17
іздеуі (Барроу 1556 ж., Пит жəне Джекмен 1580 ж., Баренц 1594 ж.,
Флеминг 1664-1668 ж.) дұрыс нəтиже бермеді. Олар Баренц жəне
Кар теңіздері арқылы жүзіп, Ямал түбегіне дейін ғана жете алды.
ХVІ ғасырдың соңы мен ХVІІ
ғасырдың бірінші жартысында
орыстар көптеген географиялық жаңалықтарға қол жеткізді. Орыс
казактары 50 жылдай уақытта Оралдан (1584) Тынық мұхитқа дейін
(1639) жетті.
1639 жылы
И. Москвитиннің отряды Охот теңізінің жағалауына
шықты.
1644-1645 жылдары
В. Поярков Амурды бойлап, оның
сағасына дейін барды. Көп ұзамай
Е. Хабаров 1647-1651 жылдары
Амур өлкесіне бірнеше жорық жасады.
1648 жылы
С. Дежнев пен
Ф. Попов Азияның солтүстік-шығыс
жағалауын бойлай жүзіп, Азияны Америкадан бөлетін бұғазды
ашты.
Осы ашылулармен бір уақытта француздар (
С. Шамплен,
Э. Брюле жəне т.б.) Солтүстік
Американың ішкі бөлігіне өтіп,
Аппалачтың солтүстігін, Ұлы көлдерді ашты. Бұл кезде голландтар
Оңтүстік жарты шарда «Белгісіз оңтүстік жерді» (
Terra іncognіto
Australіs) іздеумен айналысты.
1605 жылы олар Үнді мұхитымен жүзу
кезінде Аустралияның
солтүстік-батыс жағалауын көрген болатын.
1641-1643 жылы
Абель Тасман Аустралияны айнала жүзіп,
оның полюстік аймақты түгел қамтитын қиялдағы «Белгісіз оңтүстік
жерден» бөлек екенін анықтады, Жаңа Зеландияны жəне
бірнеше
аралдардар тобын ашты.
Ұлы географиялық ашылулар нəтижесінде адамдардың Жер ту-
ралы түсінігі түбегейлі өзгерді. Картаға «Ескі Дүниеге» қосымша
жаңа дүние бөліктері –
Америка мен
Аустралия, Жер шарындағы
ең үлкен –
Тынық мұхиты, көптеген аралдар, теңіздер мен бұғаздар
енді.
Ұлы географиялық ашылулар кезеңінде Жердің шар тəрізді
екендігі түпкілікті дəлелденді. Жер бетінде ежелгі ғалымдар
ойлағандай құрлық емес, судың басым екендігі анықталып, біртұтас
дүниежүзілік мұхит ұғымы қалыптасты.
Ұлы географиялық ашылулар түрлі ғылым салаларын дамытуға
негіз салумен бірге дүниежүзі елдерінің əлеуметтік-экономикалық
дамуына ықпал жасады.