239
«тропиктік» (тереңге қарай температураның төмендеуі) жəне
екі «полярлық» (тереңге қарай температураның жоғарылуы) су
массаларының қалыптасуын анықтады.
Сондай-ақ
М .Мори Атлант мұхиты мысалында «Желдер мен
ағыстар» картасын жасады. Осы екі ғалым Дүниежүзілік
мұхит
географиясының негізін қалаушылар деп саналады.
ХVІІІ ғасырдың ортасы мен ХІХ ғасырдың 60-жылдары мұхиттар
мен теңіздер туралы жалпы географиялық зерттеулер жүргізіліп,
алғашқы теңіз жолдары мен теңіз кəсіпшілігінің негізі қалана баста-
ды.
Дүниежүзілік мұхит географиясының ғылым ретінде
қалыптасу кезеңінің бас кезінде (ХІХ ғасырдың 60-жылдары мен
ХХ ғасырдың ортасына дейін) мұхиттар
мен теңіздер табиғатын
компоненттік тұрғыда зерттеулер жүргізіле бастады.
Бұл кезеңнің
соңына қарай мұхит табиғатына түбегейлі зерттеулер жүргізіле бас-
тады.
Ол зерттеулер «
Челленджер», «
Витязь», «
Фрама»
сияқты
ғылыми-зерттеу
экспедициялық кемелері мен Ч. У. Томпсон,
С. О. Макаров,
Ю. М. Шокальский,
В. В. Докучаев,
М. А. Рыкачов,
Н. Н. Зубов,
А. В. Эверлинг,
Г. Шотт сияқты ғалымдар еңбегінің
нəтижесінде жинақталды.
Достарыңызбен бөлісу: