Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық


Қазақстандағы тамақтану мекемелері туралы статистикалық  мəліметтері 16-суретте көрсетілген.  16-сурет



Pdf көрінісі
бет45/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   153
suraganova turizm inf

87
Қазақстандағы тамақтану мекемелері туралы статистикалық 
мəліметтері 16-суретте көрсетілген. 
16-сурет. Қазақстандағы тамақтану мекемелері туралы статистикалық 
мəліметтер
17-сурет. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық тамақтанулардың саны
18-сурет. Қазақстан Республикасындағы қоғамдық тамақтану 
мекемелерінің көрсететін қызмет көлемі, млн.теңге


88
19-сурет. 2007 жылғы ҚР-ның қоғамдық тамақтану мекемелерінің қызмет 
көрсету көлемі, млн.теңге
20-сурет. 2008 жылғы ҚР-ның қоғамдық тамақтану мекемелерінің қызмет 
көрсету көлемі, млн.теңге


89
Туристік орталықтарда қоғамдық тамақтануды ұйым-
дастыру
Тамақтану – табиғи жəне жалпы жағдайда, əрбір адамның 
күнделікті қажеттілігі. Ол табиғаттан солай қалыптасқан. Ол 
қалыпты жəне ажырамас қажеттіліктерді қанағаттандырудан 
басқа, туризмдегі тамақтану жергілікті мəдениетті тану жəне ойын-
сауықтың маңызды элементі ретінде қарастырылады. Ұлттық 
асхана өзімен танысу жəне қанағат алатын халық мəдениетінің 
маңызды элементінен негізделетін нақты ерекше сипаттары мен 
жергілікті тамақтану азық-түліктерімен ерекшеленеді.
Қоғамдық тамақтану жүйесі əртүрлі кластағы мейрамхана-
лар, барлар, дəмханалар, асханалар, жедел тамақтану пунктері 
мен өзіне-өзі қызмет көрсететін туристік орталықтардағы не-
месе аумақтағы (жергілікті тұрғындардың) келушілердің 
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін пайда болады. Тамақтану 
түрі туристік қызмет көрсетуде тапсырыс құрамында көрсетіледі: 
таңғы ас, жартылай пансион, толық пансион. Жартылай пансион 
(екі рет тамақтану) таңғы ас жəне түскі немесе кешкі ас. Пансион –
үш рет тамақтану (санаторийларда төрт реттік). Қымбат қызмет 
көрсету 
allinclusive түрлерінде тамақтану жəне сусынды (спиртті 
сусындарды қоса) күнімен ішіп жүру, тіпті түнде де, кез келген 
уақытта, кез келген мөлшерде ішуге болады. Көптеген өз дене 
салмағы мен формасын ұстанатын туристер тағам калориясының 
балансына мұқият қарайды. Тағамдардың калорийлігі мəзірде 
көрсетіледі. Тағам құрамы мен тығыздығына байланысты таңғы 
астың бірнеше түрі бар – біршама тапшыдан бастап (нан, джем 
жəне кофе/шай), американдық немесе ағылшындық бірнеше 
рет ауыстырылатын тойып тамақтану. Таңғы астың əркелкілігі 
мемлекеттің дəстүрі мен аумағына байланысты (еуропалық, кон-
тиненталды, ағылшындық, американдық, бермуттық жəне т.б.). 
Қонақтарға қызмет көрсету түрі де маңызды болып табылады 
(швед үстелі, табльдот, аля-карт).
Еуропалық стандарт бойынша таңғы ас қонақүй бағасының 
ішіне кіреді жəне қызмет көрсету технологиясының ажырамас 
бөлігі болып табылады. Жалпы жағдайда турист (əрбір адам) 
таңертеңнен жеңіл тағамды, яғни таңғы асты ішуі тиіс деп 
белгіленген. Сондықтан қонақжайлықтың ажырамас бөлігі болып 


90
табылатын, көбінесе орналастыру бағасының құрамына кіріп жəне 
қонақүй немесе отель сипатында көрсетілетін көптеген қонақүй 
бөліктерінде тамақтану пункті немесе мейрамханалар осындай 
қызметті көрсетеді. Қонақүй ішіндегі мейрамханадағы отыратын 
орын көрсеткіші өте маңызды. Орындар саны қонақүйдің номер-
лер фондымен сəйкес болса дұрыс болар еді, ал практикада он-
дай сирек кездеседі. Бұл көрсеткіш қонақүй класын белгілеуде 
ескеріледі. «Ауысым бойынша» тамақтану өзендік жəне теңіздік 
көліктермен круизде қолданылады. 
Таңғы ас кезінде турист қонақүй маңынан алыс кетпегені 
жөн, алайда қонақүйде орналасқанда тамақтану пунктері қа-
растырылмайтын жағдайлар бар, ал туристерге жақын мей-
рамханаларда тамақтану ұсынылады. Бұл жағдайда орналасу 
қызметінің бағасы азаяды. Мұндай қызмет көрсету нұсқасы 
əркелкілік жағынан туристерді жақын орналасқан мейрамхана-
ларда тамақтану ыңғайлы болуы мүмкін. Өйткені, əдетте, таңғы 
ас күнде біркелкі беріліп, туристік саяхаттың алтыншы күні 
көңілден шықпауы мүмкін.
Əр ұлттың жəне жергілікті тұрғындардың тамақтануы өзіне 
тəн дəстүрімен ерекшеленеді. Қонақты жақсы күтіп алу – əр 
халыққа тəн белгіленген дəстүр. Көптеген туристер үшін ұлттық 
тағам туристік бағдарламаның қызықты элементі болып та-
былады. Гурмандар үшін арнайы турлар ерекше тағамдардың 
пісірілуін үйрену, азық-түлікті дегустациялау, шараптық жəне 
шұжық зауыттарын аралау жəне т.б. ұлттық асхана мейрамха-
наларын жүйелік аралау бар. Бағдарламада пикниктерге шығу 
мен ауылшаруашылық фермаларға бару, онда пикник өткізіп 
еттің аз кездесетін түрлерін жылан еті, түйеқұс еті, аз кездесетін 
балықтардан, т.б. тағамдардан ауыз тигізеді. Ауа-райы ыстық 
мемлекеттерде туристер үшін ас суының үлкен мөлшері алдын 
ала ескеріледі. 
Тамақтану ұйымдары медициналық аспектілерді ескеру 
керек. Дұрыс тамақ тандау немесе дұрыс пісірілмеген тамақ 
улануға əкелуі мүмкін. Əсіресе, далада саудагерлердің қолынан 
ас суын немесе тамақты ішу қауіпті. Діни белгілері бойын-
ша жеке туристердің шектеулерін (шошқа етін жемейтін т.б.), 


91
вегетарианецтердің ерекше талаптарын, балалар тамақтануын 
жалпы қабылданған шарттар бойынша ескеру керек. Мұндай 
ерекшеліктерді туристер турды сатып аларда көрсету керек. 
Тамақтанудағы діни шектеулерді орындау немесе басқа ымыраға 
келу мүмкін болмаған кезде, олар турдан немесе саяхаттан бас 
тартуына болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет