119
да болып, тыныштық жағдайдағы ежелгі құрылымдар қозғалмалы
(сейсмикалық) аудандарға айналды.
Неотектоникалық
қозғалыстар Тян-Шань, Алтай, Саян, Бай-
кал тау жүйелерін қамтыды, олардың əсерінен бұл аймақтарда тау
аралық ірі қазан шұңқырларға сəйкес келетін ойыстар қалыптасты.
Кейбір аудандарда терең жарықтар жер қыртысы арқылы
мантияға дейін жетіп,
рифттердің қалыптасуына себепші болды.
Мұндай рифттер қатарына Байкал көлі мен Өлі теңіз табанындағы
жəне Шығыс Африкадағы
Ұлы жарықтар жүйесі жатады.
Терең тектоникалық жарықтар
бойында кейбір көлдердің
қазаншұңқырлары орналасады. Дүниежүзілік мұхит табанында
рифттердің ең ірі жүйесі таралған, олар біртұтас суасты орта жота-
ларына сəйкес келеді.
Материктердің Тұнық мұхитпен жалғас бөліктері қазіргі кездегі
тау жасалудың ең қарқынды жүріп жатқан аудандары болып та-
былады,
бұл аймақ Тынықмұхиттық жанартаулық белдеу деп
аталады. Бұл белдеуде қарқынды жанартау атқылаулары, күшті жер
сілкінулері тоқтаусыз жүріп жатыр. Жер шарындағы əрекет етуші
жанартаулардың басым көпшілігі осы аймақта орналасқан.
Жанартаулық белдеу бойымен
материктік литосфералық
плиталардың аумағы біртіндеп ұлғаюып, соның есебінен
мұхиттардың жағалық сызықтарында өзгерістер пайда болуда.
Жер қыртысындағы жаппай қозғалыстар материктер мен
мұхиттар арақатынасының өзгеруіне, жер бедерінің биіктеуіне, ат-
мосфера циркуляциясы мен мұхит беткі ағыстары бағыттарының
ауысуына себепші болды. Бұл жағдайлар Жер ғаламшарының
геологиялық даму тарихында климаттың ғаламдық өзгерістерінің
туындауына қажетті жағдайлар жасады.
Достарыңызбен бөлісу: