62
Испанияда қонақүйлердің жіктелуі:
- барлық жұлдызды қонақүйлер;
- қонақүй тектес үйлер, бунгало, апартаменттер –
бастапқы
төрт жұлдызды қонақүйлер;
- пансиондар – үш жұлдызды топ;
- уақытша тұрған аулалар – үш жұлдызды топ.
Қонақүйлер басқа да ерекшеліктеріне байланысты жіктелінеді.
Жекеменшігіне жəне ұйымдастыру басшылығына қарай
қонақүйлер:
а) муниципалды кəсіпорындар;
б) акционерлік қоғамдар;
в) шетелдік капиталдың қатысуымен біріккен кəсіпорындар;
г) ведомстволық қонақүйлер;
д) меншік қонақүйлер;
е) қоғамдық ұйымдардың қонақүйлері.
2. Номерлер қорына байланысты:
а) кіші 150 дейін;
б) орта 150-400 аралығында;
в) үлкен 400 жоғары болып бөлінеді.
Əр мемлекетте орындар саны түрленіп отыруы мүмкін.
3. Функционалды бағыт бойынша:
а) транзиттік қонақүйлер, уақытша
тұрақтанған туристерге
арналған.
б) белгілі бір мақсатқа арналған қонақүйлер, іскер адамдар
үшін қолайлы болып бөлінеді.
4. Номерлердің бағасына байланысты қонақүйлердің жіктелуі:
а) бюджеттік;
б) экономдық;
в) орташа;
г) бірінші дəрежелі;
д) апартаменттік;
е) фешенебельді.
Сонымен қатар қонақүйлер
орналасуына, тамақтандыруына
байланысты бөлінеді.
Қонақүйлер классификациясында ерекше атап өтетін орнала-
су құралдары:
Кемпинг – автотуристерге арналған лагерь, қаланың шет
63
жағасында
орналасады, жазғы үйлер мен палаткалармен
жабдықталған.
Ротель – бір немесе екі орындық жылжымалы қонақүй. Күндіз
туристер қаланың көрікті жерлерімен танысса, түнде пойызда
түнейді.
Ботель – су бетінде тұратын қонақүй.
Флотель – су бетінде қалқып жүретін қонақүй. Туристерге ка-
юта номерлер, келіссөздер жүргізетін бөлмелер, бар немесе рес-
торандарын ұсынады.
Достарыңызбен бөлісу: