Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет15/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

П. С. ПалласИ. П. ФалькИ. П. Рычков сияқты ғалымдар қатысты. 
И. Муравин мен А И. Бутаков Арал теңізі мен Сырдария бойында, 
Г. С. Карелин Каспий жағалауларында зерттеулер жүргізді. Қазақ 
жерін жалпы географиялық тұрғыда зерттеген бұл ғалымдардың 
еңбектерінде, жаңа деректер жинақталып, табиғаттың қалыптасу 
заңдылықтарын түсіндіру бағытындағы алғашқы талаптар жасалын-
ды.
Осы кезеңге дейінгі ақпараттарды жинақтау негізінде
А. И. Левшин 1832 жылы «Қырғыз-Қазақ немесе Қырғыз-Қайсақ 
ордалары мен далаларының сипаттамасы» атты еңбегін жазды. Бұл 
еңбекте қазақ жеріне тұңғыш рет салыстырмалы түрде толығырақ 
географиялық сипаттама берілді.
ХV-ХVІІ ғасырларда Қазақстан туралы географиялық мəлiметтер 
Ресейдің ғылыми əдебиеттерiнде жинақтала бастады. Бұл мəлiметтер 
Мəскеу мемлекетiн жəне оған iргелес аумақтарды бейнелеген «Боль-
шой чертеж» («Үлкен сызба») картасында жүйеленген. 
1627 жылы шыққан «Книга большого чертежа» («Үлкен сыз-
ба кiтабы») атты еңбекте еліміздің батыс, оңтүстік жəне орталық 
бөлiктерiнiң бiршама жерлерiне нақтылы сипаттама берiлген. 
ХVІІ ғасырда Қазақ ордасына жəне Орта Азия хандықтары 
жерiне жасалған орыс саяхатшыларының зерттеулерi жиiлей 
түскен. Олардың Жайық өзені сыртындағы дала туралы мəлiметтерi 
жинақталып, «Чертеж всей земли безводной и малопроходной ка-
менной степи» («Бүкiл жерi сусыз, өтуге қиын тастақты дала сыз-
басы») деген атпен жарық көрген (1697). Бұл туынды С. Ремезов 


20
жазған «Чертежная книга Сибири» («Сiбiрдiң сызба кiтабы») атты 
орыстың тұңғыш географиялық атласы құрамына енген. Мұнда 
Қазақстан аумағының көпшiлiк бөлiгi қамтылған. 
ХVІІІ ғасырдың 30-жылдарынан ХІХ ғасырдың 60-жылдарына 
дейiн созылған Ресейдiң қазақ елін отарлау үрдiсi географиялық 
зерттеулердiң сипаты мен барысына əсерiн тигiзбей қоймады. Бұл 
кезеңде жаңа қосылған аумақтарда орыс мемлекетi билiгiн орнату 
жəне нығайту мақсатына сай көптеген арнаулы əскери жəне ғылыми 
экспедициялар ұйымдастырылды. 
Ертiс өзенінің бойында бекiнiстер салуға жəне Жоңғар 
хандығымен дипломатиялық қарым-қатынас орнауына байланысты 
Шығыс жəне Оңтүстік-Шығыс Қазақстанды тұңғыш топографиялық 
картаға түсiру iсi жүргiзiлдi. 
Сонымен қатар Қазақстанның батысында, Каспий мен Арал 
теңіздерi жағалауында, Сарысу, Шу өзендерiнiң алаптарында картаға 
қарапайым түсiрілім жасаулар iске асырылды. Бұл түсiрулердiң 
нəтижесiнде, бiр жағынан, Қазақстанның жеке өңiрлерiнiң тұңғыш 
iрi масштабты карталары жасалса, екiншi жағынан, табиғат 
ерекшелiктерi туралы ғылыми мəлiметтер жинақталды. 
Қазақстан географиясы туралы алғашқы ғылыми еңбек


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет