Issn 2226-3551 Қазақстан Республикасының Валеология Академиясы



Pdf көрінісі
бет37/237
Дата06.03.2024
өлшемі3.45 Mb.
#494569
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   237
2017-2

МЕДИЦИНАЛЫҚ ВАЛЕОЛОГИЯ
28
УДК: 615.89
ЖАНАДИЛОВ Ш., ТАШМАГАМБЕТОВА О.Ж. 
Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ Шымкент медицина институты
ОН ЕКІ МҮШЕ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ АДАМ ДЕНЕСІН ЕН ЖӘНЕ ІН ЖАРТЫЛАРҒА 
БӨЛУ ПРИНЦИПТЕРІ
Аннотация
Адам денесі бөліктерінің бейтараптық қағи-
дасына сәйкес өзара орналасу ерекшеліктері бар. 
Организмнің қалыпты жағдайын қарастырғанда
және профилактикалық-емдік іс-шараларын қол-
данғанда бұл ерекшеліктерді ескеру қажет. Шығыс 
медицинасында солардың негізгілерінің бірі адам 
денесінің жазықтықтармен бөліну ерекшеліктері
болып табылады.
Түйін сөздер. ЕН және ІН жартылар, жазықтық, 
көлденең, маңдай, жебе, мүшелер.
Адам орагнизмінде қалыптасқан он екі мүше 
денені жазықтықтар бөлуіне байланысты әр түрлі 
топтасады. Олардың қандай жазықтықпен бөлін-
геніне байланысы топтану еркешеліктері бар. [1].
Жер ғаламшары жағдайында барлық үдерістер 
негізінен үш жазықтықтан тұратын кеңістікте 
жүзеге асады. Осыған байланысты бейтараптық 
қағидасына сәйкес адам денесінде 12 мүшенің ор-
наласу ерекшеліктері бар. Жер жағдайындағы үш 
жазықтықтар келесілер: көлденең, маңдай және 
жебе. Көлденең жазықтық орналасуы барлық 
уақытта тұрақты болып келеді, ал маңдай және 
жебе жазықтықтар адам денесінің кеңістікте орна-
ласуына байланысты өзгеріп отырады. 
Адам денесін үш жазықтықтың әрқайсысының 
бөлу ерекшелігіне байланысты 26 мүше әртүрлі 
топтықтар құрастырып орналасады. 
Көлденең (горизонталь, латынь - horizontali) 
жазықтық деп Жер бетіне параллель жазықтықты 
белгілейді. Бұл жазықтық тұрақты бір бағытта ор-
наласады. Көлденең жазықтық адам бойында оның 
табанына параллель орналасады, адам денесін ЕН 
(жоғарғы) және ІН (төменгі) бөледі. Адам денесін-
де негізгі көлденең жазықтық көк ет (диафрагма) 
арқылы өтеді. Сондықтан адам денесінің диафраг-
мадан жоғары бөлігі ЕН, ал одан төмен бөлігі ІН 
жарты болып келеді. Бұл жағдайда ЕН бөлікке қол, 
кеуде, мойын және бас, ал ІН бөлікке аяқ, бел және 
құрсақ жатады. ЕН бөліктің барлық құрылымда-
рын қосып «қол», ІН бөліктің барлық құрылымда-
рын қосып «аяқ» деп атау қалыптасқан.
Сонымен көкет (диафрагма) арқылы өтетін не-
гізгі көлденең (горизонталь) жазықтық адам де-
несін ЕН (қол) және ІН (аяқ) бөліктерге бөледі. 
Бұл жағдайды ЕН және ІН бөліктерге он екі 
жұп мүшелер бөлінеді, ал ортаңғы жалқы мүше 
бөлінбейді. Себебі бұл мүше қолдан да, аяқтан да 
басталмайды, бұттан басталады. Сондықтан ол 
қол және аяқ мүшеліне жатпайды.
Жер ғаламшарының алты жұп ақпараттары-
ның үш жұбы: суық, жел және ылғал «аяқ шең-
бері» арқылы қабылданса, ал қалған үш жұбы: 
ыстық, жылу және құрғақ «қол шеңбері» арқылы 
қабылданады. Олардың қабылдануына байланы-
сты топқа бөлудің өз заңдығы бар. Біріншіден 
аяқ шеңбері арқылы Жерден адамға ең зиянды 
әсер ететін факторлер өтеді. Олар аяқ шеңберінде 
зиянды әсер күшіне байланысты келесі кезекпен 
орналасады: суық, жәл және ылғал. Екіншіден аяқ 
және қол шеңберлерін құратын жұптар Жердің 
ішкі шеңберінде қатар орналасқан жұптар емес,
арасында басқа бір жұп бар жұптар болып келеді.
Қол және аяқ бөліктері арқылы қабылданатын 
жұп ақпараттар түрлері шеңбер құрып, шеңбер 
ішінде жұптар бейтараптық және басқару қағида-
ларына сәйкес орналасады. Осының нәтижесін-
де ақпараттар түрлерін қабылдайтын «қол» және 
«аяқ» шеңберлері қалыптасады. Шеңберлердің 
ЕН жартысында өз кезектерімен ЕН мүшелердің 
«ақпарат қабылдаушы» блоктары, ал ІН жарты-
сында сәйкес ІН мүшелердің «ақпарат қабылда-
ушы» блоктары орналасады. «Қол» шеңберінде 
ақпарат түрлері келесі кезекте орналасады: ЕН 
ыстық, ЕН жылу, ЕН құрғақ, ІН құрғақ, ІН жылу, 
ІН ыстық. «Аяқ» шеңберінде ақпарат түрлері ке-
лесі кезекте орналасады: ЕН суық, ЕН жел, ЕН 
ылғал, ІН ылғал, ІН жел, ІН суық.
Маңдай (фронталь, латынь frons- маңдай) жа-
зықтық маңдай сүйекке параллель орналасады, 
адам денесін ЕН (сырты, арқа) және ІН (ішкі, кеу-
де-құрсақ) бөлікке бөледі. Сондықтан адам бетінің
қай жаққа қарағанына байланысты маңдай жа-
зықтығы орналасуы өзгеріп отырады. Адам де-
несінде негізгі маңдай жазықтық үлгі түрінде төбе, 
омыртқа бағынасы және өкше арқылы өтеді. Сон-
дықтан адам денесінің төбе және омыртқа бағына-
сының артында орналасқаны ЕН (сырты) бөлігі, ал 
олардың алдына орналасқандары ІН (ішкі) бөлігі 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   237




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет