1. Психикалық үрдістер туралы түсінік


 Зейін туралы түсінік. Зейіннің қасиеттері: тұрақтылығы



Pdf көрінісі
бет3/26
Дата23.02.2024
өлшемі0.91 Mb.
#492998
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
1. Ïñèõèêàëû ðä³ñòåð òóðàëû òñ³í³ê

3. Зейін туралы түсінік. Зейіннің қасиеттері: тұрақтылығы, 
шоғырлануы, бөлінуі, көлемі, ауыспалылығы 
Зейін — адамның психикалық əрекетінің белгілі бір нəрсеге бағытталып 
шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Əсіресе, таным 


процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шəкірттің сабақты түсіне 
қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате жіберуі 
оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.
Зейіннің нейрофизиологиялық механизмдері: Зейін - нейрофизиологиялық 
механизімдерден таралған күрделі психофизиологиялық процесс. Когнитивті 
процестерді зертеуде негізгі теориялық мəселе ретінде зейіннің механизімі 
мен заңдылығын зерттеу болып табылады. Тəжірибе жүзінде зерттеулердің 
анықтауы бойынша зейіннің дамуы таным процестерінің, ерік жігердің жəне 
эмоционалды психикалық аймақтардың қалыптасуымен тығыз байланысты. 
Кіші мектеп жасындағы балалардың зейінінің қалыптасу деңгейі танымдық 
іс-əрекеттінің дамуына жəне білім алудың тиімділігінің дамуынак əсерін 
тигізеді жəне балалардың тек қарапайым əдіс арқылы оқытуды ғана емес 
сонымен қатар жаңа ақпараттық технологияларды жақсы қабылдай алады. 
Ерте онтогенез дамуында тума немесе жүре пайда болған көрудің естудің 
төмен дəрежеде болуы зейіннің жетіспеушілігіне алып келеді. Қазіргі 
таңдағы ғылымда зейіннің бұзылуы мен түзету мəселелерінің бірнеше 
аспектілері бар. Олар психолгия, психофизиология, нейрофармакалогия, 
нейрофизиолгия.
Зейін, түрлері мен қасиеттері: Зейін дегеніміз - адамның бойындағы 
маңызды тұлғалық белгілерді таңдауды жəне заттардың да қандай да болса 
белгілерін бөліп алуды айтамыз. Адамның психикалық əрекетінің белгілі бір 
нəрсеге бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. 
Əсіресе, таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шəкірттің 
сабақты түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда 
қате жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады. Адамның зейіні ырықты 
зейін, ырықсыз зейін жəне үйреншікті зейін болып үшке бөлінеді. Адам 
өмірінде ырықсыз зейін де елеулі орын алады. Ал ырықты зейін əрекеті 
саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалады. Үйреншікті 
зейін адамның əдетіне айналып кеткен зейін. Ол арнайы күш жұмсауды қажет 
етпейді. Жеке адам зейінінің негізгі ерекшеліктеріне тұрақтылық, оның бір 
нысаннан екінші нысанға оңай ауысуы, бөлінуі, нысандарды қамту көлемі, 
алаң болмаушылық, т.б. жатады.
Зейіннің негізгі қасиеттері: тұрақтылығы, зейіннің аударылуы, бөлінушілігі, 
көлемі, алаң болушылық. Адамның зейіні бір обьектіге немесе бір жұмысқа 
ұзағырақ тұрақтай алса, оны зейіннің тұрақтылығы дейді. Мысалы,өндіріс 
озатының не хирург дəрігердің жұмыс үстіндегі зейінін осыған жатқызуға 
болады. Зейіннің аударылуы деп бір обьектіден екінші обьектіге 
назарымызды көруді айтады. Адам санасының бір мезгілде бірнеше əрекетті 
атқара білу мүмкіншілігін зейіннің бөлінушілігі дейді. Адам зейінін екі не үш 
нəрсеге бөле алады. Зейіннің көлемі деп бір уақыттың ішінде оның қамтитын 
обьектілерінің санын айтады. Зейін көлемін анықтауға байланысты жасалған 


тəжірибелер тахистаскоп деген аспаппен тексеріледі. Алаң болушылық деп 
белгілі бір обьектіге саналы түрде зейінді ұйымдастыра алмаушылықты 
айтады. Əр нəрсеге ауып кете беретін жаңғалақ адамдардың зейіні көбінесе 
осындай болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет