Тарих 90 жауаптар


)Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы жəне оның



Pdf көрінісі
бет47/67
Дата22.02.2024
өлшемі0.67 Mb.
#492829
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   67
Тарих 90 жауаптар

62)Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы жəне оның
Қазақстанға əсері.
Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тəн дағдарыстың салдары болып
табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нəтижесінде патша үкіметі құлатылды.
Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне,
крепостниктік құрылысқа жəне отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен
аяқталды.
Ақпан төңкерісі — 1917 жылғы 27 ақпанда (12 наурыз) Ресей империясында патша
үкіметін құлатып, елде буржуазиялық-демократиялық республика орнатқан төңкеріс.
Ақпан төңкерісінің жеңісі саяси жүйенің жоғарғы сатысы — республикалық құрылысқа
көшуге жағдай туғызумен қатар отаршыл жүйенің күш-қуатын əлсіретуге де мүмкіндік
берді. Ақпан төңкерісі нəтижесінде ресми билікті қолына алған Мемлекеттік Думаның
шешімімен құрылған Уақытша үкімет қазақ халқының 1916 жылы өзін-өзі билеуге
құқықты болғандығын мойындады. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске қатысқандарды
жазалау экспедицияларының əрекеттері тоқтатылды. Ақпан төңкерісінің жеңісінің ең
маңызды нəтижесі бұрынғы Ресей империясы аумағында кең көлемде саяси
бостандықтар орын алып, бүкіл қоғамдық өмірдің демократиялануы болды. Бүкіл
аймақта буржуазиялық мəндегі бостандықтар (саяси ұйым құру, сөз, баспасөз т.б.)
жүзеге асырыла бастады, жасырын түрдегі партиялар жариялық жағдайға шықты, жаңа
партиялар мен басқа да саяси ұйымдар құруға рұқсат етілді. Алайда Ақпан төңкерісі
жеңісі қоғамдық өмірдің барлық мəселелерін шеше алған жоқ (мысалы, соғыс жəне жер
мəселелерін). Ақпан төңкерісі монархияны құлатқанымен жер-жердегі ескі басқару
аппаратын түбегейлі жоя алмады. Жаңа үкімет органдарын құру үшін күрес күрделі
болып, ұзаққа созылды. Жер-жерлерде буржуазияшыл Уақытша үкіметтің
органдарымен қатар орталықта Петроград кеңесі басқарған жұмысшы, солдат жəне
шаруалар Кеңестері құрылды. Революция жеңісіне жеткеннен кейінгі алғашқы күндерде
Кеңестердің қолында айтарлықтай күш болды. Елде қос үкіметтілік (ресми Уақытша


үкімет жəне оның жергілікті жүйесі мен нақтылы күшке ие болған Кеңестер) жүйесі
қатар орын алды.
Уақытша үкімет Ресей империясының Қазақстан сияқты отар аймақтарында
кадеттерден, эсерлерден жəне өзінің саяси бағытын жүзеге асыруға сенімді деп
табылған қазақтың ұлттық-демократиялық интеллигенциясының жекелеген өкілдерінен
өлкелік, облыстық жəне уездік комиссарларын тағайындады. Мысалы, Ə.Бөкейханов
Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, М.Тынышбаев Жетісу облысындағы
комиссарлары болып тағайындалса, М.Шоқай, А.Бірімжанов, А.Кенесарин Түркістан
өлкесі мен Торғай өңіріндегі Уақытша үкіметтің жергілікті органдарында жауапты
қызметтер атқарды. Қазақстанның облыс, уезд орталықтарында Уақытша үкіметтің
жергілікті органдары — атқару катеттер, коалициялық катеттер, азаматтық катеттер
жүйесі қалыптасты. Олар негізінен жергілікті орыс буржуазиясының, кəсіпкерлердің,
банкирлердің өкілдерінен құрылып, кадеттердің, эсерлердің жəне соларға жақын саяси
партиялар мен қозғалыстардың мүшелері болды. Уақытша үкіметтің өлкедегі ұлттық
тірегі 1917 жылғы наурыз айынан құрыла бастаған қазақ жəне мұсылман катеттері
болды. Олар негізінен сол жылғы шілде айында қазақтың ұлттық Алаш партиясын
ұйымдастырған Ə.Бөкейханов басқарған ұлттық-демократиялық интеллигенцияның
жетекшілігімен құрылды.
Ақпан төңкерісі жеңіске жетісімен ұлттық-демократиялық қозғалыс (1917 жылы
шілдеден — Алаш қозғалысы) басшыларының халыққа ұсынған саяси бағдарламасы
жалпы алғанда түбірлі түрде Уақытша үкіметтің жəне оның саяси тірегі болған кадеттер
партиясының ел басқарудағы бағытына қайшы келген жоқ. Сондықтан да
ұлттық-демократиялық интеллигенция басшылары Уақытша үкіметке қайшы келетін
жолды ұстаған кеңестерге əуел бастан-ақ оң көзқараста болмады, олардан өз іргесін
қашығырақ салды. Кейінірек, Кеңестер жаппай құрылып, Уақытша үкіметке ашық
қарсы шыға бастаған кезде қазақтың ұлттық-демократиялық қозғалысы күрделі
жағдайға душар болды.
Қосөкіметтілік өзінің дүниеге келуі арқылы 1917 жылы Ақпан төңкерісінің ішкі
қайшылықтарын бейнеледі, елдің қоғамдық-саяси өмірінің тұрақсыз екенін көрсетті.
Мұндай жағдай ұзаққа созылмайтын еді: ерте ме, кеш пе, қосөкіметтілік жойылып,
барлық билік буржуазия мен оның одақтастарының мүддесін қорғайтын Уақытша
үкіметтің немесе 1917 жылғы көктемде əлеуметтік жəне ұлттық езгінің ауыртпалығын
көтерген халықтың басым көпшілігі жұмысшылар мен шаруалардың айтарлықтай
бөлігінің сеніміне ие болған Кеңестердің қолына көшуге тиіс еді. Ақырында Ақпан
төңкерісінен басталған саяси тұрақсыздық Қазан төңкерісіне ұласып, Уақытша үкімет
биліктен тайдырылды


Ақпан революциясының жеңісінен кейін Қазақстанда қоғамдық-саяси өмірдің біршама
жандануында Ресейдің саяси партиялары, əсіресе, олардың жергілікті ұйымдары мен
топтары өз əсерін тигізді. 1917 жылдың көктемінде болып өткен облыстық қазақ
съездері болашақ партияның бағдарламасын əзірлеуге көмектесіп, съездерге қатынасқан
делегаттар мен қазақ комитеттерінің мүшелері "Алаш" партиясының əлеуметтік негізін
құрады. Осылайша, 1905 жылдың өзінде-ақ құруға əрекет жасалған "Алаш" партиясы іс
жүзінде 1917 жылдың мамыр айында қалыптасып, ал оның ресми тіркелуі 1917 жылдың
желтоқсанында жүзеге асқан еді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет