үлгісін дүниеге əкелді. Ат үстінде жүргенде ыңғайлы болуы үшін бабаларымыз алғаш
рет киімді үстіңгі жəне астыңғы деп екіге бөлді. Осылайша кəдімгі шалбардың алғашқы
нұсқасы пайда болды. Бұл салт атты адамдардың ат құлағында ойнауына, ұрыс кезінде
еркін қимылдауына мүмкіндік берді. Дала тұрғындары теріден, киізден, кендір мен
жүннен, кенептен шалбар тікті. Содан бері мыңдаған жыл өтсе де, киімнің осы түрі
өзгере қоймады. Қазба жұмыстары кезінде табылған көне шалбарлардың қазіргі
шалбардан еш айырмасы жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: