97
Автобуспен туризмнің экскурсиялық түрі
ретінде халықтың
қолжетімді көлігі ретінде үнемі тұрақты дамып отырады. Оның
көлемінің өсуі қазірге дейін анық байқалады. Автобустық
турлардың танымал түрлерінің бірі Еуропа қалаларына экскурсия –
танымдық мақсаттарда 2-3 күндік сапарлар. Танымдылық бойын-
ша 2-ші орында – Еуропа қалаларына
экскурсиялық танымдық
мақсаттарда 1-2 аптаға жалғасатын маршруттық турлар.
Автобустық турларды ұйымдастыру барысында басқа та-
сымалдаушылар сияқты маусымдық өзгерістер маңызды рөл
атқармайды. Автобустық турлар бүкіл
жыл бойында ұйым-
дастырыла береді. Тек қана қаңтар жəне ақпан айларында сұраныс
аз болады.
Мамандардың пікірі бойынша автобустық турлар нары-
ғындағы бəсеке маршруттың əртүрлілігінен жəне
қызмет көрсету
сапасынан көрінеді.
Жеке транспортпен саяхаттау
Туризмнің бұл түрі негізінен сауықтыру (табиғатқа шығу не-
месе демалыс орындарына бару) жəне танымдық (тарихи жəне
мəдени ескерткіштерге бару) мақсатта жүзеге асырылады.
Қонақүй
инфрақұрылымының, əсіресе мотельдердің дамуы
автотуризммен тікелей байланысты. Дамыған мемлекеттерде
жеке көлікпен саяхаттаушы туристер үшін
жолдар бойында ар-
найы кіші отельдер жəне кемпингтер салынған.
Автосаяхаттың дайындалу кезеңі келесілерден тұрады:
- маршрутты жасау;
- қозғалыс тізбегін жасау;
- маршруттық құжаттарды реттеу.
Достарыңызбен бөлісу: