Тарих 90 жауаптар


)Жетісу жəне Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси бірлестіктері



Pdf көрінісі
бет8/67
Дата22.02.2024
өлшемі0.67 Mb.
#492829
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   67
Тарих 90 жауаптар

12)Жетісу жəне Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси бірлестіктері.
Ерте темір дəуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін үйсін тайпалары мекендеген.
Олар Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы этникалық бірлестіктердің бірі
болды. Қытай деректерінде «Усун-го» (Үйсін мемлекеті) деп аталады. Үйсіндер Жетісу
мен Тянь-Шаньда, Қытайдың солтүстік-батыс өлкесінде, Шығыс Қазақстандағы
Тарбағатай таулы бөктеріндегі далалы өңірлерде өз іздерін қалдырған. Біздің
заманымыздан бұрынғы 170-160-ыншы жылдары үйсіндер мемлекеті құрылды. Үйсін
мемлекетінің Ұлы Жібек жолының бойында орналасуы оның көршілес елдер,
тайпалармен (қытай, ғұн, қаңлы, ұйғыр, қырғыз жəне т.б.) саяси, экономикалық жəне
мəдени байланыстарды дамытуына мүмкіндік жасады. Бастапқыда Үйсін мемлекеті
ғұндармен қалыпты қарым-қатынаста болды. Бірақ Хань патшалығының ғұндарды
жеңіп, батысқа бет алу əрекеті үйсіндерді қытайлармен тығыз байланыс орнатуға
мəжбүр етті. Қытайлар ғұндарға қарсы батыста жатқан елдерден одақтастар іздеуге
кірісті. Қытай императоры Уди б.з.д. 138 жылы үйсін еліне Чжан Цянь бастаған елшілік
жібереді. Осыдан кейін екі жақты қарым-қатынастар етек алып, үйсіндер Қытаймен кең
дипломатиялық жəне туыстық қатынаста болған. Қытайлар үйсіндермен құдандасып,
күнбиге Хань патшалығының ханшасын əйелдікке береді. Əрине, бұл құдалық белгілі
саяси мақсатты көздеп, хань əулеті үкіметі мен үйсіндер арасындағы одақтастық
байланыстың негізін қалады. Өз кезегінде ғұндар да үйсіндермен құдаласып, күнбиге
өздерінің қыздарын беріп отырған.
13)Қазақстандағы ерте темір дəуірінің зерттелуі.
Темір дəуірі - тас пен қола дəуірлерінен кейінгі үшінші ірі археологиялық кезен. Оның
бірінші кезенін ерте темір дəуірі деп атап кеткен. с
Бастаулары осы металды
қолданумен сəйкес келетін адамзат тарихының маңызды кезеңі осылай аталды. Б. з. б.
I-мыңжылдықтың басынан осы заманға дейінгі кезеңді алсақ, темір адамзаттың заттық
мəдениетінің негізі болып келді. Өндірістік технология саласындагы барлық мəнді


ашылымдар аталмыш металмен байланысты болды. Темір ерекше металл. Оның
балқытылу температурасы мысқа қарағанда жоғары. Темір табиғатта таза күйде
кездеспейді. Оның балқытылуының баяулығынан шикізаттан темірді айыру оңайлыққа
соқпайды. Қазақстандағы ерте темір дəуірінің басы б.з.д. VIII - VII ғасырларына
жатады. Ерте темір дəуірінің басталуымен Евразия кеңістігіндегі далалык этностар
өмірінде шынайы ғаламат өзгерістер басталды. Бұл дəуірде шығыстағы Монғолиядан
батыстағы Дунайға дейінгі далаларды мекендейтін бақташы, бақташы-егінші
тайпалардың жайылымдар мен су көздерін пайдалануды маусымдық шектеудің күрделі
де қатаң жүйесіне негізделген малшылық шаруашылықтың жылжымалы түрлеріне
көшуіне тура келді. Жана жəне кейінгі жана заманның евроцентристік ғылымы дала
жағдайында мал шаруашылығын өрбітудің бұндай айрықша түрлерін "көшпелі
"жартылай көшпелі" шаруашылык деп атады.Мал шаруашылығын жолға қоюдың жаңа
түрлеріне көшу далалық табиғат жүйесінің ерекше жағдайларында өмір кешкен қола
ғасыры
тайпалары
экономикалық
дамуының
нəтижесі
болып
табылады.
Шаруашылықтың бұл түрінің негіздері қола дəуірінің соңғы кезінде, беғазы-дəндібай
заманында қаланды. Мамандардың пікірінше, малшылықтың жылжымалы түріне
ауысуына дала тұрғындарының тек ішкі дамуы ғана емес, ауа райының біртіндеп
өзгеруінің салдарынан даланың құрғақтануы (аридизация) да ықпал етті. Сол заманда
бұл ауысу онтайлы, үлкен прогрессивті мəндегі көрініс еді, ол даланың табиғат
қорларын барынша толық пайдалануға мүмкіндік берді. Ерте темір дəуірі
басталысымен, Евразия далаларында ірі тайпалық бірлестіктер қалыптаса бастайды.
Олардың мүдделерінің қақтығысы, айналасындағы отырықшы-егінші халықтармен
қарым-қатынастарының өзіндік түрлері қоғамның белгілі дəрежеде əскериленуіне əкеп
соқты. Тарихи сахнада гректер мен парсылар скифтер, сактар, савроматтар деп атаған
тайпалар пайда болды. Этникалық туыстығының, даму деңгейі мен өмір салтының
ұқсастығының өзара тығыз байланыстылығы нəтижесінде бірұдай, етене жақын
мəдениеттер құрылды. Скиф-сақ заманында тайпалардың материалдық мəдениетінде
қару-жарақтың, ат əбзелдерінің айрықша түрлері пайда болды, "скиф-сақ аң стилі"
деген атау алған өзіндік өнер кең таралды. Кей ретте ерте темір дəуіріндегі қоғам
тұрғындарының бұл материалдық мəдениетін "скифтік үштік" (ат əбзелдері, қару, аң
стилі) деп те атайды. Ерте темір дəуірінің далалық тұрғындары ерекше қарқынмен
дамыды, металл өндірісі, сауда айырбасы гүлденді. Тайпалық одақтардың ат төбеліндей
бай шоғыры: патшалар, əскери мансап иелері пайда болды. Үлкен "патша" обалары,
яғни қайтыс болған ауқатты адаммен бірге өзінің құндылығымен мəнді болып
саналатын бұйымдар - қару-жарақ, ат əбзелдері, əшекейлер бірге жерленген.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет