Оқулық Алматы, 012 ƏӨж ббк ə Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің «Оқулық»



Pdf көрінісі
бет168/263
Дата26.02.2024
өлшемі7.14 Mb.
#493176
түріОқулық
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   263
httprmebrk.kzbilimabilmajinova-jalpy-jertanu.pdf

сы (океанология) айналысады. Бұл Дүниежүзілік мұхит деңгейінде 
ғаламдық жəне жергілікті масштабта жүріп жатқан географиялық 
заңдылықтарды жүйелі зерттейтін география ғылымының құрамдас 
бөлігі. 
Ғылыми даму барысында мұхиттар географиясы физикалық-
географиялық жəне экономикалық-географиялық салаларға 
жіктелді. Бірақ та екі сала Дүниежүзілік мұхит табиғатын тиімді 
пайдалану жəне мұхиттық елтану проблемаларын зерттеу барысын-
да жиі бір арнада тоғысып отырады.


238
Мұхит физикалық географиясы – Дүниежүзілік мұхит 
кеңістігінде жүретін жалпы географиялық жəне тек мұхитқа ғана 
тəн заңдылықтардың, мұхит табиғатының ендік жəне тік бағыттағы 
географиялық зоналылықтың көрініс табуын зерттейді.
Мұхиттардың физикалық географиясы – нағыз физикалық 
географиялық ғылым ретінде мұхит табиғатының мынадай 
ерекшеліктерін: 
Біріншіден, океаносфера деңгейіндегі географиялық қабықтың 
заңдылықтарын, құрылымын жəне қасиеттерін; 
Екіншіден, шығу тегі жағынан біртектес табиғат кешендерінің 
барлық таксономиялық деңгейдегі құрылымдарының қалыптасуы 
мен дамуын, өзгерістерін жəне олардың құрлық табиғат кешендерімен 
өзара байланысын; 
Үшіншіден, океаносфераның қалыптасуы мен дамуының 
геологиялық тарихын, əрбір кезең аралығындағы мұхиттар 
табиғатында жүрген өзгерістерді зерттеумен айналысады. 
Бұл ғылым саласының басты міндеті – Дүниежүзілік мұхит 
табиғат кешендерінің біртұтастық заңдылығы туралы білім 
жиынтығын басшылыққа ала отырып, оның табиғи ортасын сақтау 
жəне ондағы биологиялық өнімділікті жақсарту жұмыстарын 
оңтайлы ұйымдастыру. 
Дүниежүзілік мұхит географиясы ғылым ретінде қалыптасуына 
қарай бірнеше кезеңдерге жіктеледі.
Бастапқы кезең Антик дəуірінен бастап ХVІІІ ғасырдың 
ортасына дейінгі уақыт аралығын қамтиды. Алғашқы ғылыми 
мəліметтер антик дəуірінің ғалымдарының Жер шарын құрлық пен 
судың арақатынасына қарай «мұхиттық» (Аристотель, Страбон, 
Эратосфен) жəне «континенттік» (Птоломей жəне т.б.) бөліктерге 
бөлуінен басталады.
Тек ХVІІ ғасырдың ортасынан бастап, Ұлы географиялық ашы-
лулардан кейін адамзатқа мұхит үлесінің жоғары екендігі белгілі 
болды. Ол Б. Варенияның «Жалпы география» деген еңбегінде 
жазылған болатын. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   263




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет