қоғамында əйелдер ерекше рөл атқарған. Олар ерлермен бірдей соғысқа қатысқан.
Геродот сармат қызы өзінің бір ата жауын өлтірмейінше, күйеуге шықпағанын атап
көрсетеді. Псевдо-Гиппократтың жазуынша, савромат қыздары əскери іс пен аң аулауға
жаттыққан үш адамды (жауын) өлтірмейінше күйеуге шықпаған. Ертедегі авторлардың
деректерін осы заманғы археологиялық зерттеу деректері де растайды.[1] Обалардың
ортасына қойылған əйелдердің қабірлері ерекше. Олардан моншақ, білезік, қола айна,
т.б. заттармен қатар қару-жарақтар түрлері де көп табылды. Б.з.б. 4 ғ-да Савроматтар
скифтермен тату көршілікте өмір сүрген. Көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданған
олар бірте-бірте жаңа өріс іздей отырып, Дон өңірінің арғы жағындағы скиф жерлеріне,
одан əрі Батыс Еуропа елдеріне дейін көшіп барған. Сол жердегі тұрғылықты
халықтардың арасына сіңісіп, біртіндеп тарих сахнасынан жоғалған.
Достарыңызбен бөлісу: