Тарих 90 жауаптар


)Жалпықазақ съездері жəне олардың маңызы



Pdf көрінісі
бет48/67
Дата22.02.2024
өлшемі0.67 Mb.
#492829
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   67
Тарих 90 жауаптар

63)Жалпықазақ съездері жəне олардың маңызы.
1917 жылы 21-26 шілде аралығында Орынборда Бірінші жалпықазақ съезі Ақмола,
Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан жəне Бөкей ордасынан
келген
өкілдердің
қатысуымен
өтті.
Съездге
Х.Досмұхамедұлы
төрағалық,
А.Байтұрсынұлы, Ə.Көтібаров, М.Дулатұлы, А.Сейітов хатшылық етті.
Оның қорытындысымен «Алаш» партиясын құру туралы шешім шығарылған. «Съезд
қаулысы халыққа мағлұм. Партия ұраны десек, бабамыздың «Алаш» ұранынан артық
ұранды іздесек те таба алмаймыз. Сүйтіп қазақ саяси партиясының атын «Алаш» қою
əуре болмастан ауызға түсіп тұр. Жалпы қазақ съезінің қаулысын қабыл етіп, қазақ өз
алдына саяси партия болуын қостайтындар сайлауда кандидат списогін «Алаш»
партиясының списогы деп жүргізулері керек» деп жазды «Қазақ» газеті сол уақыттағы
нөмірлерінің бірінде.
Тағы да осы «Қазақ» газетінде Міржақып Дулатұлы: «Ресейде неше түрлі партия бар.
Бірақ ешқайсысының бағдарламасы қазақ ұлтының мұрат-мүддесіне сай келмейді» деп
жазыпты. Зерттеушілер бұл кезеңде қазақ зиялылары ұлттың жоғын жоқтайтын партия
құруды көздеген дейді. «Алаш» партиясының тарихына үңілгенде, оның бастауында
Орынбордағы І жалпықазақ съезі тұрғанын көреміз. Осы басқосуға қатысты
мағлұматтарға зер салғанда, қазақ зиялылары мемлекетшілдік мүддесін айқын
танытқаны аңғарылады.
Тарихшылардың сөзіне сүйенсек, қазақ зиялылары дəл осы І жалпықазақ съезінде сол
замандағы қазақ қоғамының ең өзекті мəселелерін көтерген. Күн тəртібіне қойылған он
төрт мəселе мемлекеттік құрылысқа, Қазақ автономиясына, жер, халық милициясы,
земство, оқу, сот, дін, əйел мəселелеріне, Бүкілресейлік құрылтай жиналысы,
Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі, Қазақ саяси партиясы, Жетісу оқиғасы, Киевте
өтетін Бүкілресейлік федералистер съезіне жəне Санкт-Петербургтегі оқу комиссиясына
қазақтан өкіл жіберуге қатысты болды.


Екінші жалпықазақ съезі — 1917 жылы 5-13 желтоқсан аралығында Орынбор
қаласында XX ғасыр басындағы қазақ қайраткерлері Алаш Орда үкіметін жариялаған
съез. Бұл съез Ресейде Қазан төңкерісі болып, большевиктер билікке келгеннен кейінгі
тарихи алмағайып кезеңде ұйымдастырылды. Съез шақыру жөніндегі комиссия
мүшелері Ə.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатұлы, Е.Омарұлы, С.Досжанов оны
ұйымдастыруда айрықша белсенділік танытты. Төрағасы — Б.Құлманов


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   67




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет