64)Алаш автономиясының құрылуы.
Алаш қозғалысы – 1905 жылдан бастап 1920 жылдың көктеміне дейін ұласқан жəне
Қазақстанның барлық өңірлерін қамтыған ұлт-азаттық саяси жəне мəдени қозғалыс.
Оның ауқымына осы кезеңдегі оқиғалар енеді. 1905 жылы «Қарқаралы құзырхаты»
жəне басқа да саяси-қоғамдық шаралардан басталған қозғалыс Қазақ өлкесін басқару
жөніндегі төңкерістік комитеті тарапынан 1920 жылғы 5 наурызда таратылғанына дейін
Қазақстанның барлық аймақтарын қамтып шын мəніндегі ұлт-азаттық қозғалысқа
айналды. «Алаш партиясы», «Алаш автономиясы», «Алашорданың Халық Кеңесі» осы
қозғалыстың аясында туған саяси құбылыстар.
Алаш партиясын құру мəселесі алғаш рет ресми түрде 1917 жылғы 21-26 шілдеде
өткізілген І жалпықазақ сиезінде көтерілді. Оның күн тəртібінде: «Қазақ саяси
партиясы» деп көрсетілді [1, 363]. Сондай-ақ, сиез қаулысында: «...партияның негізі
демократическая федеративная парламентарная республикаға құрылмақ» делінген. Яғни
бұдан аңғаратынымыз, партияның бағыты республика құруға негізделетіндігі.
Сондай-ақ, қаулыда партияның жобасын жасау да айтылған. Алаш партиясының І
жалпықазақ сиезінен кейін саяси аренаға шыққанын байқаймыз. Оған дəлел
Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау тұсындағы Алаш партиясының
белсенділігі. І жалпықазақ сиезіне дейін Құрылтайға депутаттар сайлау мəселесі
көтеріле бастады. «Қазақ» газетінде 4 шілдеде Ə.Бөкейхан «Қазақ депутаттары»
мақаласы жарық көрді. Мұнда автор Құрылтай жиналысына депутаттар сайлау
мəселесін көтеріп, қазақ сиезін ұйымдастыруға құрылған бюроның депутаттыққа
кандидаттар іріктегенін жəне олардың аты-жөндерін де көрсетеді [2]. Бұл аталған I
сиезге дейінгі жағдай. Ал сиезден кейін Құрылтайға депутаттар облыстардан ұсыныла
бастады.
Мысалы,
тамызда
Түркістан
аймағы
қазақ-қырғыздарының
жалпы
жиналысынан, Торғай облысы ІІ қазақ сиезінен, қыркүйекте Семей облыстық кеңесінен
ұсынылды. «Қазақ» газетінің 5 қазандағы санында «Алаш партиясы» атты мақала
жарияланып, бұғанға дейін қазақ саяси партиясы немесе ұлттық партия аталынып
келген партия атауы жөнінде айтылды.
Қазақ тарихында партия құру мəселесі 1905 жылдан басталады. Осы жылғы
желтоқсанда Орал қаласында «Қазақ демократиялық конституциялық партиясын»
құруға арналған сиез өткізілгенін білеміз. Дегенмен отаршылдық саясат ол тұста саяси
партия құруға мүмкіндік бермеді. Алаш партиясының 1917 жылы құрылуына негізгі үш
себеп болды деп ойлаймыз. Біріншіден, патша үкіметі құлап, ұлттардың өз билігін
алуына деген тарихи мүмкіндік туды; екіншіден, Ақпан төңкерісінен кейін Ресейде жаңа
үкіметті жалпыхалықтық демократиялық сайлау арқылы жасақтау мəселесі көтерілді.
Наурыздан бастап көтерілген бұл мəселе нақтыланып 20 шілде де Бүкілресейлік
Құрылтай жиналысына сайлау туралы ереже жарияланды. Бұл құжатта Жетісу,
Сырдария, Ақмола, Торғай, Бөкей Ордасы, Орал облыстарындағы сайлаудың да тəртібі
қамтылды. Алаш көсемдері осы сайлауға қатысу үшін саяси партия құруды күн
тəртібіне қойды. Сол себепті Алаш партиясының құрылуын Ақпан төңкерісінен кейін
Қазақстандағы ғана емес, Ресейде қалыптасқан саяси күрестер контекстінде де
қарауымыз қажет; үшіншіден, алаштықтар саяси партия құру арқылы қазақ қоғамында
демократиялық
принциптерді
қалыптастыруды
мақсат
етті,
оны
партия
бағдарламасының жобасынан айқын аңғарамыз.
Сөз басында ұлттық автономия, қазақ саяси партиясын құру мəселесінің І жалпықазақ
сиезінен бұрын қоғамда көтерілгенін айтуға тиіспіз. Бұл мəселе 1917 жылғы сəуір,
мамыр айларынан бастап өткізілген облыстық қазақ сиездерінде көтерілді жəне уездік,
болыстық сиездерде жалғасын тапты. Маусым айында автономия жəне жер мəселесі
туралы «Қазақ» газеті «Тағы да жалпы қазақ сиезі» атты арнайы бағдарламалық
мақаласын жариялады. Мақалада автономия жəне саяси партия құру ұлттық мақсат
ретінде қарастырылды [8].
Ғалымдар арасында қилы қайшылық тудырып жүрген Алаш автономиясы мəселесіне
келсек, онда біз қолданылып жүрген ұғымдар мен терминдерді нақтылап һəм негіздеп
алуымыз керек. Біріншіден, Алаш автономиясы төңірегінде қолданылып жүрген,
«жарияланған», «жарияланбаған», «құрылған», «құрылмаған» деген ұғымдар. Иə, рас ІІ
жалпықазақ сиезінде автономия жариялау мəселесі дауысқа салынғанда оны 33 делегат
жақтады, 42 делегат жақтамады, 3 делегат қалыс қалды. Яғни, сиезде Алаш
автономиясы ресми түрде жарияланбады. Дауыс беру барысында азшылықты құраған
делегаттар егер автономия жарияланбаса, Түркістан автономиясына қосыламыз деген
пікірге барды. Осындай жағдайда сиез барлық өңірдегі қазақтардың бірігуін жақтай
отырып, өзара ортақ мəмілеге келіп, мынадай шешімдер қабылдады:
Алашорданың Халық кеңесі 1 ай ішінде Түркістан өлкесіндегі қазақ-қырғыздарды Алаш
автономиясына қосуды міндетіне алады. Егер 1 ай мерзім ішінде түркістандық
қазақ-қырғыздар Алаш автономиясына қосылмаса, онда Алашорданың Халық Кеңесі
барлық қырғыз-қазақ облыстары атынан Алаш автономиясын ресми түрде жариялайды.
Егер түркістандық қазақ-қырғыздар Алаш автономиясына бір ай ішінде қосылмаса,
Алашорда автономия жарияламаса əрбір облысқа өз атынан əрекет ету мүмкіндігі
беріледі. Түркістандық қазақ-қырғыздар 1 ай ішінде Алаш автономиясына қосылмаса,
онда Алашордаға Алаш автономиясын алғашқы мүмкіндік туған жағдайда жариялауға
құқық беріледі
Достарыңызбен бөлісу: |