыстың белгілері және 
осы кылмысты істегенде кандай жаза тагайындалу керек екендігі көрсетіледі. Қылмыстық кодекстің 
Ерекше бөлімінің баптары диспозициядан жэне санкциядан құралады. Кодекстің Ерек- ше бөлімі 
бабындағы қылмыстың атауын жэне оның белгілеріне сипаттама беретін жагын диспозиция деп 


12 
атаймыз. Мысалы, Қылмыстық кодекстің 120-бабындагы эйелді зорлаудың диспозициясы былай: 
«зорлау, жәбірленушіге немесе баска адамдарга күш колданып немесе қолданбакшы болып 
корқытып, не жәбірленушінің дэрменсіз күйін пайдаланып, жыныстык катынас жасау» деп 
корсетілген. Диспозицияның төрт түрі бар: 
I. Жай диспозиция. Жай диспозиция кылмысты іс-әрекеттің атын гана айтып кояды, оның 
нақты белгілерін ашып көрсетпейді. Жай диспозиция қылмысты іс-эрскеттің мазмұны оның 
белгілері ашып көрсетілмегеннің өзінде жеткілікті түрде түсінікті болган жагдайда колданылады. 
Мысалы, 99-баптагы «Адам өлтіру», 188-баптағы «Ұрлық». 
II. Снпаттамалы диспозиция. Қылмыстың барлық белгілерін заңның озінде нақтылап 
корсететін диспозицияны сипаттамалы диспозиция деп атаймыз. Жай диспозицияга караганда 
кылмыс құрамын айкындайтын сипаттамалы диспозицияның артықшылыгында дау жоқ. 
Сипаттамалы диспозицияга 176-бапта көрсетілген тыңшылық жасау құрамы мысал бола алады. 
Мұнда тыңшылык жасау аталып кана қоймай, оған «мемлекеттік немесе эскери кұпияны құрайтын 
мәліметтерді шетелдік мемлекетке, шетелдік ұйымга немесе олардың өкілдеріне беру, сол сияқты 
оларга беру мақсатында жинау, ұрлау немесе сақтау, сондай-ақ шетелдік барлаудың тапсырмасы 
бойынша өзге де мәліметтерді Қазақстан Республикасының сыртқы кауіпсіздігі мен егемендігіне 
зиян келтіре отырып пайдалану үшін беру немесе жинау, егер осы эрекеттерді шетелдік азамат 
немесе азаматтыгы жоқ адам жасаса» деп толык түсінікті сипаттама беріп отыр. 
III. Бланкеттік днспозиция. Бланкеттік диспозиция бойынша бапта көрсетілген накты 
қылмыстың құрамын аныктау үшін баска заңдарга немесе нормативті актілерге, үкімет қаулылары 
мен жарлыктарына, бұйрықтар мен ережелерге, нұсқауларға жүгіну кажет. Яғни, кылмыстық заңның 
талаптарының бұзылуы орын алғандығы туралы мәселені шешу баска зандармен немесе нормативті 
актілермен анықталады. Мысалы, Қылмыстык кодекстің 344-бабындагы темір жол, әуе немесе су 
көлігі козғалысы мен оларды пайдалану қауіпсіздігінің ережелерін бұзуы. Бұл қылмыс кұрамын 
анықтау үшін көлік кұралдарының осы түрлерінің қауіпсіздігі мен пайдалану ережесін реттейтін 
тиісті нормативті актіні басшылыкқа алу кажет. Егер осы сияқіы бланкеттік нормалар- ды ҚК-нің 
өзінде тізіп көрсете берсек, сонда Кодекс баптарының көлемі тым ұлгайып, оны пайдаланудың өзі 
қиынга түсер еді. Мысалы, тау-кен немесе кұрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде кауіпсіздік 
ережелерін бұзудың (277-бап) өзі осы баптың диспозициясына көптеген киын эрі күрделі ережелер 
мен бүйрыктарды көрсететін жазуды талап етер еді. Сондыктан да заң шығарушы мұндай реттерде 
бланкеттік диспозицияны пайдаланудың тиімділігіне жол беріп отыр. 
IV. Сілтемелі диспознция нақты қылмыс кұрамын аныктайды. Бұл диспозиция бойынша 
қайталап жатпау үшін қылмыстың осы кұрамын аныктаған кылмыстық заңның тиісті бабына, 
баптың тармағына сілтеме жасайды. Мысалы, Қылмыстык кодекстің 
143- бабында кэмелетке толмаған адамды Қазақстан Республикасының шегінен тыскары жерге 
заңсыз әкетуді алайық. Онда баптың 3-бөлігінде осы баптың бірінші немесе екін- ші бөліктерінде 
көзделген, қылмыстық топ жасаған іс-эрекеттер делінген. Бұл жер- де осы құрамға қатысты болатын 
- кәмелетке толмаған адамды республика шегінен тысқары жерге әкету (1 бөлім), пайдакүнемдік 
немесе өзге де жамандык ниетпен не адамдар тобының алдын-ала сөз байласуымен жасалған деген 
ұғымға қатысы болатын құрамдарды қайталап жатпас үшін, заң шығарушы сол ұғымдарға анықтама 
берілген баптарға тиісінше сілтеме жасап отыр. 
Қолданып жүрген Қылмыстық кодексте санкцияның екі түрі көрсетілген. Салыстырмалы-
айқындалган (относительно-определенно) және балама (альтерна- тивные). Салыстырмалы-
айқындалған санкция жазаның мөлшерін белгілі бір шектен шықпайтындай етіп реттейді. Кейбір 
реттерде бапта жазаның ең жоғарғы шегі ғана көрсетіледі. Мұндай жағдайда жазаның ең төменгі 
шегі қылмыстық құқықтың жал- пы бөлімінің ережелеріне сәйкес: бас бостандығынан шектеу үшін - 
1 жыл мерзім деп есептеу керек. Көп жағдайларда қылмыстық заң нормаларында жазаның төменгі 
жэне жоғарғы шегі көрсетіледі. Мысалы, адам өлтіру, яғни басқа адамға құкыққа карсы қасақана 
қаза келтіру - сегіз жылдан он бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады 


13 
делінген (99-бап, 1-бөлігі). Санкцияның мұндай түрі жазаны дара- лап тағайындауға зор мүмкіндік 
туғызады. Балама санкция Қылмыстық кодекстің Ерек- ше бөлімінің тиісті бабындагы жазаның екі 
немесе одан да көп түрінің біреуін қолдануға мүмкіндік береді. Өзінде соз ауруы бар екендігін білген 
адамның оны баска адамға жұқтыруы бір жүз айлық есептік көрсеткішке дейін мөлшерде айыппұл 
салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз жиырма сағатқа дейінгі мерзімге коғамдық 
жұмыстарға толған не қырык бес тәулікке дейінгі мерзімге камауға алынуға жазалана- ды деп 
көрсетілген (117-бап, 1-бөлігі). Балама санкциялар сотқа кінәлі адамға бірнеше жазалардың ең 
эділін, тиімдісін таңдап алуға жол береді. 
Қылмыстык заңды түсіндірудің мәнісі, сол заңды дұрыс қолдану үшін оның мазмұны заң 
шығарушының заң еркіне сайма-сай етіп, ашып көрсету болып табылады. Занды заң шығарушының 
еркіне сайма-сай, дәлме-дәл қолдану үшін оның мазмұнын ашып көрсетуді қылмыстық заңды 
түсіндіру деп білеміз. Қылмыстық занды түсіндіру субъек- 
тісіне. әдісіне жоне колеміне қарай түсіндіруге байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді. Занды 
түсіндіретін субъектісіне байланысты түсіндіру - аутентикалық, легальды (рес- ми). соттык, гылыми 
(доктриналлық) болып бөлінеді. Заң бойынша құзыретіне сэйкес заң шыгарушы органның өзінің 
заңга түсіндірме беруін аутентикалық түсіндіру дейміз. Аутентикалық түсіндірудің заңдылык күші 
бар жэне ол жалпыга бірдей. Аутентикалык түсіндіруді заң шыгарган органның өзі жүзеге асырады. 
Ресми ашык түсіндіру деп - заң бойынша өзіне жүктелген осы міндетті атқаруга кұзыретті органның 
заңға түсіндірме беруі айтылады. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес қылмыстық 
заңды қабылдайтын, оған түсінік беретін орган Парламент болып табылады. Конституциялык кеңес 
Конституцияның нормаларына ресми түсіндірме береді (72-бап). Ресми түсіндірме барлык 
мемлекеттік органдар, жеке тұлғалар, лауазымды адамдар жэне ұйымдар үшін міндетті түрде 
орындауга жататын заңдылык күші бар құжат болып табылады. Сот түсіндірмесі деп кылмыстык заң 
нормаларын каралатын істер бойынша дұрыс колдануға берілетін түсіндірмесін айтамыз. Сот 
түсіндірмесінің нормативті күші бар, оны орын- дау баршаға міндетті. Сот талқылауын жүзеге асыру 
Қазакстан Республикасы Жогарғы Сотының құзыреті болып табылады. Мысалы, Республика 
Жоғарғы Сотынын 2007 жылғы 11 мамырдағы «Зорлау жэне өзге де нәпсікұмарлық» сипаттағы күш 
колдану әрекеттерімен байланысты қылмыстарды саралаудың кейбір мәселері туралы» № 4 нор- 
мативтік қаулысында зорлаудың, ауыр зардаптардын, жәбірленушінің дәрменсіздігін, топ болып 
зорлау сиякты ұғымдардың мағынасы ашылып, осы жөніндегі заңдарды қолдануда соттарга тиісінше 
түсіндірмелер берілген. Қазақстан Республикасы Конституциясының 31-бабына сәйкес 
Республиканың Жоғарғы Соты азаматтық, қылмыстық және жал- пы сот ісін жүргізудің соттарда 
каралатын өзге де істер женіндегі Жоғарғы Сот орга- ны болып табылады, заңда көзделген іс жүргізу 
нысандарында олардың кызметін кадагалауды жүзеге асырады. Сот тәжірибелері бойынша 
түсініктемелер беріп отыра- ды. Ғылыми (доктринальды) түсіндіру деп ғылыми мекемелердің, 
заңгер-ғалымдардың, кұкық қолдану жэне құкық қоргау кызметкерлерінің заңға беретін 
түсіндірулерін айта- мыз. Мұндай түсіндірулер гылыми мақалаларда, монографияларда, 


14 
оқулыктарда, заңға түсіндірмелерде кездеседі. Ғылыми түсіндірудің қылмыстық заңдарды заман 
талабына сай жетілдіріп, оны дұрыс қолданудагы маңызы ерекше, бірак мұндай түсіндірудің рес- ми 
заңдылык күші болмайды. Мұндай түсіндірулер ғылыми пікір, ой, ұсыныс ретінде қабылданады. 
Әдісіне қарай түсіндіру грамматикалык немесе филологиялық, жүйелі және тарихи түсіндірулер 
болып бірнеше түрге бөлінеді. Заңның мазмұнын грамматикалық, синтак- систік, этимологиялық 
ережелердің көмегі арқылы кылмыстык заңда қолданылатын жекелеген терминдердің, сөздердің 
және анықтамалардың мәні мен мағынасын ашып көрсетуді грамматикалық немесе 
филологиялықтүсіндірме деп атаймыз. Түсіндірудің бұл эдісі көбінесе қылмыстык занда 
колданылатын жекелеген терминдердің, түсініктердің, атаулардың мәнісін ашып көрсетуде жиі 
пайдаланылады. Мысалы, Қазақстан Республи- касы Жогаргы Сотының 2007 жылғы 11 мамырдағы 
«Адамның өмірі мен денсаулығына қарсы кейбір кылмыстарды саралау туралы» № 1 нормативтік 
қаулысында пайдақорлык ниетпен кісі өлтіру деген терминге грамматикалық түсіндірме берілігі (5-
тармақ), онда өзіне немесе басқа біреуге материалдык пайда келтіру (акша, зат, мүлік, тұрғын үйге 
ие бо- лып калу кұкығы, үшінші жактан ақы алу т. б.) яғни, материалдык шығыннан құтылу, акы 
алып біреуді өлтіру, пайдақорлык ниетпен касақана кісі өлтіру болады деп түсіндірілген. 
Қылмыстык заңнын мазмұны, онын кылмыстык зан жүйесіндегі алатын орнын, сондай- ак оны 
мазмұны жагынан ұксас заңдардан салыстыра отырып, ажыратуды жүйелі түрде түсіндіру деп 
айтамыз, ягни жүйелі түсіндіру арқылы эр түрлі қылмыстык заң норма- лары мен оның бөліктері 
салыстырыла отырып, бір-бірінен ажыратылады. Мысалы, қылмыстык құкық бүзушылық әрекетінен 
кісі өлімі болған кінэлі адамның іс-әрекетін дұрыс саралау үшін Қылмыстық кодекстегі 99-104-
баптардың жүйелі, салыстырмалы түрде зерттеліп түсіндірілуі арқылы кінәлінің іс-эрекеті тиісті бап 
бойынша сараланады. Республикада қылмыстық заңды қабылдауға негіз болган әлеуметтік-
экономикалық, сая- си жағдайларды түсіндіруді тарихи түсіндіру дейміз. Көлеміне қарай қылмыстық 
заңды түсіндіру дәлме-дэл (буквальный), тар көлемдегі жэне кең көлемдегі болып келеді. 
Заңның өзінің мэтіні мен заң нормаларының оның мазмұнына және мәнісіне, оның сөйлем 
құрамына тура келуін дәлме-дәл түсіндіру деп айтамыз. Заң нормасындағы өз мэтініндегі дәлме-дәл 
көрсетілгеннен гөрі, тар магынада, тар шеңберде колдануға мағына беретін түсіндіруді заңда тар 
мағынада түсіндіру деп айтамыз. Мысалы, Қылмыстык кодекстің 132-бабында көрсетілген жасы 
кэмелетке толмаған адамды қылмыстық іске тар- туды алып қарайық. Жалпы ереже бойынша бұл 
қылмысты істегені үшін жауаптылыққа сырттай қарағанда 16 жаска толған адамдар тартылуы керек 
сиякты. Бірақ бұл қылмыс істегені үшін тек 18-ге толған адамдар гана қылмыстық жауаптылыкка 
тартылады. Себе- бі: заң нормасының атауы - жасы кәмелетке толмағандарды қылмыс істеуге тарту 
деген сөздің мағынасы бұл қылмысты тек кәмелетке, яғни 18-ге толгандар гана істей алатынын 
көрсетеді. Яғни, заң нормасы осыған орай тар мағынада түсіндіріліп отыр. 
Кең көлемдегі түсіндіру деп заңға дәлме-дәл түсіндіруден гөрі кең мағына бе- ретін және осы заң 
нормасын кең шеңберде қолдануға негіз беретін түсіндіруді айта- мыз. Қылмыстық заңда кең 
көлемдегі түсіндіруге Қылмыстық кодекстегі 138-бапта көрсетілген бала асырап алудың құпиясын 
жария ету мысал бола алады. Заңда ер бала асырап алудың құпиялығын жариялағаны үшін 
қылмыстық жауаптылықты белгілегенде кыз бала асырап алудың құпиялығын жариялауы үшін де 
осындай жауаптылықтың бар екендігін еске алып отыр. Яғни, бұл кезде бұл заңдардың мағынасы 
өзінің мәтінінен гөрі кең көлемде, кең мағынада бала деген ұғым қыз және ер бала екендігі 
түсіндіріліп отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет