42)Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс.
Сырым көтерілісі 1783 жылы басталды. Ол Байбақты руының старшины болды.
Көтеріліс
алғышарты
Жайық казактарының ауылдарға озбырлық əрекеттері,
жайылымдарды жауып тастауы. Басталуына тікелей себеп болған казак-орыс
əскерлерінің кіші жүзден «ішкі жаққа» өткені үшін 4000 жылқыны ұрлап алып кетуі.
Қозғалыс басталғана Сырымда 2700, Барақ батырда 2000, Тіленші батырда 1500 адам
болды. 1783те Сырым казактарға тұтқынға түсіп, Нұралы оны босатып алады. Бірақ 84
жылы Рейнсдорфқа хат жазып, бүлікті басатын əскер сұратты. Сырым мен Нұралы
арасында алауыздық туындады. 1784 жылы Сырым Сағызда 1000 шақты адам жинап,
патша үкіметінің саясатына қарсы шықты. Таналық қамалын талқандаған соң, Елекке
Смирнов бастаған жазалаушы отряд жіберілді. Олар 66 қазақ ауылына шабуыл жасап,
көп рулар наразылық тудырды. Смирнов көтерісшілер шоғырланған жерлерді іздеп
жүргенде, Сырым 500 адаммен жау тылына кіріп кетті. 85 жылы Антонов форпостына,
Сахарная бекінісіне шабуыл жасады. Көктемде негізгі шайқастар Орал бекіністерінде
болды. Бекіністерді өртеп, малды айдып, «шекаралық барымта» тəсілін қолданды. Орыс
үкіметі көтерілістерді басуға қыруар əскер жібріп, бейбіт ауылдарға шабуыл күшейді.
Көтерісшілер саны артып, Нұралы хан кол астынан халық шыға бастады. Нұралы тақтан
кетіп, патша үкіметі Ералыны 91 жылы отырғызды. Ал 92 жылы Сырым Ресейге тікелей
соғыс жариялады. Көтерісшілер саны 1000 жетіп, Елек бекінісіне шабуыл жасалды.
Сырым өзімен келіспегендерді қатал жазалап бастағандықтан, олар патша жағына өтті.
Бірнеше шабуыл нəтижесіз болып, Сырым партизандық соғыс жүргізуді жөн көрді.
95-96 жылдары жұт болып, артынан ашаршылық келді. 97 жылы көтерілісшілердің бір
тобы Есімді өлтірді. Бұл бірқатар рубасылардың патшалық үкіметке өтуіне себеп болды.
Сол жылы хан кеңесі төрағасы болып Айшуақ бекітілді. Ол өз кезегінде Қаратай
сұлтанды хан сайлады. Қаратай Сырымды Хиуаға көшіп бара жатқан жерінен қуып,
Əмудария жерінде у беріп өлтірді. Нəтижесінде əкімшлік басқаруға өзгерістер алып
келді. Хан Кеңесі құрылды.
|