Тарих 90 жауаптар


)Бөкей ордасының (Ішкі Орда) құрылуы: басқару жүйесінің ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет33/67
Дата22.02.2024
өлшемі0.67 Mb.
#492829
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   67
Тарих 90 жауаптар

44)Бөкей ордасының (Ішкі Орда) құрылуы: басқару жүйесінің ерекшеліктері.
Ішкі Қазақ Ордасы (Бөкей Ордасы) — Ресей империясының вассалы ретінде Еділ мен
Жайық аралығында 1801 ж. құрылған. Бөкей Ордасы — қазақтардың жəне əлемдегі ең
сөңғы Шыңғысхан ұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттік құрылым.Хандық сұлтан
Бөкей Нұралыұлының есімімен аталды.Бөкей Ордасы Еділ мен Жайықтың аралығында
орналасқан. Солтүстікте Самар губерниясы, шығыста — Орал облысы, оңтүстікте
Каспий теңізі батыс жағында — Астарахан губерниясының Царёв, Енотаев жəне
Краснояр уездері. Жер көлемі — 92 144 5 km2 19 ғ. аяғында Астархан меже бөлімі
бойынша — 77 624 km2. Орда өңірініңдегі дала көпшілігі құмды мен сазды жерден
тұрады. 
Орданың солтүстігінде бірде жалғыз, бірде топтасқан обалар бар, соңғысында əдетте
ортасында біреуі ірілеу болады. Ең ірілердің шеңбер диаметрі 30 m шамасына жетеді.
Бұл обалар мола екенін қазба жұмыстар дəлелдеді, соның ішінде адам мəйітінен басқа
дүние-мүлік табылған, ал кейбіреулерінде зертасты кірпіш қалауы бар.
Бос жатқан [1801 жылы Нұралы ханның екінші ұлы Бөкей сұлтан Орыс патшасына Еділ
мен Жайық өзендері аралығындағы атамекеніне көшіп-қоныстануға рұқсат сұраған
өтініш жолдайды. Ресей императоры Павел I Бөкей сұлтанның өтінішін қабыл алып,
1801 ж. наурызыдың 11 былай деген рескриптісін (жарлық) шығарады:
Қырғыз-Қайсақ Кіші ордасының Хан кеңесінің төрағасы Бөкей сұлтан Нұралы хан ұлын
өзіме ризашылықпен қабылдаймын, өзі қалаған жеріне көшіп жүруіне рұқсат етемін
жəне менің рахым етуімнің белгісі ретінде қара лентамен мойынға тағатын өз суретім
бар алтын медаль тағайындаймын.
Сол жылдың күзінде Бөкей сұлтан өзіне қарасты 5 мың түтін ауылымен Жайықтың ішкі
бетіне көшіп-қоныстанады. Тарихта Ішкі Қазақ немесе Бөкей ордасы аталған өлкенің
іргесі осылай қаланады.
Бөкей хандығы Ресей үшін мал, ет, жүнмен жабдықтаушы болды. Хандықта ақша-тауар
қатынасының дамуы қоғамның əлеуметтік-экономикалық құрылымының өзгеруіне,
рулық-қауымдық шаруашылықтың қалдықтарын жоюға ықпал етті.
Бөкей хандығы құрылуының алғашқы жылдарынан бастап шұрайлы тəуір жайылымды
жерлерде хан өз туыстары мен хан сарайындағы ақсүйектерге бөліп берді. Өйткені
Бөкейдің — Ішкі орданың хандары тақты ұзақ ұстап отыра алмайтындарын түсінді.


Жəңгір өз қоластындағы халқының денсаулығына да үлкен көңіл бөліп отырған. 1825 ж.
С. Жəнібеков деген қазақты шешекке қарсы екпе жұмысын жүргізуді үйрену үшін оқуға
жібереді. 1826 ж. бастап Ордада шешек ауруына қарсы екпе жұмыстары жүргізіледі.
1832 ж. Жəңгір ханның шақыртуымен Хан ставкасына дəрігер А.А. Сергачев келеді.
Кейін 1839 ж. тұңғыш дəріхана ашылады. Осы кезеңдерде Ордада В.Ф. Евланов,
Пупорев, т. б. дəрігерлер қызмет атқарады. 1852 ж. Ордада 16 кереуеттік қоғамдық
аурухана ашылады. Бүл аурухана күні бүгінге дейін сақталып, халыққа қалтқысыз
қызмет етіп келе жатыр.
1832 ж. хан Жəңгір халықтың əлеуметтік жағдайын көтеру, сауда-саттық саласын
дамытып, жолға қою мақсатында жəрмеңке ұйымдастырады. Жəрмеңке көктем жəне күз
айларында өткізіліп, оған Ресейдің Сарытау, Мəскеу, Нижний Новгород, т.б.
губернияларынан саудагерлер келген. 1846ж. көктемгі жəрмеңкеге 3883 адам қатысса,
1851 ж. тауар айналымы 1,5 миллион күміс ақша құраған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет