Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)
Басылым: екінші
Ф ЕНУ 703-08-21. Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Екінші басылым
иондарымен байланысып әлсiз негiз немесе әлсiз қышқыл түзбейдi, соңдықтан судың
диссоциациясының тепе-теңдiгi ығыспайды, ерiтiндегi Н
+
, ОН
-
-
иондарының
концентрациясы, таза судағыдай, бiр-бiрiне тең болады. Сол себептен мұндай тұздардың
ерiтiндiлерiнiң ортасы бейтарап (рН = 7) болады. Мысал ретiнде NаСI – ның гидролизiн
қарастырайық:
а)
NaCl + HOH ↔ NaOH + HCl
б)
Na
+
+ Cl
-
+ HOH ↔ Na
+
+ OH
-
+ H
+
+ Cl
-
в)
HOH ↔ H
+
+ OH
-
Гидролиз – бейтараптану реакциясына керi реакция:
гидролиз
Тұз + су қышқыл + негiз
Бейтараптану реакциясы
Көптеген жағдайларда гидролиз реакциясы қайтымды болады, ал кейбір жағдайларда (нашар
еритiн гидроксид пен әлсiз қышқыл бiр уақытта қатарлас түзiлгенде) – қайтымсыз болады, яғни
гидролиз аяғына дейiн жүредi.
8-дәріс. ТОТЫҒУ-ТОТЫҚСЫЗДАНУ РЕАКЦИЯЛАРЫ
Заттардың құрамындағы атомдардың тотығу дәрежелері өзгере жүретін реакциялар
тотығу-тотықсыздану реакциялары (ТТР) деп аталады. Мұндай реакциялар, міндетті түрде,
тотығу мен тотықсыздану процестерінен құралады және тотықтырғыш пен
тотықсыздандырғыштың қатысуымен орындалады.
Жан-жануарлар, өсiмдiктер организмдерiнде, қоршаған ортада, күнделiктi өмiрде
тотығу-тотықсыздану реакциялары зор роль атқарады. Өмiрлiк маңызды процесстер: зат
алмасу, дем алу, фотосинтез тотығу - тотықсыздану реакциялары болып табылады. Тотығу –
тотықсыздану процестеріне жатады: канттардың ашуы, майлардың тотығуы, белоктардың
шіруі, т.б.
Қара және түстi металлургияда металдарды өндiру, сiлтiлер мен қышқылдар синтезi
тотығу-тотықсыздану реакцияларына негiзделген. Тотығу-тотықсыздану процесстерiн жанар
май, отын жанғанда, металдар коррозияға ұшырағанда бақылауға болады. ТТР-ның
химиялық энергиясы гальваникалық элементтерде, аккумуляторларда электр энергиясына
айналады. Электролиз электр тоғының әсерiнен электродтарда жүретiн ТТР болып
табылады. Күнделiктi iшетiн суды хлорлау арқылы залалсыздандырғанда да тотығу-
тотықсыздану реакциялары жүредi.
Химиялық реакцияның нәтижесiнде реакцияға түскен молекулалардың кұрамындағы
Достарыңызбен бөлісу: |