Кодексіне түсіндірме жалпы және Ерекше бөліктер алматы «жеті жарғЫ» 2015



Pdf көрінісі
бет44/678
Дата21.02.2024
өлшемі7.26 Mb.
#492628
түріКодекс
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   678
Ағыбаев қылмыстық


а
 
п. Қылмыстық қуқық бұзушылықтан өз еркімен бас тарту 
1. 
Адамның дайындалу әрекеттерін тоқтатуы не осы іс-әрекетті жасауга тікелей 
багытталган әрекеттерді (әрекетсіздікті)
 
тоқтатуы, егер адам оны ақырына дейін жеткі- 
зу 
мүмкіндігін үгынган болса, қылмыстық қуқық бузушылықтан өз еркімен бас тарту деп 
танылады. Егер адам осы іс-әрекетт\ ақырына дейін жеткізуден өз еркімен және біржола- та 
бас тартса, ол осы қылмыстық қуқық бузушылық үшін қылмыстық жауаптылыққа жатпайды. 
2. 
Қылмыстық қуқық бузушылықты ақырына дейін жеткізуден өз еркімен бас тартқан 
адам, егер оның іс жузінде жасаган іс-әрекетінде өзге қылмыстық қуқық бузушылық қурамы 
болган жагдайда гана, қылмыстық жауаптылыққа жатады. 
3. 
Егер қылмыстық қуқық бузушылықты уйымдастырушы және оган айдап са- лушы 
мемлекеттік органдарга хабарлауымен немесе өзге де қолданылган шараларымен 
орындаушының осы қуқық бузушылықты ақырына дейін жеткізуіне жол бермесе, бул адамдар 
қылмыстық жауаптылыққа жатпайды. Егер орындаушы қылмыстық қуқық бузушылықты 
аяқтаганга дейін оган күні бурын уәде берген жәрдемінен бас тартса неме- 
се 
көрсетілген 
көмектің салдарын жойса, көмектесуші қылмыстық жауаптылыққа жат- пайды. 
4. 
Егер уйымдастырушының немесе айдап салушының осы баптың үшінші бөлігінде 
көрсетілген әрекеттері қылмыстық қуқық бузушылықты болдырмауга әкеп соқпаса, онда 
олардың қолданган шараларын сот жаза тагайындау кезінде жеңілдететін мән-жайлар деп 
тануы мүмкін. 
Қылмыстык кодекстің 26-бабында: 
1. Адамның дайындау іс-әрекеттерін немесе кылмыс істеуге тікелей бағыттаган дайын- далу іс-
әрекетін тоқтатуы не іс-эрекетті (эрекетсіздікті) тоқтату, егер адам кылмысты ақырына дейін жеткізу 
мүмкіндігін үғынган болса, қылмыс істеуден өз еркімен бас тар- ту деп танылады. Егер адам бір 
кылмысты ақырына дейін жеткізуден өз еркімен жэне біржола бас тартса, ол осы қылмыстық құқық 
бұзушылык үшін қылмыстық жауапқа тартылмауга тиіс. 
2. Қылмыстык кұкық бұзушылык акырына дейін жеткізуден өз еркімен бас тарткан адам оның 
накты жасаган әрекетінде өзге кылмыстық құқык бұзушылық құрамы болған жагдайда гана 
қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс, - делінген. Осы баптың мазмұнынан шыгатын қорытынды, егер 
адам қылмыстық құкык бұзушылықты ақырына дейін жет- кізуге мүмкіндігі барын біле тұра 
даярлангандық эрекеттерін өз еркімен тоқтатса, я қылмыстық құқық бұзушылык істеуге тікелей 
багытталган әрекетті немесе әрекетсіздікті өз еркімен тоқтатса, бұл кылмыс істеуден өз еркімен бас 
тарту болып табылады. Өз ер- кімен бас тарту болған іс-әрекет кылмыстық құкық бұзушылык үшін 
жауаптылыкка жатпайды. Қылмыстық кұқық бұзушылықтарды өз еркімен бас тарту қылмыска 
алдын ала дайындық - қылмыс істеуге даярлангандық немесе кылмыс істеуге окталгандық 
сатыларының кайсысында болсын жүзеге асырылады. Егер кылмыскер алдын ала кылмыска 
даярланганда жүзеге асыру мүмкіндігі болмай, қылмыстық құкык бұзушылық істеуден бас тартса, 
онда оның әрекеті қылмыстық құқық бұзушылык істеуден өз еркі- мен бас таргу болмайды. Мысалы, 
баукеспе ұры кезекті ұрлыкты жасаудан өзінің ниетін басқа біреуге білдіріп қою аркылы бас тартса, 
мұнда оның әрекетінде ұрлык жасауга даярланғандык кылмыс кұрамы болады. 
Қылмысты ақырына дейін жеткізуден өз еркімен бас тарткан адам, егер оның накты істеген іс-
әрекетінде баска бір кылмыстык құкық бұзушылыктың белгілері болган рет- те гана кылмыстық 
құкык бұзушылык үшін жауапқа тартылады. Егер оның әрекетінде баска бір кылмыстык құкық 
бұзушылыктын құрамы болмаса, ондай адам қылмыстык құкык бұзушылык үшін жауапка 
тартылмайды. Қылмыстык кұкык бұзушылықтарды істеуден бас тартуга мынадай екі белгінің: өз 
еркімен бас тарту жэне түпкілікті бас тарту орын алғандыгында гана жол беріледі. 
Өз еркімен бас тарту дегеніміз алдын ала қылмыстық кұқық бұзушылық әрекет істеуге кіріскен 


105 
адам өз еркімен оны одан эрі дамытудан бас тартады. Бұл жерде адам кылмыстық кұқық 
бұзушылықты ақырына дейін жеткізуге мүмкіндігі барын біле тұрып, осы мүмкіндікті пайдаланудан 
ерікті түрде бас тартады. Мұндай жағдайда адам өзінің ойлаған кылмысын толык жүзеге асыруға 
нық сенімде болады, бірак бұл ойын жүзеге асырмайды. Өз еркімен бас тартуда басшылыққа 
алынган ниеттер эр түрлі болуы мүмкін. Олар бастаған ісінің зардабының зиянды екенінен сескену, 
катаң жазаға тартылудан корқу, жәбірленушіге аяушылық білдіру, істеген ісіне өкіну сияқтылар. Заң 
мұндай ниеттердің түріне мэн бермейді. Екіншіден, қылмыстык құкык бұзушылык істеуден өз 
еркімен бас тарту касақана істелген қылмыстың тек дайындык немесе оқталу сатыла- рында болады 
жэне өз еркімен бас тарту сол кылмыстык кұкық бұзушылык істеліп біт- пей тұрып, түпкілікті жэне 
біржола болуы тиіс. Егер қылмыстык кұкық бұзушылық істе- уден бас тартуды біраз уакытка тоқтата 
тұрса, мысалы, инкассатордың ақшаны тек жеке озі алып жүрген уақытын күтіп, оған сол кезде 
шабуыл жасауды ойласа, онда бұл жерде кылмыстық құқық бұзушылық істеуден біржола бас 
тартушылық болмайды. 
Кейбір жағдайларда ерікті бас тартудың бастамалары басқа адамдар - туыстары, дос- тары да 
болуы мүмкін. Бұл жагдайларда да ерікті бас тарту кылмыс істеуді бастаған адамның өзінің оны 
ақырына дейін жеткізуге мүмкіндігі бар бола тұрып, оны жүзеге асырғысы келмегендігінен 
туындауы қажет. 
Қылмыстық кұқық бұзушылык істеуден бас тартудың қылмыс істеуге даярлангандық немесе 
кылмыс істеуге оқталғандық сатысында болуы мүмкін. Бұл жағдайларда бас тар- ту белсенді түрде 
қылмыстык кұқық бұзушылыктың зардабын болғызбауға, тойтаруға бағытталуы тиіс. Мысалы, 
кінэлі адам өз ойынан айнып, дұшпанына беретін у дәрі қосылған стакандағы суды жерге төгіп 
тастаса немесе орнынан тұра алмай жатқан үй иесін иістендіріп өлтіру максатымен газ плитасын іске 
қосып койып, артынан қайта ой- ланып, оны жойса, т. б. әрекеттер. 
Аяқталған қылмыста қылмыстық кұқық бұзушылық істеуден өз еркімен бас тартушылық 
болмайды, себебі бітіріп қойған нәрседен бас тартуға болмайды. Сондай-ақ қылмыс істеуге 
даярланғандыкты немесе кылмыс істеуге окталғандыкты қайталап жасау максатымен бас тарту да өз 
еркімен бас тарту болып саналмайды. Қылмыстық құқык бұзушылық істеуден өз еркімен бас тарту 
кейбір жағдайларда әрекетсіздік аркылы жүзеге асырылады. Мысалы, ұрлык жасауға даярланғанда 
оны жүзеге асыратын жағдайларды жоюдың өзі жеткілікті. Кейбір жағдайларда өз еркімен түпкілікті 
бас тартуда белсенді әрекет жасау қажет болады (өртті сөндіру, жарылысты тойтару, т. б.). 
Қылмысқа даярлангандықтан немесе кылмысқа окталгандықтан өз еркімен бас тартқаннан 
кейінгі уақыттағы іс-эрекет қылмыс болып табылмайды. Егер адамның одан бұрынгы істеген іс-
әрекетінде қылмыстык заңда көрсетілген қылмыстык құқық бұзушылықтың белгілері болган ретте 


106 
гана қылмыстық құқық бұзушылық үшін жауапқа гартылады. 
Жаңа Қылмысгық кодекс бұрынгы Кодекске караганда, қылмыстык құқық бұзушы- лыққа 
қатысушылардың қылмыс істеуден өз еркімен бас тартулары мэселесін арнайы корсеткен. 
Қылмыстык кұкық бұзушылыкты ұйымдастырушы мен оган айдап салушы, егер ол адамдар 
мемлекеттік органдарга хабарлаумен немесе өзге де қолданылған шаралармен орындаушының 
қылмыстык кұкык бұзушылықты ақырына дейін жеткізуіне жол берме- се, кылмыстық жауапка 
тартылмауга тиіс. Егер орындаушы қылмысты аяқтаганга дейін оган күні бұрын уэде берген 
жәрдемнен бас тартса немесе көрсетіліп үлгерген көмектің салдарын жойса, қылмысқа көмектесуші 
кылмыстық жауаптылыққа жатпайды. 
Егер ұйымдастырушының немесе айдап салушының осы баптың үшінші бөлігіндегі аталған іс-
эрекеті орындаушының қылмысты орындауын болдырмауға экелмесе, олардың қолданган шаралары 
жаза тагайындау кезінде жеңілдететін мэн-жайлар деп та- нылуы мүмкін (26-бап, 4-бөлігі). Бұл 
әрекеттерді кылмыстық құқықтагы жігерлілікпен өкіну деген ұғымнан айыра білу керек. 
Жігерлілікпен окіну келтірілген зиянның орнын толтыру, жәбірленушіден кешірім сұрау, 
материалдық зиянды өтеу сияқты эрекеттерден құралады. Ягни, шын жігерлілікпен өкіну қылмыстық 
кұқық бұзушылықтың зардабы болганнан кейін пайда болады. Қылмыстық кұқық бұзушылықты 
істеуден өз еркімен бас тарту қылмыстың зардабы болғанга дейін жүзеге асырылады. Сонымен, бұл 
екі ұгымның өзгешелігі, біріншісі қылмыстык кұқық бұзушылык болганнан кейін, зардап болган 
жағдайда орын алса, екіншісі қылмыстық құқық бұзушылықтың зардабының алдын ала- ды. 
Қолданылып жүрген кылмыстық заңда шын жігерлілікпен өкіну кейбір жагдайларда кылмыстык 
құқық бұзушылық үшін жауаптылықтан босататын мэн-жайга жатса, ал қайсыбір жағдайларда ол 
жазаны жеңілдететін мэн-жайға жатады. Шын жігерлілікпен өз еркімен өкінушілік Қылмыстык 
кұкық бұзушылыкта кодексте көрсетілген 4-бап бойын- ша қылмыстық жауаптылықты жояды. 
Мемлекетке опасыздық (175-бап), пара беру (367- бап), қаруды, ок-дэріні және жарылгыш заттарды 
заңсыз алып жүру, сақтау, алу, жасау және өткізу (287-бап). Мысалы, 367-баитың ескертуінде: «пара 
берген адам, егер оган қатысты осы кодекстің 366-бабының бірінші бөлігінде көрсетілген адам 
тарапынан па- раны қорқытып алу орын алған болса немесе егер осы адам пара бергені туралы құқық 
қоргау органына немесе арнаулы мемлекеттік органга өз еркімен хабарласа, пара берген адам 
қылмыстық жауаптылыктан босатылады» деп көрсетіледі. 
287-баптың ескертуінде: «Осы бапта корсетілген заттарды өз еркімен тапсырган адам, егер оның 
әрекетінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстык жауаптылыктан босатылады»,- делінген. Баска 
жағдайларда шын жүректен өкіну жаза тағайындауда, жауаптылықты жеңілдететін мэн-жайларға 
(53-бап, 1-бөлігі, «11» тармагы) жатады не- месе кейбір жагдайларда кылмыстық жауаптылыктан 
(65-бап) босатуга негіз бола алады. 
27- 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   678




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет