Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет124/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

техногендік немесе антропогендік пішіндер деп аталды. Бұл 
пішіндер климат жағдайына жəне тектоникалық қозғалыстарға бай-
ланысты емес. Көптеген жағдайда техногендік заттар табиғи ортаға 
кері əсер етіп, оған едəуір зиян келтіреді. 
Кей жағдайда қоршаған ортаға зиян келтірмеу үшін, оларды 
қайта өңдеу немесе мүлдем жойып жіберу қажет болады. Осының 
бəрі техногендік жер бедері пішіндерінің қалыптасуы мен өзгеруін 
нақтылы қадағалап отыруды жəне оны жүйелеп жіктеуді талап етеді 
(84-сурет).
84-сурет. Жазық жерлердегі антропогендік құрылымдар


172
Адамның жер бедеріне əсері туралы ХІХ ғасырда Г. Марштың 
«Жердің адам əрекетінен өзгеруі» атты еңбегінде алғаш рет 
жазылған. 1911-1913 жылдары А. С. Козменко адам əрекетінен 
денудациялық процестердің күшеюін көрсете отырып, ол жергілікті 
жердің антропогендік картасын құрастырған.
Антропогендік əрекеттер, атап айтсақ инженерлік құрылыс 
салу, ауылшаруашылық, гидротехникалық жəне тау-кен игеру 
барысындағы өндіріс қажеттіліктері жəне т.б. жер қыртысының 
əр аймақтарында белгілі бір ізін қалдырады. Мұндай аймақтарды 
ғылыми тұрғыда В. И. Вернадский (1944 ж) техносфера немесе 
ноосфера дап атаған (85-сурет). 
85-сурет. Техногендік жолмен пайда болған кратер
Антропогендік əрекеттердің нəтижесінде қалыптасқан жер 
бедері пішіндері олардың жер бетінде алуан түрлі көрініс беруі жəне 
өндірістік шаруашылыққа тигізетін əсерлері антропогендік жер 
бедерінің жіктемесін жасауда көптеген қиыншылықтар тудырады. 
С. С. Черноморецтің мəліметтері бойынша антропогендік 
жер бедерінің 30-дан астам жіктемелері бар. Олардың негізінде 
қарапайым морфологиялық пішіндерден бастап, əртүрлі өнеркəсіптік 
салаларға тигізетін əсерлерге дейін жəне геоэкологиялық тұрғыдан 
жіктеудің əртүрлі принциптері алынған.
Антропогендік жер бедері пішіндерін жіктеу жəне антропогендік 
əрекеттер туралы С. С. Черноморецтің зерттеулерінің мəліметтері 
бойынша ең алғашқы жіктеме жұмыстарын 1949 ж. В. Г. Бондарчук 
жасаған. Ол антропогендік жер бедері пішіндерін:
1. Ауылшаруашылық; 
2. Ирригациялық (суландыру); 
3. Тау-кен өнеркəсіптік; 
4. Қорғаныс мақсатындағы жер бедері пішіндері деп жіктеген.


173
Қазіргі кезде жіктеме жұмыстарын көптеген зерттеушілер
кешенді түрде жүргізіп, басқа да ұғымдарды қолдана отырып, оны 
əрі қарай дамытуда. Бірақ осы уақытқа дейін антропогендік жəне 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет