Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы № 4 (76), 2018
134
арқылы алынған ақпаратқа сәйкес жұмыс істеу қажет. Бұл олардан түсінушілікті, қызығушылықты
және ықыласпен әрекет етуді қажет етеді. Өзін-өзі бағалаудың тиімділігі-ынталандыру,
өз-өзіне
сенімділігін арттыру, жасаған еңбегінің жемісін көрсетуге септігін тигізері анық.
Қазіргі қарқынды даму кезеңіндегі педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру саласындағы
өз тәжірибемізде бағалаудың ерекше түрі болып саналатын қалыптастырушы бағалаудың
техникаларын, әдіс-тәсілдерін, құралдарын сабақтарымда үнемі үздіксіз пайдаланып жүрмін.
Сабақтарды жоспарлау барысында ескерілуі тиіс көптеген мәселелер бар. Мәселен, оқушылардың
оқуға деген ынтасын арттыру жолдарын анықтап, оқушылардың дағдыларын дамытуға деген уәжін
қолдап отыру қажет. Сонымен қатар, сабақ кезеңдерін белгілеуде қалыптастырушы бағалаудың әр
сабақта қолданылатындығы ескерілуі тиіс. Үздіксіз үрдіс ретінде және баланың білімін жетілдіруге
маңызды роль атқаратын қалыптастырушы бағалауға толығырақ тоқталсам деймін.
Қалыптастырушы бағалау оқушылардың оқуда жетістіктерге жетуіне және алға ілгерілеуіне
тікелей ықпал ететін және оқушы мен мұғалімнің арасындағы кері байланысты қамтамасыз ететін
оқыту мен оқудың бөлінбейтін құрамдас бөлігі болып табылады.
Қалыптастырушы бағалау мұғалім қызметінің алгоритмі мен ол алгоритмді жүзеге асыру
ресурстарының бірлігінен тұрады. Мұнда мақсатты белгілеудің мәрелік нүктесін анықтай отырып,
әрі қарай жылжу төмендегідей болады:
мақсатты өлшенетін
оқу нәтижелеріне аудару;
нәтижеге жету деңгейін анықтау;
бағалаудың мазмұнын және техникасын іріктеу;
оқудың сәйкес әдістерін таңдау және жүзеге асыру;
бағалауды жүргізу және оқу нәтижелерінің өлшенетін деңгейіне жеткенін анықтау.
Ресей ғалымдары (И.С.Фишман, Г.Б.Голуб) мұғалімнің қалыптастырушы бағалауды
ұйымдастырудағы алгоритмін мына тұрғыда ұсынады:
Жоспарланған оқу нәтижелерін анықтау.
Оқушының маңызды оқу нәтижелерін жоспарлау және оған жету әрекетін ұйымдастыру.
Оқушылардың жоспарланған оқу нәтижелеріне кері байланыс механизмі көмегімен жетуін
жүргізу.
Сондай-ақ, қалыптастырушы бағалау мұғалімге оқушылардың оқуда мақсатқа жету үдерісін
қадағалап отыруына мүмкіндік береді және оқу үдерісіне дер кезінде өзгертулер мен түзетулер
енгізуге, ал оқушыға өзінің білім алу жолында жоғары дәрежедегі жауапкершілікті сезінуге
көмектеседі. Ол күнделікті тәжірибеде қолданылады, оқушыға да, мұғалімге де қолайлы түрде
пайдаланылады. Мұғалім осындай бағалау әрекеті арқылы пәнді
меңгерудің мақсатын нақты
анықтап, оқушының өткен тақырыптарды біртұтас, үйлесімді картина түрінде елестетуіне, нәтижені
бақылаудың адекватты тәсілдерін өзі анықтай білуіне, жоғары деңгейге жетуге ынталануына
көмектеседі.
Қалыптастырушы бағалауды сабақта қолдану мұғалім мен оқушы арасындағы сыртқы кері
байланыстың ішкі кері байланысқа ауысуы болып табылады, ал бұл оқушыны білім берудің
субьектісі деңгейіне көтерілуіне ықпал етеді.
Оқушы өзін бақылап, өзінің әрекет тәсілдерін
таңдайды, нәтижелерін өзі бағалайды, оны мұғалім жалғастырады. Осылайша оқушы мақсат қоя
білу, күтілетін нәтижені жоспарлау, оны бақылау тәжірибесін жинақтау арқылы өзінің түйінді
құзыреттіліктерін қалыптастырады. Мұғалімдер оқуды бағалаумен қатар оқыту үшін бағалауды
пайдаланғанда, бағалау оқудағы аса пайдалы құралға айналады. Жалпы оқыту және оқу үрдісінде
қалыптастырушы бағалауды дұрыс түсініп, тиімді қолдана білген мұғалімнің
кәсіби шеберлігінің
артуына және бастама нүктесін дәл анықтап әрі қарай дамуына, жаңа идеяларға ұмтылуына серпіліс
береді және білім сапасын арттыруға зор үлес қосады.
Достарыңызбен бөлісу: