Бастауыш сынып оқушыларының ОҚу жетістіктерін бағалаудағы критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі р. К. Измагамбетова «Бaстaуыштa oқыту пeдaгoгикaсы мeн әдiстeмeсi»



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата01.03.2024
өлшемі1.64 Mb.
#493431
1   2   3   4   5
bastauysh-synyp-o-ushylaryny-o-u-zhetistikterin-ba-alauda-y-kriterialdy-ba-alau-zh-yesini-tiimdiligi

Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 4 (76), 2018 
132 
Осы орайда Келлей Буртонның «Баға беру және есепке алу-керемет мақсаттар. Білім алу 
үдерісіне кедергі тигізбейтін және біздің жан салып жасап жатқан ісімізге пайдалы да әділ баға 
беретін жүйе …»- дегеніндей, қалыптастырушы бағалау дұрыс ұйымдастырылған жағдайда мұғалім 
білім алушылардың іс-әрекеттеріне байланысты түсінік, ұсыныс т.с.с. бере отырып, жүйелі түрде 
кері байланысты қамтамасыз етеді [3].
Зиялы азаматты – сана әлеуеті жоғары дамыған, сын тұрғысынан және жаңашыл ойлай 
білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адамды тәрбиелеуге 
ұмтылатын білім беру бағдарламасында тәрбие мен оқыту ажырамас байланыста болады. Орта 
білімнің маңызын белгілейтін құндылықтар: құрмет, әріптестік, азаматтық жауапкершілік
ашықтық,өмір бойы білім алу [4]. 
Белгіленген құндылықтар аясындағы Зияткерлік мектептердің мақсаты – жоғары білімді, 
шығармашыл адамның үйлесімді тұлғаланып, дамуы үшін қолайлы білім беру кеңістігін жасау. 
Зияткерлік мектеп түлегі кең ауқымды дағдыларға ие болады. Нақтырақ айтқанда: сын тұрғысынан 
ойлау, білімін шығармашылықпен пайдалана білу, зерттеушілік дағдылары, АКТ дағдылары, топта 
және жеке жұмыс істей білуі, коммуникативтік дағдылары (тілдік дағдыларын қоса алғанда) 
қойылған міндеттер мен күрделі мәселелерді шеше білу дағдылары қалыптасады. 
Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделі (әрі қарай-КБКМ) Білім берудің кіріктірілген 
бағдарламасына енетін пәндер бойынша оқушының жетістіктерін бағалаудың бірнеше түрлерін 
қамтиды. Оқыту, оқу және бағалаудың бірегейлігі принципіне негізделе отырып, оқушылардың 
жетістіктері мен дамуын ұдайы және дұрыс қадағалануын қарастырады.
Оқушылар «Жетті» деген жетістікке қол жеткізуі үшін қалыптастырушы бағалауға арналған 
тапсырмаларды орындауда барлық сәйкес келетін оқу жетістіктерін қамтиды. Оқу мақсаттарына 
жетуде сәйкес жетістік критерийлері түгел қамтылмаса немесе орындамаса, мұғалім оқушының оқу 
мақсатына «Талпынады» деген өзінің кәсіби пайымдау шешімін қоя алады. Екінші реттік байқау бір 
сабақ шегінде немесе бір тоқсан аясындағы кез келген сабақта орын алуы мүмкін. Оқушының 
бағалануы бірдей немесе ұқсас тапсырма және бірдей жетістік критерийін пайдалану арқылы жүзеге 
асырылады. Мұғалім оқу жоспарынан мұндай оқушыларды бағалауға қолайлы оқыту әрекетін 
анықтайды және зерттеу арқылы бақылаулар жүргізе алады. [5] 
Қазіргі таңда жұмыс жасап отырған Назарбаев Зияткерлік мектебіндегі оқушылардың білімі 
мен дағдыларын тексеруде қаншалықты қалыптастырушы бағалаудың тиімдігі екендігін өз іс-
тәжірибелерімізде зерттеп келеміз. Жұмыс жасап келе жатқан 7-12 сыныптарда оқушылардың өз 
оқулары, табысы, сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып, қиындықты жеңуге 
ұмтылатындығын байқадық. Яғни, «жетті» деген жетістікке қол жеткізуі үшін оқушының «өзі 
туралы» ойына қозғау салады. Әр тоқсан сайын Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқу жоспары 
және оқу бағдарламасының мазмұнына сәйкес, оқушылардың дағдылары мен түсінігін, меңгерілген 
білімі жайында, көрсеткіштер мен дәлелдер жиынтығынан тұратын ішкі жиынтық бағалау 
жұмыстары алынып, оқушылардың тоқсандық білімдері сараланады.
Оқыту мақсаттарына сәйкес оқушылардың игерілген білімдері мен дағдылары 
(Қалыптастырушы бағалау және Ішкі жиынтық бағалау) ақпаратты білім ортасында (ИОС) өлшеніп 
отырады.
12 жылдық білім беру кезеңінде жалпы білім беретін мектептің сыныптарында бағалау 
барысында талдануға сәйкес келетін 10 балдық бағалау жүйесі алынады. 
Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі 12 жылдық білім беру кезеңінде жалпы білім беретін 
мектептің сыныптарындағы, жалпы білім беретін мектептердегі бағалау жүйесінің салыстырмалы 
кестесі. 
Назарбаев Зияткерлік 
мектептеріндегі бағалау 
жүйесінің формалары 
12 жылдық білім беру кезеңінде жалпы 
білім беретін мектептің сыныптарында 
бағалау. 
10 балдық бағалау жүйесі 
Жалпы білім беретін 
мектептердегі бағалау жүйесі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет