Б. О. Сабатаева туризм инфрақҰрылымы оқулық



Pdf көрінісі
бет42/153
Дата06.03.2024
өлшемі2.79 Mb.
#494605
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   153
suraganova turizm inf

Креслолар мен орындықтар. Мейрамхана креслолары ас ішу 
кезінде ғана емес, сонымен бірге демалу, əңгімелесу кезінде де 
адамға жайлы жағдай жасауы керек. Креслолар орындықтарға 
қарағанда кішкене кеңірек жəне шұңғылдау болып келеді, бірақ 
аса кең болуы, əсіресе төртбұрышты үстелдер қолданылатын 
залдарда, оларды абажадай жəне үнемсіз қылып көрсетеді – өте 


80
кең креслолар үстелдің ұзындығына сəйкес келмеуі мүмкін. Шар-
шы тəрізді үстелдер кең креслоларды қолдануға үлкен мүмкіндік 
береді, себебі креслоның кеңдігі барлық жағдайда үстелдің 
кеңдігінен кішірек болады. 
Мейрамхананың жартылай креслолары кіші габоритті крес-
лолардан ерекшеленеді. Бірақ, жартылай креслолар беретін 
белгілі бір орын үнемдеуіне қарамастан, кей ыңғайлылықтың 
төмендеуінен болғанын естен шығармау керек. Даяшының 
жұмысын қиындатпас үшін, орындық немесе кресло арқашасының 
биіктігі еденнен 90-100 см-ден аспауы тиіс. Үлкен зал алаңдары 
бар мейрамханаларда дивандарды қолданған жөн. Əдетте, мей-
рамханаларда үстелдер мен оларға креслолардың таңдалуы 
интерьердің көркемдік шешіміне байланысты. Ең дұрысы, 
үстелдер мен орындықтардың (креслолардың) негізгі қаңқалары 
(каркас) бідей, өңделген жəне боялған материалдан болуы керек. 
Іс жүзінде мейрамханаларда ағаш үстел (дастарханмен қызмет 
ету) мен оған сəйкес металликалық негіздегі креслоларды жиі 
қолданады. Дастархандар жайылатын үлкен мейрамханалық 
үстелдерге кіші габоритті орындықтарды қою дұрыс болмас, 
себебі олар өте кішкене, ал үстелдер өте үлкен болып көрінеді.
Қосалқы үстелдер тағамдарды жіберуге дайындау үшін қажет; 
олардың үстіне қолданылған ыдыстарды да қояды. Əдетте, олар 
залдағы ас ішетін үстелдер секілді бір материалдан жасалады. 
Мұндай үстелдердің биіктігі ас ішетін үстелдердің ұзындығымен 
сəйкес келуі тиіс, ұзындығы жəне кеңдігі 500*500 немесе 
600*800 мм. Жылжымалы серверлейтін үстелдер тағамдарды ас 
ішетін үстелге апаруға арналған. Олар екі, үш, төрт доңғалақта 
құрамаланады. Металликалық беті алынатын поднос серверлейтін 
үстелдер бар. Серверлейтін үстелдердің электржылытқыштары 
болуы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет