Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет18/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

А. Н. Краснов (1862-1914) негізінен Тянь-Шань тау жүйесі мен 
Балқаш көлі маңындағы шөлді аймақтың өсімдіктер жамылғысын 
зерттеді. Ол топырақ пен өсімдік арасындағы байланысты, сондай-
ақ физикалық-географиялық жағдайлардың өсімдіктерге тигізетін 
əсерін, əсіресе, мұз басқан жерлердегі өсімдіктер бойындағы 
өзгерістерді анықтады. Тянь-Шань өсімдіктерін еуропалық 
түрлермен салыстырып, олардың қалыптасу тарихы мен дамуын 
сипаттап жазды.
Л. С. Берг (1876-1950) еңбектері де табиғат құбылыстарын 
тұтас бірлікте алып қарауымен ерекшеленеді. Қазақстан жеріндегі 
зерттеу қызметін əуелде Солтүстік Қазақстанның тұзды көлдерін 
(Теке, Қызылқақ, Сілетітеңіз) бақылаудан бастаған. Ол 1900-1903 
жылдары Арал теңізін мұқият зерттеді. Аралға таяу Қызылқұмды, 
Арал маңы Қарақұмын, Үлкен жəне Кіші Борсық құмдарын аралап 
көрді. Оның «Арал теңізі» (1908 ж.) атты еңбегінде теңіз бен оның 
айналасындағы жерлердің жер бедері, геологиялық тарихы, гидро-
логиясы, жануарлар дүниесі мен өсімдіктері жан-жақты сипатталды.
Осы жəне басқа зерттеулердің нəтижелеріне сүйеніп, Л. С. Берг 
Қазақстан аумағын ландшафтылық аймақтарға жəне морфологиялық 
облыстарға бөлді. Батыс Сібір ойпаты, Торғай далалық өңірі, 
Түркістан ойпаты, Үстірт, Тянь-Шань жүйесі, Қазақтың қатпарлы 
өлкесі (Сарыарқа), Орал тау жүйесі, Алтай-Саян тау жүйесі сияқты 
географиялық облыстар Берг еңбектерінде дəлелденіп берілген.
Өз зерттеулерiнiң нəтижесiн Л. С. Берг «Аральское море» 
(«Арал теңiзi») монографиясында (1908 ж.) қорытындылады. Бұл 
еңбек өз деректерiнiң нақтылығымен, ғылыми қорытындыларының 
маңыздылығымен бүгiнгi күнге дейiн маңызын жойған жоқ. Осыдан 
кейiнгi жылдары Л. С. Берг Балқаш көлін жан-жақты зерттедi. 


24
Қазақстан 
аумағының 
қазiргi 
физикалық-географиялық 
бөлiнуiнiң негiзi Л. С. Бергтiң нақтылы деректері негiзiнде 
ландшафтылық жəне морфологиялық облыстарға бөліндi. Бергтiң 
аудандастыру туралы еңбегiнiң Қазақстан аумағы үшiн қазiрге дейiн 
ғылыми маңызы күшін жойған жоқ
XIX ғасырдың екінші жартысында басталған табиғатты физика-
лык-география тұрғысында тұтас зерттеу жұмысы XX ғасырдың бас 
кезінде де жалғасты. Бұл кезде Сібір теміржолының қазақ жеріндегі 
бөлігі бойында (Солтүстік Қазақстан) Қоныс аудару басқармасының 
ұйымдастыруымен Ақмола, Торғай, Жетісу аймақтарында зерттеу 
жұмыстары жүргізілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет