«Ұлттық ДӘСТҮР – Қазіргі қазақ руханиятының Өзегі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағы



Pdf көрінісі
бет13/37
Дата29.02.2024
өлшемі1.26 Mb.
#493209
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37
ғylymi-maqalalar-20.06.2022-3

Қазақстан», 05.01.2021) атты мақалалары мен «Қазақ халқының тағдыры тарих 
таразысында тұр» тақырыбындағы сұхбаты («Ана тілі» газеті, 25.06.2020) сыншыл 
оқырмандарын сендіре алмады. Өйткені стильдерінде сәйкессіздіктер бар. Әрине, негізгі 
тезистерін автордың өзі дайындап ұсынған болуы мүмкін, бірақ бергі жағындағылар 
бояуын қалыңдатып жіберген сияқты. Егер спичрайтинг саласын дамытсақ, бұл бағытты да 
сәтті жолға қоюға болар еді. Президент те қымбат уақытын үнемді пайдаланып, нәтижелі 
жұмыстарымен айналысуға жағдай жасалар еді. Қазір қоғамға креативті коммуникация 
керек. Бұл тұрғыда Әбіш ағасының жолын жалғап, осы саладағы лайық ізбасары болып келе 
жатқан қазіргі ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қариннің іс-әрекеттеріне жіті мән берсек, 
Кекілбаев тәжірибесін жетік игергеніне көзіміз жетеді. Президенттің «Жаңа Қазақстан: 
Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауынан (16.03.2022) Қариннің қолтаңбасын көреміз. 
Елбасы қайраткер қаламгер Ә. Кекілбаевқа «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын берген 
салтанатты жиында (08.12.2009): «Мемлекет құру деген ауыр шаруаларды, күрделі 
міндеттерді жүзеге асыру кезінде менің жанымда қажет кезінде Әбіш Кекілбайұлы бірге 
болды. Жаңа тұрпатты Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тарихи өмірбаянын бірге 
жазысуға атсалысты. Менімен сапарлас болған серіктерімнің ішінде Әбіш Кекілбайұлы 
есімін ерекше атаймын. Әбекең қай қиырға салсам да, қиядан көрінді, қай тереңге салсам 
да, бойлап та, ойлап та шыға білді. Ойымдағының орайын тапты, қай істе де қайраткерлік 
пен ерік-жігердің үлгісін көрсетті...» – деген терең тебіреністі сөздерінен мерей иесінің ұзақ 
жылғы спичрайтерлік қызметіне де ризашылық білдіргенін байқауға болады. Өйткені оның 
ондаған жылдар бойы форумдарға, конференцияларға, симпозиумдарға, саммиттерге, 
сессияларға, конгрестерге қатысып, сахналардан, эфирлерден, мінберлерден сөйлеген және 
оқыған дәрістері, лекциялары, баяндамалары, үндеулері, мәлімдемелері, жолдаулары, 
мақалалары, жазбаша сұхбаттары, хаттары, кітаптары сірескен саяси стильде де емес, тұтас 
публицистикалық немесе көркем әдеби стильдерде де емес, штамптармен шектелмей
аралас жанрда жұртшылыққа жақын қабылданды. 
Адам әлеуеті шексіз ғой. Онсыз да табиғатынан көшбасшылық қабілеті мен лидерлік 
харизмасы күшті Тұңғыш Президентті сұңғыла спичрайтері сырт көзге одан да биік парасат 
иесі, саңлақ спикер қылып көрсете түсті. Ресми шешендік шеберлігі арқылы көсемдік пен 
ойшылдық образын жасады. Интеллектуалдық тұрғыда іскерлік имиджін арттыра түсті, 
жұртқа жұғымын жоғарылатты, беделін биіктетті, абыройын арттырды, рейтингін көтерді, 
эгосын қанағаттандырды. Ол кездері Президентке қызмет еткен саяси технологтарының 
өздері көрінбей, тасада қалыс қалатын. Сондықтан олардың еңбегіне де лайық баға 
берілетін уақыт келген шығар. Мүмкін, басқа спичрайтерлер де анықталып қалар. Мәтін 


43 
жобасын дайындауға атсалысқандар ішінде тағы кімдер болуы мүмкін? М. Жолдасбеков, 
Ш. Мұртаза, А. Сейдімбек, Т. Әбдік, С. Абдрахманов, Қ. Көшербаев, Ж. Қуанышев, Т. 
Боранғалиев... Ал бұған қатысты ізгі ниетті оқырмандардың пікірлерін, өздері білетін тың 
деректерін күтеміз. Жалпы кімдер жазса да, осы жұмысқа жетекшілік етіп, қаламгерлердің 
бұл бағыттағы қызметін дербес үйлестірген – Ә. Кекілбаев деуіміз қисынды. Бұл 
жинақтарға енген жазбалардың кемінде бір экземпляры ҚР Президентінің мұрағатында 
сақталған болуы мүмкін. Зерттеушілер оны да ескеріп, басқа да қайнаркөздерді қарауы 
керек. 
Осы орайда Әбіш Кекілбайұлының педагогикалық пікірлерін зерттеуші ретінде 
оның өзі туралы да ойымызды ортаға салсақ. Болмысынан гуманист адам кім-кімді де 
бәтуалы сөзімен ыңғайына бұрып, пікірін қалыптастыруға оң ықпал етері сөзсіз. Өзі қандай 
болса, өзгені де сондай болуға бейімдейтіні белгілі. Керісінше, кеңесшілік қызметте сөзі 
өтімді, бірақ бейадекват, пиғылы бөтен біреу болса, ондай кісілердің қолынан көзқарасты 
кері бағытқа бұру да келетінін ескеруіміз керек. Ол екі қасиетке ие екі түрлі адамдарға 
ізгілікке сендіре білу де, зұлымдыққа көндіре білу де қиын емес. Бұл тұрғыда Әбіш 
Кекілбайұлының ұстамдылығы – үлгі, ұстанымы – ұлағат. Эмоцияға жеңдірмей, басшы 
көзқарасын құрметтей отырып, қиыннан қиюластырып, өз ойларын тігісін жатқызып, 
майдан қыл суырғандай жеткізе білген. Оның Елбасы атынан жазылған көптеген мәтіндері 
қанатты сөзге айналып, кең қолданысқа еніп кетті. Абайдың гуманистік концепцияларын 
қағида қылған қаламгер: 
«Сөзіне қарай кісі ал, 
Кісіге қарап сөз алма», – 
деген нақылын әрекетімен орындаған. Ол Президенттің де, өзінің де жауапкершілігін 
жақсы сезінген. Сондықтан әр сөзін парасатпен пайымдаған, жанашырлықпен дайындаған. 
Біреудің атынан ойланып-толғанып, біреудің атынан жазу – классик қаламгер үшін 
жанқиярлық болмаса да, жан қинарлық жұмыс.
Бұл пікірлеріміз біржақты қабылданбасын деп, сегіз жыл бұрын «Ана тілегі 
адастырмайды» атты мақала жариялап, Тұңғыш Президент тұлғасы туралы да зерттеуге 
қызығушылық танытқанымызды айта кеткеніміз жөн («Егемен Қазақстан», 01.12.2014)
Өзіміз Елбасымен бірнеше рет кездестік, тілдестік. Сол арқылы қалыптасқан пікірлерімізді 
жазып жүрміз. Оппоненттеріміз тарапынан: «Бұл туралы Н. Назарбаев Президент болып 
тұрған жылдары неге айтпадыңыз?» – деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Идеямыз бұрыннан 
ойымызда жүргенімен, нақты және ресми дереккөздерге енді қол жеткізіп отырмыз. 
Дүдәмал дақпыртқа емес, дұрыс дәйекке сүйенуіміз керек. 
2019 жылғы 10 қазан күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау сапарында 
жазушы Әбіш Кекілбайұлы ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысып сөйлеген сөзінде: 
«Әбіш Кекілбаев – ғұлама жазушы ғана емес, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері. 
Елбасының сенімді серігі ретінде Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалауға қосқан үлесі 
орасан зор. Еліміздегі жоғары лауазымдарда қызмет істеп, халықтың ықыласына бөленді... 
Әбіш Кекілбай Тәуелсіздігімізді қорғауға және нығайтуға атсалысқан аса көрнекті қоғам 
қайраткері болғанына ешқандай күмән жоқ. Өйткені ол қазақтың ой-санасын жаңғыртқан 
ұлы өзгерістердің басы-қасында жүрді. Көрнекті қайраткер егемен еліміздің тарихи 
шежіресінде өз қолтаңбасын қалдырды... Қазіргі жастарымыз Әбіш Кекілбаевтың 
қоғамдық-саяси көзқарастарын танып-білуі керек. Біз оны ел мүддесін жоғары қойған нағыз 
патриот деп санаймыз. Әбіш Кекілбай – отаншылдықтың жарқын символы», – деп ізетті 
ілтипатпен, лайық бағалады. 
Екі Президентіміз де еңбегіне әділ баға берген жазушы Ә. Кекілбайұлының еріксіз 
еліктіріп әкететін әңгімелеріндей, спичрайтер ретіндегі жазбаларына қоғамдық пікірді 
байқау үшін, кіріспе ретінде жалпылама шолу жасадық. Біз бұл бағыттағы ой-пікірлерімізді 
университетте өзіміз оқытатын «Сөз өнері», «Әбіштану» пәндерінде іздене жүріп 
қалыптастырдық. Алда «Таңдамалы сөздердегі» басты тұлғаның сөз саптасына қарай 


44 
сараптама жүргізіп көрмекпіз. Осы орайда ойлы оқырмандардың жанашырлық сын-
пікірлері аса маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет