ӘОЖ 82-1/-9
ҰЛТТЫҚ КОД – РУХАНИЯТ ӨЗЕГІ
Ордалы Қосай
Ардагер, ұстаз, Қазақстан
Аңдатпа. Мақалада ұлттық код туралы түсінік беріледі, қазіргі қазақ танымындағы
ұлттық кодтың талқылануы, зерттелуі талданады, ұлттық кодтың қазақ руханиятын сақтап
қалудағы орны туралы айтылады.
Түйін сөздер: ұлттық код, ұлт, қазақ, құндылық, руханият, қазақ күйі, тіл.
Соңғы бодандықтың дәуірінде жоғалған, ұмыттырылған өмір салтымызға қайта
оралу, тамырымызға оралу қажеттігі туындады. Ол ұлттың болмысы, ұлттың ерекшелігі -
Ұлттық кодтың ұлы қасиеттеріне қайта оралу еді. Атап айтқанда, ұлттық кодтың қазақилық
7 қасиетіне оралуды аңсайды.
1. Ұлттың жасауы:
а) бас сүйегі, келбеті
ә) қан құрамы
б) дыбыстауы, әуезі
Шетелде көшеде қазаққа ұқсас-ау деп сұрастыра қалсаң - сол кісі шынымен қазақ
болып шығады.
Кеңес Одағы кезеңінде батыс пен шығыс қазақтарының бас сүйектері
антропологиялық зерттеу нәтижесінде бірдей болыпты.
106
Қан құрамы сапасы жөнінен әлемде озық қан сапасы өлшемімен алғашқы ондыққа
енеді. Бұл жеті атаға дейін қыз алыспаудың оң нәтижесі.
Қазақ дыбысы қоңыр үнді, әуезді еді. Дыбыс шығару станогымыз кириллицаға
жаттыққаннан "жаңағы" деген сөзді "жәнәгі" деп айтуға дейін бардық.
Демек, латын графикасына көшкенде дыбыстауымызды қалыпқа келтіріп, я, ю, ё, ч,
ц, щ, жіңішкелік белгілерден құтылып, "Kazakstan" емес, айбындап "Qazaqstan" деп айтып,
жазамыз. Бас сүйегі, келбеттің жалғасы
Әуез де өзгерді, ақырған әндер, жылауық саз, жеңіл-желпі желпініс көбейді.
а) Қазақ әуезі - халық әндерінің ерекше қасиеттеріне талдаудың, насихаттың керегі
жоқ. Жаныңды баурап, тербетіп ала жөнеледі. Әлем Италия әуезімен теңестіреді.
б) Екі турист Калифорния штатына барып, аухатты кісінің ат қораларын аралайды.
Кенет кермеде тұрған екі жылқы емірене кісінеп, аспанға қарғып, жер тарпи бастайды.
Екі қазақты иіскелеп, көздерінен жас моншақтайды.
Қожайыннан сұраса екі жылқы "Луговойдан" әкелінген екен.
Әңгімелесіп тұрған қазақ азаматтарының дыбыстауынан таныған жылқылар елін-
жерін сағынып, төркіндерін тілінен, әуезінен таныған қуанышты сәті болып шыққаны екен.
в) 1925 жылы Ә.Қашаубаев Парижде ән салды.
Француздық басылым "Сomoedia"-дағы бір мақалаға аса көрнекті француз
композиторы, хор дирижері әрі музыкатанушы Поль Ле Флем (1881-1984) қол қойған.
Революцияға дейін Мәскеуде жұмыс жасаған, Бірінші дүниежүзілік соғыста Франциядағы
Орыс экспедициялық корпусының әскери оркестріне жетекшілік еткен. Сол себептен де,
әрине Ресей музыкасын жақсы білген. Әміре туралы ол былай деп жазған:
"Батыс адамының ауқымымен алғанда мсье Қашаубаев шырқаған қырғыз
даласының төлтума әндері бізге үйреншікті тәсілдермен өңделмеген. Олардың созылмалы
шарықтауы, тәтті әуені, жан елжіретер шынайылығы бізге байтақ дала жазирасына ауысуға,
ұшы-қиырсыз көкжиектердің поэзиясына енуге мүмкіндік берді. (1925 жылғы 17 шілдедегі
бірініші концерттен кейінгі пікірі)
Бір аптадан соң "Орыс аптасы"туралы кең көлемді мақаласында:
- төлтума әуендердің асқақтығы мен бекзаттығын барынша адал ниетпен жеткізген;
- музыкада жан жоқ болса, сиқыр арбамайды.
- бұл әуендерге жанды баурап алатын әсемдік тән, мен мұны қарапайым дей алмас
едім, өйткені халық жүрегінен шыққан туындыға абайсыз сөз айту "қылмыс" болар еді.
"Әміренің әні "темпераменттің шеберлігіне симай, біз құтылуға асығатын өктемдіктен
үстем барып, өзінің биік деңгейіне жайғасады. Төрт тондық жүйеге негізделген ноталық
жазуымыз бұл құбылысты әділ, риясыз бейнелей алмайды;
- жаттанды уақыт өлшемі мен ескі бағалау жүйесінен бас тарта тұрайық. Себебі, бұл
ән құбылысындағы терең сұлулық - біздің кейбір нәзік, тіпті ақылға қонбайтын
дүниелерімізде жоқ, сирек байлық"- деп қорытыпты. ("ЕҚ" 4 сәуір 2018 ж. Асқар
Абдрахманов, Қазақстанның ЮНЕСКО-дағы тұрақты өкілінің орынбасары).
2. Аты-жөні, тегі.
Аты-жөн - Эльвира, Индираға, Коляға ауысты.
Тегін жазса рушыл болдық. Ал, орыстар әлі Иванов, Петров, Сидоров.
Философия ғылымдарының докторы Арғын Қасымжанов: "тарихи сана" деген
ұғымды - әрбір жеке адам тұтас ұрпақтың өткен тарихты сезінуі, өзінің шыққан тегін,
өлкесін, халқын, нәсілін, оның рухани түп-тамырларын танып білуге ұмтылып, сана-
сезімінің оянуы деп түсіндіреді.
Оның екінші беті - мәңгүрттігі. Отарлаушылар езгіге түскен халықты ең алдымен
тарихи санасынан айырып, мәңгүрттікке ұшырауына күш салды.
XVIII-XIXғасырда орыс тарихшылары "Русь" этнонимінің мән-мағынасын анықтау
жолында ізденіске толы қыруар жұмыс атқарыпты. Сан-саққа жүгірген жаңсақ пікірлер де
аз болмаған. Осындай бір қызу пікірталас үстінде орыстың ұлы ғалымы Ломоносов
қиянатқа шыдай алмай тарихпен түбегейлі шұғылданып кетіпті. "Неге бұлай істедің? деген
107
әріптестерінің сұрағына: "Ұлттық сананы қалыптастыруда тарихтың атқарар міндетін өзге
бірде-бір ғылым атқара алмайды",- деп жауап беріпті. ("ЕҚ" 3 қараша 2017 жыл "Көне
тарихқа тіл бітірген" Қуаныш Жиенбай)
Ұлт тарихы - жеке адамның тегіне тіреледі. Тектілік тарихы - ұлт тарихы.
3. Тілі.
Тіл құрдымға кетудің аз-ақ алдында тұр еді. Әуелі көшеде айтқызбады, Қазақ
мектептер жабылды. Математиканы жоғары деңгейде меңгеріп барсаң да, орысша білмесең
ЖОО-на қабылдамады. Отбасының тіліне айналып кетті, о да шұбарланды. Орысша
сөйлемесең, өз қандасың кекесін қылды. Елбасы екі қазақ бірімен-бірі қазақша сөйлесін
десе де елең етпейміз.
Ұлттың рухы, жаны, сыры, тарихы, санасы, дүниетанымы - тілінде.
Қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігі жайында өткен дәрісте (11.02.1988 жыл)
тілші Ахмади Ысқақовтың мәліметі: "Қорымызда 4,5 млн карточка бар, 67 мың сөз, 24 мың
тіркес, 103 мың лексикалық единица құйылды. О баста сөздік жасау идеясының иесі
Қ.Жұбанов екен.
Күні бүгінге дейін қазақ тілінің есеп-қисабы жоқ.
Рухани жаңғыру тіл мәдениетіне қатысты (Серік Негимов. Егемен Қазақстан, 5
желтоқсан 2017 жыл).
Елбасы "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" мақаласында "Ұлтымызға адам
айтқысыз демографиялық соққы жасалды, қазақтың тілі мен мәдениеті құрдымға кете
жаздады" деп кеңестік биліктің ұлт ретінде жойып жіберуді көздегенін ашық жазады.
Шынында тіл білместік салдары неге апарды?
Тіл білместік:
- өз халқымыздың әдеби-мәдени бай мұрасын оқи алмайтын, оның құндылығын
сезіне алмайтын қасіретке ұрындырды;
- Қазақты басқаның бәрінің айтқаны жөн деп еліктейтін дүбәралыққа апарды, өзін-
өзі қомсыну теориясын дамытты;
- қазақша сөйлесең жүре тыңдайтын, орысша сөйлессең тұра қалып тыңдайтын орта
қалыптастырды;
- өсіп келе жатқан жаңа ұрпақ қазақ тілінсіз де күнелтеміз деген қасіретті ұғымды
қалыптады;
Ақырында, тіл білместік:
- Қазақы ойлауды шектеді, қазақы сананы улады;
- Ұлттық болмыстан айырды;
- "Малым жанымның садағасы, жанымның арымның садағасы" санаған арлы ұлтты
арсыздың апанына жықты;
- Ұлы даланы мекендеген ұлы халықтың ғасырлар бойы қалыптастырған адами әдебі
мен кісілік қасиетін ескіліктің қалдығы деген ұғыммен күресінге шығарып тастады;
- Қазақтың ескілігінде де естілік бар екендігіне ой жүгіртуден айырды;
Бұл, жазушы - драматург Жабал Ерғалиевтің жанайқайы ("ЕҚ" 4 сәуір 2018 жыл).
Демек, тіл туралы қалыптасқан дағды қайта жаңғырып, ұлт болмысының ерекше
қасиеті - тілімізге қайта оралу қажеттілігін енді дәлелдеудің қажеті бола қоймас.
Елбасы, Ұлытау төрінде «қазақ қазақпен қазақша сөйлес, кімнен қорқасың?» деуінде
терең мән бар.
Бұл - ана тіліміз бен салт-дәстүріміздің берік қазығы болып келген қазақ халқына
"бірінші байлығыңа, басыңдағы бағыңа ие бол" деген сөз.
Неміс ойшылы Хайдеггер: "Тіл - адамның үйі", - дейді екен. Педагог Ян Амос
Коменский "Ұлы дидактика" еңбегінде бала тәрбиесінде "Ана тілі мектебін" жоғары сатыға
көтереді.
4. Күйі.
Тілмен жеткізе алмағанды күймен жеткізген. "Сарыарқа" мен "Адайды" тартқанда,
адам емес бәйгі атының өзі қарғып шығып, басын тарттырмай кетерін қайтерсің.
108
Күй арындаған кісінің арынын басады, көңілі түскен кісінің қабағын ашатын, жанын
жадырататын қасиеті бар (Әл-Фарабидың сөзі).
Күй - қазақтың иммунитеті. Күйді танымасаң, күйді тыңдамасаң, ұлттың иммунитеті
жойылады.
Күй тыңдалмайды. Тыңдалмағаң соң танымайды.
1926 жыл «Еңбекші қазақта» М.Әуезов: "Жалпы музыка атаулы нәрсе елдің сезім
байлығы мен ішкі жаратылыс қалпын білдіретін болса, солардың ішіндегі ең толғаулы, ең
терең сырлысы - күйі. Күйдің тіліндей бай тіл қазақтың әнінде де жоқ. Бұл екеуінің қайсысы
терең, қайсысы бағалы екенін елдің өзі әлдеқашан айырған болатын,"- деп жазыпты.
Бір қазақ тілінің мақтаулы мұғалімі: «Күйді көргім келмейді!», - деп шынын
ақтарғанда, сөз таба алмай қалдым.
•
Күй - қазақтың жаны, тілің жетпегенде жеткізетін құдіреті бар.
•
Күй - қазақтың киесі.
•
Жошы ханға баласының өлімін жеткізді.
•
Сарыарқаны тартқанда атқа мінбей көрші!
•
«Аққу» күйі көз алдымызға 6 аққуды әкелді.
•
«Махамбет» поэмасын оркестр орындағанда, қазақтар мен жоңғардың алапат
соғысы көз алдыңа келеді.
5. Ділі.
Ж. Баласағұни:
"Адамға екі нәрсе керек тегі,
Бірі тіл, бірі ділің жүректегі", - деп XI ғасырда сөз қалдырған.
Демек, діл - жүректің лүпілі, қазақтың жүрегінің соғысы, жасаған иеміздің ұлтқа
берген ерекше сыйы. Ол - алты қасиетке ие:
1. Бауырмалдық.
2. Мәрттік, сөзге тоқтау.
3. Жомарттық.
4. Айтыскерлік.
5. Сенгіш, иланғыш.
6. Бейімделгіш.
Қазақтың басқа да барлық ұлтқа тән қасиеттері осы алты белгінің салдарлары болып
табылады. Сақталмай кеткен, бұрмаланған, жадымыздан шығарылған ізгі қасиеттеріміз осы
салада көбірек.
Діл - қазақтың қалыбы, жүректен шығады, әрі жүрекпен қабылданады.
Қазаққа тән болмыс (менталитет) жүректің аталған алты қалыбынан туындайды,
яғни жүректің лүпілі қалай соғады, соған тәуелді.
Мысалы: Отбасы құндылықтарының негізі - үш ұрпақтың бір шаңырақ астында өмір
сүруі (ата-әже, бала-келін, немерелердің бірге өмір сүруі). Бұл - бауырмалдықтың салдары.
Отбасының беріктігінде мәрттік пен сөзге тоқтаудың да орны бөлек.
6. Топырағы. Киесі.
Әлемде 3 ұлт бар. Туған жерін аңсайтын және туған жерге шақыратын. Олар қазақ,
неміс, еврей.
Қазақ озалдан ардақтыларының сүйегін де айдалаға тастамаған. Адайдың пантеоны
- Сисем Ата, қазақтың пантеоны - Сарайшықта, кейінгі көпшілігі - Түркістанда, Қожа
Ахмет кесенесінде, кейінірек - Кеңсайда (Алматыда), Тәуелсіз ел болғалы - Қабанбайда
(Астанада). Ағаш: "Жапырағымды алсаң да, топырағымнан ажыратпашы", - деп желге
өтініш қылады екен.
Шетке кеткен қазақ: "Сүйегім топырағымда, елімде қалса екен", - деп армандап
ұрпағына аманаттап кеткен. Елге оралған қазақтың шекарадан өткенде жата қалып
топырақты сүюі - арманының орындалғаны.
Ескерер жайт: Қазақтың жерінің 4 бұрышы да ортақ қазына, бәрі де бірдей. Біздің
мемлекеттің "Серпін" бағдарламасы - теңдесі жоқ, исі қазаққа жасап жатқан қамқорлық.
109
Жерді киесінен айырған кім?
М.Мырзахметов: "Ресей отарлаушылары қазақтың сатымсақ басшыларына шен-
шекпен үлестіріп, олардың ішкі қайшылықтарын отарлау ісіне шебер пайдаланды және ол
әрекетін культурогерлік сылтаумен бүркемелеп отырды".
М. Әуезов: "Білгенін, білімін қатардағы қазақтан қулығын асыруға жұмсаған
пысықтар да, отарлаушылардың "жемтіктесі" боп момын даланың құйрығын обырлармен
қоса сорысып жатты.
7. Жады.
Құдай бергенде аямай берген. Исі қазаққа тамаша жад - есте сақтау қабілетін берген.
Алты ай жырлап "Қырымның қырық батырын" тауыса алмаған Мұрын жырауды көрмесек
те естідік (Мұрын көне түрікше "Аққан дария" дегенді білдіреді). Күні кеше мектепке әкеп
жырлатқан Зәкес пен Алдажан ағаларымыз Сәтекеңді, Қашекеңді, Абыл ақынды төкпектете
айтқанда семинарға кеп отырған Бақтылы: "Мына Зәкеңді ертерек таныстырғанда қайтеді,
Қайырбектен ерте қалдым, бір ұл туып алатын едім", - дегенінде қанша философиялық ой
жатыр. Бұл Зәкеңнің ағыл-тегіл төкпе жырына берілген теңдессіз баға.
Жазба мәдениетіміз кемшін болса да, бабадан балаға дейін жетіп отырған, ауыздан-
ауызға көшіп отырған қазақтың Жады неткен ғажап еді?!
Манаш Қозыбаев: "Ұлттық рух - ұлағат бастауы"дей келіп, "бодан болған елдің
санасын тұсап, рухани құлдыққа қарай икемдеу үшін қолданатын ең төте тәсіл - халықты
сөз жадынан айыру".
Адамзатқа Ой мен Еңбек ортақ қазына.
Қазаққа берілген ерекше сипат - жадымызға адамзатқа ортақ ойлау мен еңбектенуді
қосу арқылы ұлт санасы қалыптасады.
Қорытынды
Ендігі ұлт белгілері осы 7 қасиеттің салдарлары. Әрқайсысына ғылыми баяндама
жазылып, одан әрі тарқатылуы керек. Мысалы, «Өнер» деген бөлімге саз бен биден басқа
сәулет өнері, тас өнері, ұсталық өнер, зергерлік өнер, тағы басқа көркем дүниелер
жеткілікті. Ал, Ұлы дала мәдениетіне лайықтылары түгел ЮНЕСКО-да тіркеулі.
Басын ашатын мәселе, Дін - ұлттық сипатқа ие емес. Әлемде ілім көп, 19 ғасырдағы
Еуропаның социологтарының, экономистерінің, саясаткерлерінің ілімі, марксизм-ленинизм
ілімі, төрт кітап - Зәбур, Тәурат, Інжіл, Құран - бұлар да ілім. Пайғамбардың хадистері де
ілім, Қожа Ахмет Иассауидің хикметтері де ілім. Соңғы ілім, яғни Ар ілімі қазақ жерінде
кең тараған. Мен "Ар ілімін" ғана алдым. Өйткені мемлекеттік қызметкерлердің "Ар-намыс
кодексі де" сол ілімге лайық. Мұғалімнің ілімі - Шәкәрімнің "Адамдық борышың" немесе
"Ғылым артық" деген халифаның дәлелі де ілім.
Оң мен солыңды танымай дінге жабысудың қателігін қазіргі қоғам сезініп отыр.
Бізді ұзақ жылдар бойы "Партия заманымыздың ақыл-ойы, абыройы, ар-ожданы"
деп ақыл-ойымызды партияның қазығына байлап қойды. Содан оның айтқан сөздерін
құрандай қабылдап, басқа нәрсе туралы ойлауға, құрсаулы басымыз жібермей, байланып
қалдық. Осындай құрсаудың бағыты қазір өзгеріп, біз енді діни құрсауға түсіп бара жатқан
сияқтымыз. Кейбір дүмше молдаларымыз мұсылманның бес парызынан басқа дүниелерді
басымызға тықпалап, дін ұстаздары мен теолог ғалымдары ғана білуге тиісті күрделі
дүниелерді өздері де терең білмесе де, қарапайым жанның санасына құюға тырысып
жатқандарын көріп жүрміз. Соның кесірінен қарапайым халықтың санасы құрсауланып,
басқа ой, басқа тақырыпқа бата алмай, фанатизмге ұрынып барады. Ондайдың арты
қайғылы жағдайға да жеткізіп жатыр.
Араб ғылымы мен мәдениеті Исламның арқасында Қайта өрлеу (ренессанс) дәуіріне
дейін (XV-XVIғғ) Еуропадан көш ілгері болғаны белгілі. Барлық ғылым саласында сол
уақытқа дейін ашылған жаңалықтар мұсылмандарға тиесілі еді. Бірақ соның бәрі кейін
арабтарда тоқырап қалды, ал ақыл-ойын тұмшалап, тұқыртпаған Еуропа алға түсіп, ғылым
мен техникада, жаңа технологияда озыңқырап кетті. Ал, Ислам әлемі арқандалған аттай, бір
орамнан шыға алмай қалды. (Жақсыбай Самрат "Егемен Қазақстан" 27.12.2017 ж.)
110
Орыстың аса талантты ақыны Юрий Кузнецов Абайды аударғанда, "Адамзаттың
бәрін сүй, бауырым депті" кезіктіргенде таң-тамаша болғаны сонша, "Мұндай тұжырымды
Пушкин мен Лермонтовтың өзінен де кезіктіре аламайсың" деген екен. (Жұмабай
Шашатайұлы "Егемен Қазақстан" 5.01.2018 ж.)
Біздің қазаққа оның ішінде Маңғыстауға дінді үйрететін молдасымақтардың қажеті
жоқ, өйткені Абай мен Шәкәрімде қазақтың басқа да ойшыл ақын-жырауларының
жырларында, термелерінде, насихат сөздерінде ар мен намыс, ұят пен ынсап, иман мен әдеп
құйылып сақталған. Қазіргі дүмшелер жалаң насихатпен ғана дінді уағыздайды.
Сәттіғұл ақынның сөздеріне кезек берейік:
Қырымқұл деген ауылымның
Хазірет Әбді бүгінде,
Хатым еткен дәрісін
Рұқсат алып Бұқардан.
Он екі пәнді құтарған.
Баршасын бірдей тәмәмдап,
Тура жолдан таймай тұр
Тәуекел етіп табандап.
Демек, ғылымды игерген соң имандылық орнай бастайды. Ешқайда адасып
кетпейсің.
Сәтекең тағы айтады:
"Құрметтесең ғалымды
Сүйікті маған үмбет " - деп,
Ойласақ борыш-міндет көп,
Шарғыда баян етулі -
Ең әуелі пендеге
Иманды дұрыс білмек деп.
"Мадақтасаң ғалымды
Құр тастамас Аллам", - деп,
Бұл жауапты шығарған Сәттіғұлдай шайырың, - деп аяқтайды.
Күні кешеге дейін арамызда болған айтулы ғұлама Ержан Хазіреттің қызы Несіпхан
қазір Жаңа Өзен қаласында тұрады. Несіпханмен бір класта оқыған Төлесін Көшекұлы
ақсақал көзі тірі арамызда жүр, Ақтау қаласында тұрады. "Долгийдегі" мектепте оқып
жүргенде Ержекемнің қасында отырып, сұрап алуға бата алмай отырғандығын аңдап,
"балалар маған беріңдерші қарап берейін" депті, қараса орысша сөйлемді талдай алмай
отыр екен (разбор предложения), келістіріп "разбор" жасап беріпті. Енді бірде алгебра
есептерін шығарып, геометрия сызбалары бойынша түсіндіріп беріпті. Бұдан шығатын
қорытынды Маңғыстаудың білімпаз молдалары тек қана шариғатпен шектелмей,
ғылымның барлық түрін меңгергені анық байқалады.
Ал, Көрпе Оразмағамбет Тұрмағанбетұлы Индиядағы Бомбей университетінің
геология факультетін бітірген ғұлама еді.
Осы ұлттық қасиеттер орнығып, санаға құйылса толық адам дәрежесіне жетеміз.
Толық адам болған соң құдайға құлшылық етуге болады.
Толық адам өзінің кемшіліктерін сезініп, бойынан аулақ еткенде Кемел Адам
санатына жатады. Кемел Адамда ұлттық рух қайнап жатады.
Сөйтіп, таңылған танымның қамытын бұзып, жаңылған Жадты қалпына келтіріп,
сарсылған сартап болған сананы жаңғыртсақ Елбасының толғауына қосқан үлесіміз
болады.
111
Достарыңызбен бөлісу: |