Тарих 90 жауаптар


)Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіруі



Pdf көрінісі
бет35/67
Дата22.02.2024
өлшемі0.67 Mb.
#492829
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   67
Тарих 90 жауаптар

47)Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіруі.
Ұлы жүзің Ресейге қосылуы — Ұлы жүз руларының Ресей қол астына қарауы. Ол кезде
Ұлы жүз ханы Жолбарыстың қол астында Ташкент төңірегіндегі шағын ғана аймақ бар
еді. Жолбарыс хан орыс елшісі М.Тевкелевтің Кіші жүзге келгенін біліп, оған Ресейдің
қол астына кірудің шартын анықтау үшін үш старшын аттандырды. Осы кезде Ұлы
жүздің атақты билері — Төле би, Қодар би жəне Сатай, Бөлек, Хангелді батырлар
өздерін Ресей азаматтығына қабылдау жөнінде император Анна Иоановнаға жолдама
хат жолдады. Олар Əбілқайыр хан мойындаған шарттар негізінде Ресей мемлекетінің
құрамына кіруге тілек білдірді. 1834 жылы 20 сəуірде император Анна Иоанновна
оларды Ресейдің қол астына қабылдау жөніндегі грамотаға қол қойды. 1842 жылы Ұлы
жүз руларының төрт старшыны Ресейдің қол астына қарау жөнінде ант берді. Бұл кезде
Жетісудың көптеген бөлігінің Жоңғарлар билігінде болуы Ресейге қосылуға бөгет
жасады.
Сонымен қатар Қоқан ханы мен Хиуа билеушілері едəуір қарсылық көрсетгі. 1848
жылы сұлтан Сүйік Абылайханов бастаған Ұлы жүз қазақтары өздерін Ресей қол астына
алу туралы тілек білдірді. Бір жыл өткен соң патша үкіметі Ұлы жүз қазақтарын Ресей


азаматы деп жариялады. Бірақ бұл азаматтыққа Іленің шығыс жағын мекендеген рулар
ғана өтті. 1856 жылы Ұлы жүздің Жалайыр, Албан, Дулат, Шапырашты, Ысты
тайпалары Ресей азаматтығын қабылдады. 19 ғасырдың 50-жылдарында Ұлы жүздің
Оңтүстік Қазақстаңдағы бөлігі Қоқан хандығының қол астында еді. Бұл аймақтарды
өзіне қаратып əрі Орта Азиядағы хандықтарды өзіне бағындыру мақсатымен патша
үкіметі Ұлы жүздің Оңтүстік Қазақстандағы аймағына екі жақтан — Перовск жəне
Верный қалаларынан жорық бастады (Ұзынагаш шайқасы). 1864 жылы көктемде орыс
əскері Əулиеатаны, 1865 жылы Ташкент, Перовскіден шабуылға шыққан орыс əскері
Шымқорған, Жөлек бекіністерін алып, Сырдария мен Жетісудағы Ұлы жүз қазақтары
түгелдей дерлік Ресей қол астына көшті. Сөйтіп, XIX ғасырдың 30 жылдарынан
басталған қазақ елінің Ресей құрамына қосылу процесі – Ұлы жүздің Ресей
империясының құрамына енуімен аяқталды. XIX ғасырдың 60 жылдарында қазақ жері
түгелдей Ресей империясының отарына айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет