179
4. Гипсометриялық шкала көмегімен
абсолюттік биіктігін
(абсолюттік тереңдігін), ең биік нүктесін ( ең терең нүктесін)
анықтаңдар.
5. Физикалық карта көмегімен жоспар бойынша қысқаша
кешенді сипаттама беріңдер.
Тарау. бойынша қайталау сұрақтары:
1. Географиялық қабықтың
даму заңдылықтарына мысал
келтіріңдер.
2. Литосфераның
структуралық
құрылымының
басты
элементтерін атаңдар.
3. Материктік жер қыртысының қандай басты белгілері бар?
4. Мұхиттық жер қыртысына тəн басты белгілерді атаңдар?
5. Жер бедерін қалыптастырушы ішкі күштерді атаңдар?
6. Жер бедерін қалыптастырушы сыртқы күштерге мысал
келтіріңдер.
7. Басты тау жасалу кезеңдерін атаңдар, нақты мысал келтіріңдер.
8. Экзогендік процесс дегеніміз не?
9. Басты экзогендік процестерге не жатады?
10. Экзогендік процестерге əсер етуші алғышарттарды атаңдар?
11. Үгілу процесі дегеніміз не?
12. Үгілудің қандай түрлерін білесіңдер?
13. Үгілу кезінде жүретін тізбекті əрекеттерді атаңдар?
14. Беткейлердің қандай түрлері бар?
15. Тұрақты ағын су əрекеті əсерінен қалыптасатын жер бедері
түрлерін атаңдар?
16. Жерасты суы əсерінен қалыптасатын жер бедері пішіндерінің
түрлерін атаңдар?
17. Мұз əрекетінен қалыптасқан жер бедері пішіндері қалай ата-
лады?
18. Жамылғы мұздықтардың таралған аудандарын атаңдар.
19. Криогендік процестер əсерінен түзілетін
жер бедері
пішіндерін атаңдар?
20. Эолдық аккумяциялық пішіндеріне не жатады?
21. Жағалық процестердің негізгі түрлерін атаңдар?
22. Антропогендік жер бедері дегеніміз не?
23. Жыралар мен аңғарлар қандай жолмен қалыптасады?
24. Қандай ғалым ірі литосфералық тақталардың горизонталь-
дық бағытта қозғалуы туралы гипотезаны ұсынды?
180
25. Флювиалды жер бедері қалай жəне қайда қалыптасады?
26. Карстылы рельефтің дамуы үшін
қандай негізгі жағдайлар
болу керек?
27. Өзеннің сағасына жақын ауданда түзілетін аккумулятивті
жер бедері қалай аталады?
28. Флювийлік процестер əсерінен
қалыптасатын жер бедері
пішіндеріне мысал келтіріңдер.
29. Карстылық жер бедері қалай қалыптасады жəне қандай жер-
лерге тəн?
30. Жағалардың типтеріне мысал келтіріңдер (жекелеген
мұхиттар мысалында).
31. Аридтік жəне эолдық процестер əсерінен түзілетін жер
бедеріне мысал келтіріңдер.
32. Үгілудің қандай түрлері бар, нақты мысал келтіріңдер.
33. Антропогендік факторлар əсерінен материктердегі табиғаты
өзгеріске ұшыраған аудандарды атаңдар.