Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы



Pdf көрінісі
бет8/13
Дата13.03.2024
өлшемі1.28 Mb.
#495224
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
хикм адамдық пен мұрать

Қожа Ахмет Ясауи хикметтеріндегі адамдық мұрат пен имандылық негіздері


141
№ 1(142)/2023
ВЕСТНИК Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева. Серия Филология
BULLETIN of L.N. Gumilyov Eurasian National University. PHILOLOGY Series
жайы, қасірет мұңы, шариғат пен тариқат 
мәні («19-хикмет»), Тәубе мен ұжмақ жайы, 
көр азабы мен дозақ оты, намаз бен ораза 
орны («20-хикмет») т.т. ақиқат жолы, адал-
дық пен әділеттілік өлшемі, ар-иман мәні, 
дәстүр мен дүниетаным, татулық пен тұта-
стық, салауаттылық пен сыйластық сырлары, 
тағылымдық-тәлімдік қағидаттары кең орын 
алады. Маңыздысы, Алла ісі, ақиқат жолы, 
адам әлемі, өмір-тұрмыс мәні, дүние дидары, 
уақыт рухы жан-жақты ашылып, көк пен жер 
арасындағы құбылыстардың белгі-ерекшелік-
тері, қырлы-сырлы сипаттары айқындалып, 
тәлімді тұстары жан-жақты айқындалады.
«Хикметтер» жүйесінен адами мұраттар 
мен абзал борыш, қарыз-парыз ісі, жауап-
кершілік жүгі, ізгілік пен мейірім, қарапай-
ымдылық пен қайырымдылық, еңбек пен 
тәртіп, сабыр мен рахым, талап пен төзім, 
ұят-ождан иірімдері кеңінен көрініс береді.
Сөйте тұра, дүниеәуи кезеңдегі пенделік тір-
шіліктің мәнсіз-нәрсіз, тұрлаусыз тұстары, 
нәпсіқұмарлықтың адасуға, азып-тозуға апа-
рар «қысқа жолы», қысқасы өмір тағылы-
мының үлгілі-ғибратты қырлары кең түрде 
қозғалады. Әсіресе, «Өз көркіңе өзің мәз бола 
берме, Өзіңе-өзің сұқтанғаның, сірә жөн бе?»-
деп өмір-дүниенің сыр-сипаттарына ден қоя-
ды («21-хикмет»). Керісінше, Алланы ауызға 
алып, тақуалық жолды ұстанып, тәубеге келу, 
кісілік пен кішілік, келешекті ойлағанның аб-
зал тұстарына назар аударылады. Аз ұйықтап, 
сергек жүрудің – салауатты өмір салтындағы 
орын-үлесі көрсетіледі. Менмендік пен тәкап-
парлықтың – тамұққа бастар «құпиясы» да 
айтылады. «Нәпсі де бір дүз құсындай байқап 
көрсең»-деп адасуға бастар, шайтан құрған 
торға түсер тар жол, қапасты қауіпті қаперге 
салады. Иманды алыстатып, азып-тозар, жат 
әрекет,теріс жолға түсірер, жын кейпіне енер 
қараңғылық жайын алға тартады. Ақиқат жо-
лына батыл бағыттап, дәстүр мен дүниета-
нымға, дін-ділге, өткеннен өнеге, ғибрат алу-
дың мәнін, қыр-сырын ашады.
Ал, ғашықтық ғаламатын әр қырынан сөз 
етіп, жан мен тәнге әсерін, сыр-сезімге қозғау 
салып, көңіл толқынын тербейтін тұстары 
да мәнді бағыт алады. Ғашықтық пен құ-
марлық, мейірім мен шапағат, тұрақтылық 
пен сыйластық сырлары, жалған сүйіспен-
шілік пен нәпсінің адастырар тұрлаусыз 
мәні, сиықсыз сиқы да кең түрде баян етіледі. 
Қияметтің қиындығы, ғайбат айту мен на-
дандықты, нәпсінің жат ірекет, теріс жолға 
түсірер «көлеңкелі жолы» көрсетіледі («22-
25 хикмет»). Сонымен бірге, хақ жолының 
ақиқатқа бастар ұнамды тұстары, жақсы-жа-
манды айырып, ар-иманға ден қойып, Аллаға 
сыйынып, дұға-тілекте болу мәні де тиісінше 
орын алады. Ақиқат жолының әділеттілікке 
бастап, бақыт-қуанышқа бөлейтіні, ар-иман-
ды таразы етіп, ақыл-парасат нұрына, ізгілік 
пен мейірім шуағына, салтанат сарайына ен-
дірер ғажайып-ғаламат мәні мен кең өрісі, сәу-
лелі сәттері алға тартылады. Мұның бәрі-бар-
шасы адам әлемін, өмірі мен еңбегін, дүние 
дидарындағы артық-кем тұстарды байыпты 
бағдарлап, заман мен ортаның, халықтың 
тірлік-тынысын, 
арман-мақсатын, 
мұң-
мұқтажын танып-таразылап, тиісті тұстарда 
– ақиқат жолына, ар-иман мәніне, исламият 
иірімдеріне кең өріс ашады. Ислам дінінің 
қағидат-қасиеті, жәннәт пен жаҺаннам жайы, 
шариғат шарттары да өмір-дүние, тарих-та-
ным, тұрмыс-тіршілік иірімдерімен байла-
ныс-сабақтастықта көрініп отырады. Адами 
мұрат, адамгершілік қағидаттары, дәстүр мен 
дүниетаным, дін-діл мәні, қоғам мен заман 
шындығы, дәуір дидары, жауапкершілік жүгі, 
ар-иман иірімі, еңбек пен зейнет мәні, тарих 
пен таным, отан мен отбасы, тәлім-тәрбие мен 
сыйластық сырлары, өмір тағылымы, уақыт 
өрнектері айқын сипат алады. Демек, ақиқат 
жолы – адам мұратын, адамгершілік құн-
дылықтарын, өмір мәнін, дүние сырын, еңбек 
мерейін, ақыл-парасат нәрін, ар-иман нұрын, 
қанағат-сауап сипаттарын, дәстүр мен дүние-
таным арналарын айқындауда маңызы зор. 
Бірқатар хикметтер мәні мен мазмұнынан, 
табиғаты мен тағылымынан Алла жолы мен 
ісі, ақиқат мәні мен қасиеті, дін мен діл, мағри-
фат пен мінәжат, жүрек ісі, рахым нұры, жан 
мен тән сипаты терең көрініс береді («26-30 
хикмет»), адалдық мәні мен әділет жолы, 
дәуір дидары мен заман шындығы, адам әлемі 
мен еңбек орны, дін-діл мәні, ораза-намаз бен 
ібіліс-шайтан сипаты («35-40 хикмет»), Қағба 
есігі, құран, аят, хадис сипаттары, мұсылман-
Р.С. Тұрысбек


142
№ 1(142)/2023
Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ Хабаршысы. 
Филология
 сериясы 
ISSN: 2616-678Х, eISSN: 2663-1288
дық жолы, ар-иман иірімі, дұға-ниет, тілектер 
тоғысы, шариғат негіздері («45-50 хикмет»), 
әлемнің иесі – Алланың қасиет-құдіреті, он 
сегіз мың ғаламның құпиясы, екі дүниенің сы-
р-сипаттары, жақсылық пен жамандық ара-
сы, мұсылман мен кәпір айырмасы, менмен-
дік пен тәкаппарлықтың көлеңкелі қырлары, 
нәсіп пен нәпсіқұмарлықтың белгі-ерекшелік-
тері, халық пен залымның, пейіш пен до-
зақтың өзіндік өзгешеліктері («55-60 хикмет»), 
«Өмір заңы – дүниеге келмек, өлмек» екені, 
Алла ісі, Хақ дидары, ел-жер, топырақ мәні, 
адамзат пен азамат орны, ақыл-парасат нұры, 
білім-ғылым жүйесі, дін мен діл, жан мен тән, 
жүрек жайы, еңбек рахаты, қанағат пен қай-
ырымдылық, мейірім мен шапағат, сыйла-
стық сырлары, махаббат мерейі, имандылық 
иірімі мен тәлім-тәрбие тағылымы («65-70 
хикмет»), бәрі-баршасы мәнді-нәрлі, жүйелі 
жеткізіледі. Мұның мәні профессор М. Жар-
мұхамедұлы айтқанындай: «Қожа Ахмет Яса-
уи өзінің өлмес мұрасы «Диуани хикметі» 
арқылы алдымен түрік әдебиетіндегі, қала 
берді қазақ әдебиетіндегі дидактикалық си-
паттың кең қанат жайып, өркендеуіне елеулі 
ықпал етті. Мұсылмандық шарттарын сөз 
етіп, сопылықтың дәні – имандылық, адамгер-
шілік, сабырлылық, әділдік, шындық мәсе-
лелерін жырлауда тыңнан жол тауып, жаңа 
бағытқа өріс ашты» [8, 16].
Қ.А. Ясауидің «Хикметтер» мұрасының 
тұтас мазмұны мен асыл өзегінде – ақиқат 
жолы, сопылық идея, халықтық қағидаттар 
мол. Профессор Ә. Дербісәлиев атап көрсет-
кеніндей: «...Қожа Ахмет Иассауи хикметтері 
тақуалық ғұмыр, ғаріп, пақыр, жетімдер-
ге пана болып, қамқорлық жасау, Алла ел-
шісінің жолын ұстау, өмірді босқа өткізбеу 
Һәм Құрани кәрімнің сүре, аяттарындағы 
уағыздар мен Мұхамед пайғамбарымыздың 
қасиетті хадистеріндегі өсиетнамаларды еске 
түсіреді. Сайып келгенде, ұлы ақын бұрыны-
рақ ғұмыр кешкен мұсылман шығысының 
ойпаздары мен даналарының кәміл адам тәр-
биелеу туралы идеясын алға тартады, әрі ол 
софылық тағылым, дәстүрмен сабақтасып жа-
тады» [7, 155].
Ақиқат жолы мен адами мұраттардың 
мәні зор, арна аясы мен өрісі кең. Осы орайда, 
шындыққа жүгінсек: «...Ахмет Йасауи арқа-
сында сопылық ілімнің философиялық жүйе 
ретінде түркі халықтары рухани дүниетаны-
мында шешуші маңызы болды. Егер түркі 
халқы оған дейін Тәңірге сыйынса, енді олар 
Аллаға табынды. Осы арқылы олар Шығыс 
философиясы мен әлемдік діни пәлсапаны 
танып білді» [9, 38]. Мұның мәнісі, Орталық 
Азияда кең тараған софылық Һәм діни-тақу-
алық идеяның басты өкілі Һәм насихатшысы 
Қ.А.Ясауидің негізгі еңбегінен: «Диуани Хик-
маттан» қазақ халқының ертедегі мәдениеті-
не, әдебиетіне, тарихына, этнографиясына, 
экономикасына қатысты бағалы деректер 
табуға болады» [10, 61]. Осы реттен келген-
де, Қ.А. Ясауи дүниетанымы терең, ақындық 
рухы асқақ, ал софылық ағым бағытындағы 
басты туындысы: «Хикметтер» ислам дінінің 
негіздерін халық ұғымына жақын, ақындық 
дәстүрмен ұғындырады. Діни қағидаттарды 
кісілік, имандылық секілді этикалық, эстети-
калық кеңістікке алып шықты» [11, 337]. Нәти-
жесінде, софылық идеяны, тақуалық жолды 
мұрат етті. Өйткені: «Софизм – ойлау тәсілі» 
[12, 139].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет