122
мен жүреді. Тақталарды бөліп жататын ірі жарықтар жүйесі жер
қыртысы неғұрлым жұқа болатын мұхит табанында қалыптасады.
45-сурет. Литосфералық тақталар жəне олардың қозғалу бағыттары
Мұхит табанындағы жарықтар бойымен көтерілген магманың
есебінен тақталардың шеткі бөліктері биіктеп,
суасты орта жота-
лары түзіледі (
45-сурет).
Барлық мұхиттардың табанында таралған біртұтас суасты орта
жоталарының жалпы ұзындығы 75 мың км асады, ені 2 мың км, ор-
таша биіктігі 3-4 мың метрге жетеді.
Суасты орта жоталарының
остік бөлігі арқылы өтетін
рифттердің тереңдігі 2 км, ені 12-15 км жетеді. Рифттерден шыққан
лава мұхиттық тақталардың аумағын ұлғайтып,
жер қыртысын да
қалыңдатады. Осы қозғалыстардың нəтижесінде мұхит табандарын-
да рифтілік жер қыртысы қалыптасады.
Рифттер бойымен литосфералық тақталар бір-бірінен ендік
бағытта алшақтайды. Олардың
қозғалу жылдамдығы жылына
бірнеше сантиметрден бірнеше ондаған сантиметрге дейін жетеді.
Тақталар қозғалысы жылдамдығының мөлшері жер қойнауындағы
тектоникалық қозғалыстардың əсеріне тəуелді болып келеді.
Мұхит табанындағы суасты
орта жоталарының бойымен
литосфералық тақталардың ажырау шекарасы –
спрединг зонасы
өтеді (
46-сурет).
Мұхит табанында суасты орта жоталарын кесіп өтетін көлденең
тектоникалық жарықтар күрделі жүйесі таралған. Оларды
Достарыңызбен бөлісу: