36
Ұлттық ділдің көрінісі тілде де, рухани және материалдық дүниеде де таңбаланады.
Бұл ерекше таңбаны семиотика, когнитивистика, мәдени лингвистика, әлеуметтік
лингвистика мәліметтерін бір арнаға тоғыстыра алатын этнопсихолингвистикалық талдау
жасау арқылы көптеген нәзік тұстарды анықтау мүмкіндігі бар.
Қазақстандағы көптеген жер-су атауларының этнопсихолингвистикалық талдаулары
сөздің мағыналық қабаттарында сақталған тарихи ақпарттардың күрмеуін
шешуге жол
ашады. Этнопсихолингвистикалық талдау арқылы қазақ тілінің ұлттық ділінің ұлттық тілі
арқылы көрініс беру жолджары танылады. Сонымен бірге этнопсихолингвистикалық
талдау жер-су атауларына деген қазақтардың қарым-қатынасын анық танытады. Қазақша
сөз бастау мен сөз саптау және сөзді түйіндеу процесінде сөз, интонация, кескін-келбет,
қол, ым-ишара - барлығы ұлттық ділдің сәулесімен бір аяда өрбіп, сол аяда этикалық-
адамгершілік нормаларды бұзбастан қайта түйінделеді. Осындай ерекшеліктер жер-су
атауларында да сақталғанын этнопсихолингвистикалық талдау негізінде тануға болады.
Жер-су атаулары, біздің ойымызша бір
немес бірнеше сөз тіркесі емес, ішінде
синтаксистік процесс консервацияланған, ерекше кумулятивтік «сыр сандық». Бір ғана
жер-су атауында ұлттық болмыстан туындаған тілдік қарым-қатынас, ұлттық діл болмысы,
барлық ерекшелігімен орын алып, атау сияқты болып тас түйінге айналған. Негізінде,
лексикалық номинациялық процестің табиғатын тілдің барлық жүйесінде қайнап, әбден
електен өтіп барып, айнымайтын қалыпқа түсетін механизмдері бар болмыс деп түсінуге
болады. Этнопсихолингвистикалық талдауда тіл иегерінің
санасында өз ұлтының өкілі
ретінде тіл мен мәдениеттің біртұтас бірлігі жүзеге асырылады. Ұлттық тілдік сана, ғылыми
әдістер, мәдени-тарихи контент – зерттеушіге ерекше ассоциативтік тәжірибелер жүргізуге
болатын мүмкіндіктер. Тілдік сана механизмдері ділдік формада қарастырылып, ұлттық
мәдениетті
талдаудың
өзгеше
жолдарын
ашып
береді.
Тілдік
сананың
этнопсихолингвистикалық талдау барысындағы болмысы тілдің иегерінің ұлттық
санасында өзара «өріліп, тоқылған» (А.Н. Леонтьевтің терминімен айтқанда) сананың
бейнелеріне жетелеп алып келеді. Тілдік сананың бейнесі ақыл-ой операциялары негізінде
жинақталған білімге сүйеніп, сезімдік білімді де пайдаланады. Сонымен бірге
этнопсихолингвистикалық талдауда ассоциативтік тәсілдемені қолдану да қызықты
нәтижелерге алып келеді. А.Н. Леонтьевтің айтуынша, ассоциативтік тәсілдеме жекелеген
ассоциациялардың жай қосындысы емес. Түрлі білімнің ағыны түйіскен нүктеде туындаған
жаңа шешім – ассоциативтік процестің күрделі, көпқырлы шешімі. [2]
Қазақстанның батыс аймағында ағатын Жем өзенінің атауын Ембі деп атау бар екені
белгілі. Осы екі сөздің бір сөз екенін дыбыстық талдау негізінде анықтау қиын емес. Назару
аударып қарастыатын болсақ, қазақ тіліндегі «ж» дыбысы барлық басқа түркі тілдеріде «й»
болып айтылатыны белгілі. Жем өзенінің топожүйесін географиялық тұрғыдан зерттеген
ақтөбелік географ ғалымдар Қ.Т.Сапаровтың, А.М.Сергееваның, И.Бекзатқызының
мақаласында берілген лингвистикалық топшылаулары топонимдерді географиялық және
лингвистикалық ғылым мамандарының біріге отырып зерттеуі керек екенін дәлелдейді. [3]
Мақалада авторлардың «Жем» өзенінің аталуын «хем» сөзімен байланысты қарастыруы да
қызықты. Ал біздің топшылауымызша, аңыздарда ақ түйеге мініп жүретін Йима Мұғалжар
тауларында өмір сүрген Заратуштра болуы мүмкін. «Авеста» кітабында жазылған Йима –
мал шаруашылығының
бастауында тұрған, берекелі мемлекет құраған Жамшидтің аты
болуы да мүмкін. [4]
Мұғалжар атауына да этнопсихолингвистикалық талдау жасауда мүлде басқа
мағыналық жүйелер табуға болатынын көреміз. «Мұғал» сөзін Могол деп қарастырсақ, бұл
сөздің парсыша аудармасы - لوغ – алып, гигант. Ал «Мұғал» – «Моғол» – «Могол» –
«Моголстан» деген сөздерден «алыптар елі» деген мағынаны да туындату қиын емес. Қазақ
халқында қазіргі күннің өзінде «Мұғал» сөзі адам есімдері ретінде кездеседі, әрине, қазір
көбіне фамилия ретінде қалып отыр. (Ал егер «Мұғал» және «Йим» сөзінің қосындысынан
жаңа сөз туындатып көрсе қалай болар еді ? Алып Ұстаз?... Ұлы Ұстаз?...)
37
Ырғыз өзеннің атауындағы «Ыр» компоненті - Ар – Күн – компонентін білдіруі де
мүмкін. Ал «Ғыз» компоненті туралы Әзірбайжанның мифологиялық сөздерін
зерттеушілер былай дейді: «В связи со словом «Гиз», которое впервые встречается в
названии сел Гиз Амад «Карадаг и Гизбин в Бостан-Абаде ( Оджан )», необходимо
упомянуть и название реки «Иргиз». «Название реки Ир Гиз также пишется как Air Qiz.
Кроме того, древнее 4000-летнее название Гызыл Бунда в районе пересечения реки Гызыл
Озан ясно указывает на такое древнее турецкое произношение и имена. В результате
возможно, что Гиз Аммад такой же, как Гиз Аммад, а Кизбин такой же, как Гизбин. Слово
исми также встречается в названии села «Исми Кемар» из села Шабестарского района». [5]
«Ырғыз» сөзіне ассоциативтік эксперимент жасап көретін болсақ, «Архас», «Арқат»,
«Архаш», «Орқаш» сөздерінің бір ұяшыққа жиналуы мүмкін екенін көруге болады. Бұл
сөздердің мағыналық құрамындағы қазақ ұлттық ділінің құрылымын осындағы әрбір сөзді
құраған элементтердің мазмұнынан және олардың интеграциялануы арқылы жасалған жаңа
мазұнынан тануға болады.
Ғалымдар ділдің құрылымдық комопненттерін келесідей болады деп анықтайды:
-
эмоцияналдық компонент (эмотивтік);
-
когнитивтік компонент (вербалдық);
-
мінез-қылықтық компонент (конативтік). [6]
Қазақ жерінде «Ал» сөзі алғашқы компоненті болатын көптеген жер-су атаулары бар
екені белгілі: Алқадыр, Алтай, Алатау, Алтуайт, Алшын,
Алшынбай, Алшынбайсай,
Алшынбек т.б. Бұл сөздердің құрамын Қ.Жұбанов көрсеткен қолданған палеонтологиялық
әдіспен талдайтын болса, онда әрбір сөздің құрамындағы компоненттерді және олардың қай
уақытта үстемеленгенін көру мүмкін болады деп санаймыз. [7]
С.В. Лурьенің айтуынша, ұлттық ділдің орталық өзегі (константалары) бар. Ол
орталық өзектің ішінде саналы және бейсана деңгейінде топтанған бейнелер бар болады.
Ол константаларды С.В. Лурье келесідей етіп көрсетеді:
- жақсылық бастауының орналасуы;
- жамандық бастауыгың орналасуы;
- жақсылық күресте жамандықты жеңетін әрекеттер тәсілі. [8]
Жер-су атауларын этнопсихолингвистикалық тұрғыдан талдау, ғылыми талдау
алғашында халықтық этимологиядан басталатыны белгілі. Бір ауылдың өзі мен айналасы
толған топонимикалық атаулар, олар – атамекеніміздің атауларында жазылған ата-бабаның
хаттары. Ол хаттарды оқу үшін бала кезден бастап ізденім-зерттеу жұмыстарын жүргізу
керек. Тілдік білім тек грамматикалық ережені жаттап,
грамматикалық талдаудан
тұрмайды, оның өзіндік орны бар, бірақ асыра бағаламау керек. Сөздің мағыналық
құрылымын танитын, түсініп қолданатын дәрежеге жеткізуі үшін туған жеріміздегі жер-су
атауларының ішкі әлеміне этнопсихолингвистикалық тұрғыдан зер салуға үйретуден бастау
керек.
ӘДЕБИЕТТЕР
1. Вильгельм фон Гумбольдт. Избранные труды по языкознанию. – Москва:
Прогресс, 1984. – 396 с.
2. Леонтьев А.Н. Слово в речевой деятельности. – Москва: Просвещение, 1969. – 214
с.
3. Қ.Т.Сапаров, А.М.Сергеева, И.Бекзатқызы. Жем өзенінің топожүйесін зерттеудің
тарихи-географиялық негіздері. – интернет-ресурс:
https://cyberleninka.ru/article/n/zhem-
zenini-topozh-yesin-zertteudi-tarihi-geografiyaly-negizderi
4. Авеста. – Москва: Дружба народов, 1993. – 210 с.
5.
https://azenglishnews-com.translate.google
6. Вальцев С.В. Врожденные национально-психологические особенности //
Проблемы современной науки и образования. 2012. № 1 (1). С. 20-21.