«Ұлттық ДӘСТҮР – Қазіргі қазақ руханиятының Өзегі» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдарының жинағы



Pdf көрінісі
бет12/37
Дата29.02.2024
өлшемі1.26 Mb.
#493209
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37
ғylymi-maqalalar-20.06.2022-3

Кесте (қосымшада) 
Әбіш Кекілбаев – Тәуелсіз Қазақстанның алғашқы мемлекеттік хатшыларының бірі. 
Ол ҚР Конституциясы мен Заңдарына сай, ішкі саясатта идеологиялық бағытта еңбек етіп, 
Президент тапсырмаларын іске асырумен айналысты. Ал егер АҚШ-тағыдай, Еуропа 
елдеріндегідей ерекше еріктер беріліп, мемлекеттік хатшы халықаралық деңгейдегі 
құзіреттерге ие болса, Әбекең әдебиетте ғана емес, жаһандық саясатта да көрнекті 
қайраткер тұлға болар ма еді?! 
Жазушы – ақыл-ой еңбегінің адамы. Оның ана тілінің құнарына уызынан жарығаны, 
ағыл-тегіл эрудиттігі, энциклопедиялық білім иесі болуы, кез келген тақырыпты еркін 
жазуына мүмкіндік берді. Біз келтірген мысалдардың өзінде саясат, экономика және бизнес, 
қоғам, халықаралық қатынастар, мәдениет пен өнер, білім мен ғылым, ұлттық идеология, 
қорғаныс, т.б. салалар молынан қамтылған. 
Бір баяндама жазу үшін, қаншама дерек көздеріне жүгінуге тура келеді. Әлі интернет 
кең қолданысқа енбей тұрған уақыттың өзінде-ақ нақты фактілерге негізделіп, 
тыңдағанның танымын арттыратын, оқығанның ойөрісін кеңітетін материалдарды іздеп 
тауып, солардың негізінде мәтін дайындау оңай болмағаны анық. Ал бала кезінен барлық 
бағытта білімін жетілдіре берген, өмір бойы оқып өткен, ұдайы ізденіс үстінде жүретін 
қаламгер қызыл сөзбен емес, дерекпен сөйлеуге бейім. Оның бұл бағытта қиынсынбай 
қылған қызметін біз бүгінде ағартушылық еңбек деп бағалауымызға болады. 
Жұмыс жоспарына мән берсек, ойы мен қаламының жүйріктігі соншалық – ауқымды 
мәтіндердің өзін аз уақытта, жедел жазып беріп отырғанын байқаймыз. Бұл оның 
пунктуалды, аса жауапты, тиянақты, ыждағатты, міндетіне мұқият болуымен қатар, әбден 
машықтанып алған дағдысына айналып кеткенін де көрсетеді. Сөйте тұра, немқұрайлы 
қарау, үстіртін жазу, айтылған жерде қалатын бір реттік әңгіме ғой деп есептеу жоқ. 
Ұтымды ойларын қайталай беру, тавтология тән емес. Сөздері сонысымен құнды һәм 
өміршең. Тыңдаушыны да, оқығанды да жалықтырмайды. Осы жұмыстары арқылы Ә. 
Кекілбаев Қазақстанда эталондық деңгейдегі спичрайтерлік қызметті кәсіби тұрғыда 
қалыптастырып, жүйелі жолға қойған. Риясыз адалдығы сонша – «ананы мен жаздым
мынаны мен дайындадым» деп дандайсымаған, қаңқу мен қауесетке жол бермеген, 
маңғазданып масаттанбаған, жан баласына тіс жарып айтпаған, бар құпияны өзімен бірге 
ала кеткен. 
Бұл мақаланы жазудағы мақсатымыз – арнайы бір тұлғаның атынан дайындалған 
мәтіндерді әуелгі авторына телу емес, спичрайтинг саласының дамуы үшін, маңыздылығын 
көрсету екенін қайталаймыз. Біз спичрайтерлерді кәсіп иесі қылып көрсету арқылы 
спичрайтинг қызметін ары қарай дамыта аламыз. 
Қазіргідей, саяси жүйе өзгеруіне байланысты ғылыми тұжырымдарды да қайта 
қарауға жол ашылады. Спичрайтерді – қызмет ұсынушы, ал оған тапсырыс берушіні – 
тұтынушы деп санайтын кез келді. Адам еңбегі бағалануы керек, өйткені нарық жағдайында 
қызметкердің тұлға ретіндегі рөлі артады. Сұраныс бар жерде ұсыныс та туады. Әбіш 
Кекілбайұлы сияқты қалыптасқан спичрайтер болмағандықтан, қазіргі Президенттің 


42 
сөйлейтін сөздерін спичрайтерлер тобы дайындайды екен. Бұл топта Б. Омарұлы, Д. 
Қыдырәлі, т.б. болуы мүмкін. Олардың жазбалары да қолдан-қолға өтіп, ұжымдық жұмыс 
болып келеді. Бізде бұл істермен айналысушылар әзірге «баспасөз хатшысы», «сарапшы», 
«консультант», «референт» деп әртүрлі аталып жүр. Бірақ бұл қызмет олардың толық 
міндеті емес, негізгі функциясына жатпайды және оған олардың деңгейлері жете бермеуі 
мүмкін. Спичрайтер тіпті штаттық құрылымда болмағаны сөзсіз. Жалпы «баспасөз 
қызметінің міндеттеріне – Президенттің ресми сөздерінің, сұхбаттарының, мақалаларының
ақпараттық материалдары мен мәтіндерінің жобаларын стилистикалық және әдеби 
редакциялау; Президенттің қызметі, оның ішінде ішкі және сыртқы саясаттағы ұстанымын 
түсіндіру мәселелері бойынша сөйлейтін сөздерінің, сұхбаттарының, мақалаларының, 
ақпараттық материалдары мен мәтіндерінің жобаларын дайындау кіреді» делінген [9]. 
ҚР Президентінің баспасөз хатшысы болған Берік Уәли 2022 жылғы 9 қаңтар күні 
мәлемдеме жариялап: «Отандастарына жасаған барлық үндеуін ол (Қасым-Жомарт Тоқаев) 
кеңесшілердің қолдауына жүгінбей, дәстүр бойынша өзі жазды», – деді. Егер оның «дәстүр 
бойынша» деген сөзіне мән берсек, бұған дейінгі жазбаларын да мемлекет басшысының өзі 
жазғанын байқаймыз. Жарық көрген кітаптарынан да қабілетін қолтаңбасын танып қалдық. 
Бірақ Президент қызметіне кіріскелі бері жарияланған «Абай және XXI ғасырдағы 
Қазақстан» («Егемен Қазақстан» 09.01.2020), «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» («Егемен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет