Инклюзивтік білім беру жағдайында 8 санат бойынша ерекше білім беруде қажеттіліктері бар балалардың



Pdf көрінісі
бет3/62
Дата01.03.2024
өлшемі1.19 Mb.
#493487
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Инклюзивтік білім беру жағдайында 8 санат

 
 
 
 
 



Анықтама жазбахат
 
Бұл 
әдістемелік 
ұсынымдар 
Қазақстан 
Республикасы 
Конституциясының 30-шы бабына сәйкес, республиканың барлық 
азаматтарының ұлты, тілі, жынысы, әлеуметтік жағдайы және денсаулық 
жағдайына қарамастан жалпы орта білім алуға тең құқықтары мен 
мүмкіндіктерін 
қамтамасыз 
етуге 
бағытталған 
«Қазақстан 
Республикасындағы баланың құқықтары туралы», «Білім туралы» және 
«Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу 
арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының заң нормаларының 
негізінде әзірленді. 
Әдістемелік ұсынымдарды әзірлеудің негізгі мақсаты инклюзивті білім 
беру жағдайында ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту 
процесін ұйымдастыруға қойылатын талаптар жүйесін жасау болып 
табылады. 
Аталған 
санаттағы 
балаларды 
оқытуды 
ұйымдастыру 
процесінде,жалпы білім беруді дамытудағы бүгінгі күнге қалыптасқан екі 
үрдісті ұстану керек. Бірінші үрдіс, ерекше білім беруге қажеттілігі бар 
балаларға (ақыл-ой кемістігі бар балалардан басқасына) білімін жалғастыруға 
және мамандық алуға тең құқықтарын қамтамасыз ететін, ҚР МЖБС 
талаптарына сәйкес мектеп білімін беруде базалық білім беру талаптарының 
бірлігін сақтауға байланысты. Екінші үрдіс, аталған санаттағы балалардың 
әлеуетті мүмкіндіктерін дамыту үшін ерекше білім беруге жағдай жасау 
қажеттігін, олардың жеке-типологиялық ерекшеліктерін ескеру қажеттігін, 
сонымен қатар, оқыту мен тәрбиелеудің сапасына әсер ететін әлеуметтік-
мәдени факторларды ескеру керектігін білдіреді. ҚР «Білім туралы» заңында 
ерекше жағдайларға мыналар жатқызылған: «білім алу үшін арнайы 
жағдайлар – ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдардың 
(балалардың) оларсыз жалпы білім беретін оқу және білім беру 
бағдарламаларын меңгеруі мүмкін болмайтын, арнайы оқу бағдарламаларын 
және оқыту әдістерін, техникалық және өзге де құралдарды, тыныс-
тіршілігін, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік және өзге де көрсетілетін 
қызметтерді қамтитын жағдайлар…» [1]. 
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқытудағы жалпы білім 
берумен қатар түпкілікті мақсат – әлеуметтендіру және өзін-өзі іске асыруы, 
тез өзгеретін әлемде өмір сүруге үйрету, өмір бойы оқу. Сонымен бірге, білім 
беруге ерекше қажеттілігі бар тұлғаларға білім беруге қатысты ерекше 
мақсаттары да анықталған: 
көзі нашар көретін тұлғаларға – оқуға және жазуға арналған арнайы 
құралдарды меңгеру, кеңістікте бағдарлау; 
есту бұзылыстары бар тұлғаларға – ауызша сөзді сөйлеушінің ерін 
қимылынан түсіну және қалдық есту қабілетін пайдалану дағдыларын үйрену, 
сөйлеу тілін дамыту; 



ақыл-ой бұзылыстары бар тұлғаларға – барлық психикалық 
функцияларын түзету және дамыту, әлеуметтік ортаға бейімделу, өзін-өзі 
жұмыспен қамтуға дайындау;
қимыл-қозғалыс аппаратының бұзылыстары бар тұлғаларға – 
толыққанды өмір сүруге қажетті барлық дағдыларды барынша меңгеру; 
сөйлеу тілінің ауыр бұзылыстары бар тұлғаларға – сөйлесудің 
коммуникативтік дағдыларын меңгеру. 
Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды білім беру процесіне 
қосу үшін жалпы білім беру ұйымдары, физикалық және ақыл-ой дамуының 
кемістігі бар оқушылардың даму ерекшеліктерінен туындайтын арнайы 
міндеттерді шешуге дайын болулары керек. Олардың қатарына келесі 
міндеттерді жатқызуға болады: 
- мүмкіндігі шектеулі оқушының даму ерекшеліктерін зерттеу, білім 
беру процесіне қосудың тиімді түрін таңдау, арнайы педагогикалық қолдау 
мазмұнын анықтау; 
- оқушылардың компенсаторлық (алмастыратын) мүмкіндіктерін 
белсендіру, тұлғаның жан-жақты дамуына ықпал ету үшін білім беруге 
арнайы жағдай жасау, оқу –тәжірибелік іс-әрекет барысында ағза 
органдарының 
сақталған 
функцияларын 
жұмылдыру, 
сенсорлық 
қабылдаудағы кемшіліктердің орнын толтыру; 
- әлеуметтік тәжірибесін байыту, дені сау адамдармен бірлесе қарым 
қатынас жасауға және коммуникативтік байланыс орнатуға дайындау, мәдени 
құндылықтар мен нормаларға
бейімдеу, мәдени өмірге белсене араласуға 
тарту; 
- физикалық дамуына ықпал ету, жеке гигиена дағдыларын 
қадыптастыру, салауатты өмір салтына тәрбиелеу, еңбекке сүйгіштікке, 
дербестікке, өз әрекетіне есеп беріп, бақылауға үйрету және жүріс-
тұрысындағы ерік-жігер ұстамдылығын арттыру; 

еңбекке қабілеттілігін зерттеу мәліметтері бойынша жеке 
мүмкіндіктерін ескере отырып, еңбекпен оңалтуды жүзеге асыру, әлеуметтік-
тұрмыстық бейімдеу, оқытудың барлық деңгейінде білім берудің бірыңғай 
ашықтығын қамтамасыз ету; 
- сауықтыру жұмыстарын жүргізу, даму процесіндегі бұзылыстардың 
қайталануының алдын алу, оқу еңбегін тиімді ұйымдастыру;
- білім беруге ерекше қажеттілігі бар балалардың оқу сапасына 
мониторинг жүргізу, жалпы білім беру жағдайында оны арттырудың тиімді 
жолдарын қарастыру; 
- әртүрлі мүмкіндіктері мен қажеттіліктері бар балаларды оқытудың 
арнайы әдістері мен технологияларын меңгерген педагог кадрларды 
дайындау; 
- ұжымда жағымды психологиялық климат орнату; білім беру кеңістігін 
ізгілендіру, оқу процесінің барлық қатысушыларының арасында түсіністік 
қарым-қатынас орнату. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет