169
Мұндай жағалар Норвегия, Гренландия, Канада, Жаңа Жер аралда-
ры жағалауындағы таулы өлкелерде кең таралған.
Шхералық жағалар – мұздық-денудациялық жазықтарды
теңіз суы басуы нəтижесінде қалыптасқан жағалар.
Теңіздер мен
көлдердің жағаларына таяу орналасқан шағын жартасты аралдар
жиынтығынан тұрады. Олар қазіргі кезде жартылай суастында
қалған мұздықпен өңделген қоймаңдай тастар мен ежелгі друмлин-
дер жиынтығы болып табылады.
Шхерлерді құрайтын ежелгі
кристалдық тау жыныстарын
материктік мұз басу кезінде мұз көшкіні қырнап, өңдеген. Ондай
жағаларды
Финляндия, Швеция, Исландия жағаларынан кездесті-
руге болады.
Лимандық жағалар – жағалаудағы ойпаң жазықтардағы өзен
аңғарларын теңіз суы басуынан пайда болады.
Көп жағдайда таяз
шығанақтар мен көлшіктерге айналып, кеңейген өзен сағаларын
алып жатыр. Олар кейбіреулері кедергісіз, тікелей теңізбен жалғасса,
ал
кейбірі тұйық көлге айналған, теңізден құмдауыт қайырлар
арқылы бөлінеді.
Лиманды жағалаулар Қара жəне Азов теңіздері жағалауында
Днепр, Днестр өзендері сағасына тəн.
Лиманның теңіз жағасынан
жиектеген құм қайыры өсе берсе, ол бір кезде теңізден бөлініп
қалады да, лимандық көл пайда болады.
Олардың көпшілігінің
шипалық қасиеттері бар.
Лимандық көлдер Оңтүстік Американың Парана жағалауында
көптеп кездеседі (
81-сурет).
81-сурет. Жағалардың түрлері