Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия
ұлттық университеті
Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus)
Басылым: екінші
Ф ЕНУ 703-08-21. Оқу (модульдік) жұмыс бағдарламасы (Syllabus). Екінші басылым
Молекула – сол заттың химиялық қасиетін көрсететін заттың ең кішкене бөлшегі.
Жай заттар – құрамына тек бір элементтің атомдары ғана кіретін заттар.
Күрделі заттар – құрамына әр түрлі элементтер атомдары кіретін заттар.
Атомдық және молекулалық масса
Заттың барлық бөлшектерінің массасы зат массасын құрайды.
Химияда масса ретінде
тыныштық массасы қарастырылады. Масса тыныштық масасында бір – біріне тең болатын заттың
инерциялы және гравитациялы қасиеттерін сипаттайды. Массаның
салыстырмалы және абсолютті
түрі бар. Салыстырмалы атомдық массаны өлшеуге атомдық масса бірлігі (а.м.б.) енгізілді: 1а.м.б. =
m(12С ) /12 = 1,6606·10
-27
кг.
Элементтің салыстырмалы атомдық массасы (қысқаша атомдық масса)
дегеніміз сол
элемент атомы массасының көміртек атомы массасының 1/12 бөлігінен неше есе ауыр екенін
көрсететін сан. Салыстырмалы атомдық масса өлшемсіз сан және Аr әрпімен белгілейді. Мұндағы “ r
„латынның relatuvus – салыстырмалы деген ұғым береді. Мысалы, Аr (O)= 15,9994, Ar (H)= 1,00794.
Элементтердің салыстырмалы атомдық массалары «Д.И. Менделеевтің
элементтерінің периодтық
жүйесі»
кестесінде
берілген.
Салыстырмалы молекулалық масса (қысқаша молекулалық масса)
дегеніміз оның
молекуласы массасының көміртегі атомы массасы 1/12 бөлігінен неше есе ауыр екенін көрсететін
сан. Салыстырмалы молекулалық масса өлшемсіз сан және Мr әрпімен белгіленеді.
Заттың
салыстырмалы молекулалық массасы оның құрамына кіретін элементтердің салыстырмалы атомдық
массаларының қосындысына тең
.
Достарыңызбен бөлісу: