Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет132/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

Атмосфераның құрамы жəне маңызы. Атмосфера – Жер 
шарының ауа қабығы, ол салмақ күшіне байланысты планетаның 
айналып қозғалуына қатынасады. Жалпы салмағы 5·10
15
т шамасын-
да болатын атмосфера əртүрлі газдардан, су тамшылары мен шаң-
тозаңнан тұрады. 
Атмосфераның төменгі бөлігі Жер бетімен шектеледі. Ал жоғары 


185
шекарасы ретінде соңғы ғылыми деректер бойынша 1000 км биіктік 
алынады, бұдан əрі қарай ауа өте сиреген күйде болады. 
Шамамен 100 км дейінгі биіктік аралығында ауа көлемі жөнінен 
мынадай газдардан тұрады: азот – 78%, оттегі – 21%, инертті газдар- 
1%-ға жуық (оның 0,93%-ы аргон), көмір қышқыл газ – 0,03%-ды 
құрайды. Ауа құрамындағы криптон, ксенон, неон, гелий жəне сутегі 
газдары өте аз мөлшерде болады. 
Атмосфераның төменгі қабатында ауа құрамы салыстырмалы 
түрде тұрақты болады, тек өнеркəсіпті аудандар мен ірі қалалар 
үстінде көмір қышқыл газдың үлесі он есеге дейін артуы мүмкін. 
Лас ауаның құрамында бөгде қосылыстар (SO
2
жəне СО жəне т.б.) 
да кездеседі. 
Шамамен 200-1000 км биіктікте ауа құрамында оттегі басым, ол 
ультракүлгін сəулелер əсерінен атомдарға ыдыраған күйінде болады. 
1000 км-ден биікте сиреген атмосфера негізінен гелий мен сутегіден 
тұрады, сутегі зарядталған атомдар күйінде таралған. 
Атмосфера құрамындағы əрбір газдың атқаратын қызметі бар. 
Азот белок құрамына жəне нуклеин қышқылдарының құрамына 
енеді, ал оның қосылыстары өсімдіктерді минералдық қорекпен 
қамтамасыз етеді. Оттегінсіз тірі организмдердің тыныс алуы мүмкін 
емес, сондай ақ жану мен тотығу процестері де жүрмейді. 
Жасыл өсімдіктер көмір қышқыл газын пайдаланып, органикалық 
заттар түзеді. Атмосфера газдары тау жыныстарының химиялық 
үгілуіне қатынасады. Ал шамамен 25-30 км биіктіктегі озон қабаты 
Күннен келетін ультракүлгін сəулелерді ұстап қалу арқылы тірі 
организмдерді бұл сəулелердің зиянды əсерінен қорғайды. 
Ауа құрамындағы жай көзге көрінбейтін су булары белгілі 
жағдайда су тамшылары түрінде бөлініп шығып (конденсациялану), 
олардың тұтасуынан бұлттар қалыптасады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   128   129   130   131   132   133   134   135   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет