95
болмаған. Мүндай кездейсоқ жагдайға байланысты ол кінэлі деп танылуға және қылмыстык құкык
бұзушылық үшін жазаға тартылуы тиіс емес.
Тағы бір мысал: Өсербай деген азамат 1995 жылы оныншы шілдеде өзінің се- гіз жэне тоғыз
жасар екі немересімен және көршісінің он бір жасар баласын ертіп, ауыл маңындағы үлкен өзеннің
жағасына шөп шабуга барған. Үш бала ағаш түбіндегі көлеңкеде ойнап отырған.
Бір кезде
көршісінің он бір жасар баласы құрбаканы көріп, оны ұстап алмак болып, өзен жағасына карай қуа
жөнелген. Содан байкаусызда биік жағадан суга кұлап, түншығып өлген. Алдын ала тергеу орны
Өсербайдың эрекетінде ешқандай қылмыстық құкық бұзушылықтың белгісі жоқ деп, осы факті
бойынша пен мемлекеттік баскару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық және өзге де қылмыстық
күкык бұзушылыктар іс козғаудан бас тартты. Өйткені, тергеушінің қаулысында көрсетілгендей
Өсербай балалардың қауіпсіздігі үшін барлык шараларды жасаган.
Оларга отырған орындарыңнан
козғалмаңдар деп үйреткен. 11 жасар бала суға батқанда оган дер кезінде көмек беруге ұмтылып,
суға түсіп құтқармақшы болған. Бірақ соған қарамастан іс сәтсіздікпен аякталған. Мүндай жағдайда
Өсербай бақытсыздыққа душар болған баланың өлуіне кінэлі емес. Сондықтан да орын алған жағдай
кездейсок оқиға (казус) деп танылған. Мүндай ретте адамның іс-әрекетінің кінәсіздіктен зиян
келтіруі туралы тұңғыш рет Қазакстан Республикасының жаңа Қылмыстык кодексінде қүқылык
анықтама берілген.
Онда: 1. Егер іс-әрекет жасаган адамның іс-әрекеті (әрекетсіздігі) жэне одан кейін пайда болған
коғамдык қауіпті зардаптар оның ниетімен камтылмаса, ал осы Кодекс- те абайсызда мүндай әрекет
жасағаны жэне коғамдық кауіпті зардаптар келтіргені үшін қылмыстык жауаптылық көзделмесе,
әрекет кінәсіздіктен жасалган деп танылады.
2. Егер әрекет жасаган адам өзінің іс-эрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамдық кауіптілігін
үғынбаган және істің мэн-жайы бойынша ұғына алмаған болса, не қоғамдық
кауіпті зардаптардың
пайда болуы мүмкін екенін алдын ала білмесе және істің мэн-жайы бойын- ша оларды алдын ала
білуге тиіс болмаса немесе білуі мүмкін болмаса, әрекет жазыксыз жасалған деп танылады. Егер
әрекет жасаған кезде қоғамга қауіпті зардаптардың пай- да болуын алдын ала білген адам оны
болғызбауға жеткілікті негізде сенген болса не өзінің психика-физиологиялык касиеттерінің
кысылтаяң жағдайлар талаптарына сәйкес келмеуіне немесе жүйке-психикалық ауыртпалықтарға
байланысты осы зардаптарды болгызбауға шамасы келмесе де, эрекет
кінәсіздіктен жасалған деп
танылады делінген (23-бап).