Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық


Негізгі жəне қосымша құралдар түрлерінің сипаттамасы



Pdf көрінісі
бет30/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   153
suraganova turizm inf

Негізгі жəне қосымша құралдар түрлерінің сипаттамасы
Туристердің қонақүйдің əр бөлігінде қызмет көруіне болады. 
Туристерді қарсы алу мен шығарып салу, басқа да қызметтер 
қонақүйдің қоғамдық бөлігінде (вестибюльде) ұйымдастырылады. 
Қонақүйдің осы бөлігіндегі негізгі қызмет тіркеу болып табыла-
ды. Бұл жерлердегі персоналдың өзін əртүрлі қызметтері бойын-
ша бөліп қояды. Ал вестибюльдің өзін бірнеше функционалды 
аймақтарға бөледі:
- негізгі кіре беріс аймағы (туристерді қарсы алу);
- туристерді қабылдау аймағы (тіркеу бөлімі);
- қонақтардың демалу аймағы (теледидар, диван орналасқан 
бөлік);
- қосымша қызмет көрсететін аймақ;
- баспалдақ пен лифт.
Аймақтарды дұрыс бөлу өте маңызды болып келеді. Мысалға, 
лифт пен кіре берістің арасын қонақтарды тіркеу бөлмесінен 
алшақ орналастыру керек. Қонақүйде тұрып жатқан адамдар 
оңай кіріп шығуына қолайлы болады.
Қоғамдық бөлмеде тек тіркеу ғана емес, сонымен қатар 
тұрып жатқан туристерді бір номерден екіншіге көшіруді немесе 
уақытын созуды, басқа да қосымша қызметтерді көрсетуге бола-
ды. Мүлікті жалға немесе прокатқа беру, əртүрлі экскурсияларға 
билеттерді сату, көліктерге қызмет көрсету жəне тағы басқалары.
Қоғамдық қызмет көрсету бөлмесінде туристердің көп бо-
луына қарамастан, олардың əрқайсысына жеке көңіл бөлуіміз 
керектігін ұмытпауымыз керек. Осының негізінде турист келесі 
саяхатында осы қонақүйде орналасуды қалауы мүмкін.


64
Ал қонақүйдің жатын бөлігі көптеген номерлерден, кори-
дордан, қызмет көрсетуші персонал бөлмелерінен тұрады. Но-
мерлер орын санымен, бөлмелері жиһаздарымен ерекшеленеді. 
Жиһаздардың орналасуы, көлемі, құрамы номерге байланысты 
болады. Қонақүйдің барлық номерлері оның номерлік қорын 
көрсетеді. Маусымға немесе ғимараттың ескіруіне байланысты 
номерлерді реттеу жұмыстары жүргізіледі.
Қызмет көрсетуші персоналдың бөлмелері тұрғындардың 
қасына жақын орналасуы тиіс, олар өз жұмыс орнына неғұрлым 
жылдам жетулері тиіс. Сонымен қатар, жұмыстың шапшаң түрде 
орындалуын қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет